Таза ауа – жанға дауа
Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз. «Себепсіз салдар жоқ». Олай болса, қала экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші, қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде зиянын тигізеді. Сондай-ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында кез келген қиылыстағы жанаржағар май станцияларының іс-әрекеттері өз алдына. Мысалы қазір жерден “тас алып лақтырсаң“ жанар май станцияларына тиеді. Қала ішіндегі алаңқайларға орналасқан ірі демалыс бақтарының тал теректеріне көптеген зиян келтіріп жатырмыз. Осының өзі экологияның бір қадам ілгері басуына әкеліп соғылды. Жалпы осылай тізбектей берсең көптеген мәселені айтуға болады. Қоғамның көлеңкелі тұстарнын суреттеуге шетімізден шеберміз. Он сын айтып аузыңды ауыртқанша нақты бір іс атқарып, нәтижеге қол жеткізгенге жетпейді ғой. Мұндай жүйелі жұмыстарды басталды және қоршаған ортаны қорғауға тек тиісті орындар ғана емес қаланың«еңкейген қарты мен еңбектеген баласына» дейін ат салысу қажет.
Жалпы, Алматы - адамдардың еркін өмір сүруіне жағдайы мол жер. Экономикалық өмірдің өзгеруі, қалалардың ұлғаюы - дүние жүзілік тенденсия. Сондықтан соңғы кездері қаламыз үлкейіп, көліктер саны өсуде. Мысалы, 90-жылдармен салыстырғанда үш есе көбейген. Осы жағдайларға және қоршаған орта мәселесіне алаңдаушылық танытып Елбасымыз 1998 жылдың қарашы айында қала активтерімен кездесті. Соның негізінде қала әкімі В. Храпунов мырза өзі бас болып Алматы экологиясына байлансты «таза ауа - жанғадауа» деген ұзақ мерзімді бағдарлама жасаған болатын.
Қаладағы 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен басқа да бақылау органдарының өзара кеңесуінен туындаған бұл бағдарламаның мерзімі 2015 жылға дейін жоспарланған, яғни белгіленген мерзім ішінде Алматының экологиялық жағдайы бір ретке келіп қалар деген ойдамыз.
Бұл бағдарламаның негізгі қаланып жеке-жеке бөлімдерге бөлінген. Атап-атапайтуға да болады.
1. Автокөлік мәселесі. Жоғарыда айттым қала көшелеріндегі автокөліктерде бөлінген зиянды заттар, қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде.
2. Қалаға жылу беретін кәсіпорындардан бөлінетін зиянды қалдықтардың алдын алу. Мысалы, Алматы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, сол секілді ГРэс, бұдан басқа 140-тан аса ірілі-ұсақты қазандықтар бар екен. Осылардың жиынтығы, бағдарламаның екінші факторы болып табылады.
3. Қаладағы тұрғын үйлерден, жылу орталықтарынан бөлінетін тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Негізінен қаладан бөлінген күл-қоқыстар Қаскелең бағытына кететін жолдың бойындағы арнайы жерлерге апарып төгіледі. Кейінгі кездері қоқыс таситын көнергеніне байланысты, тағы басқа себептер бар, осы жағынан біраз қиындықтар туындауда.
4. Су мәселесі. Осы күні қала тұрғындары ішіп отырған ауыз суы 120 метр тереңдіктен алынып отыр. Соншама тереңнен алып тұрғанның өзінде ауыз судың құрамында әртүрлі органикалық заттардың бар екені байқалуда. Сол секілді жер асты сумен бірге, жер үсті суының да көптеген шешілмеген түйіндері бар. Бұл бағытта да атқаратын жұмыстар шаш-етектен.
5. Жасыл желек мәселесі. Расында біздің тұрып жатқан аймақтың жер-жағдай, климаты өте керемет десек мақтанғандық емес. Оның үстінде біздің алдымыздағы аға ұрпақтың өз қолдарымен жасап кеткен демалыс орындары өз алдында. Мысалы, «Бауым бағы» Орталық демалыс бағы, 28-панфиловшылар бағы ауаның тазарып тұруына белгілі мөлшерде пайдалы әсерін тигізеді.
Жасыл желек мәселесіне ағаш тұрғызу да кіреді. Ағашта қартаяды, дауылдан құлайтыны бар. Сәт сайын қадағалап, осылардың орнын тотырып отыру керек. Сонымен бірге кейінгі кездері бой көтерген «Ақсай», «Мамыр», «Жетісу» секілді ықшам аудандарын жасыл желекпен қамтамасыз ету, сол маңайларға әдемі демалыс бақтарының бой көтеруіне ықпал ету.
1. Көлітерге арнайы түтін сорғыштар (католизатор) орнату яғни химиялық заттарды бейтараптандырады яғни ұстап қалады. Қаладағы 6 автопарктегі 300-дей «Икарус» автобустарына арнайы аспаптар орнату туралы нұсқау берілмек.
2. Ерекшеқорға алатын аймақтарға автокөліктерді аз жіберу.
3. Қала ішіндегі көліктердің жүру ережесін қайта қарау.
Ал егер жанар-жағар май станцияларының жағдайын айтсақ, қала әкімі бұл жағына да қатты көңіл бөліп отыр. 1998жылдың қазан экология мәселесімен айналысатын кешендік комиссия құрылған. Бұл комиссия сондай-ақ жанар-жағар май сапасымен де айналысады. Қазір қалада 400-ге жуық контейнерлі жанар май станциялары бар. Енді солардың санын ары кеткенде 140-қа дейін қысқартып, дүниежүзілік талапқа сәйкестендірілген “Texaco”, “Chevron”, “Mobil” секілді тұрақты станцияларға айналдыру жөнінде жұмыстар атқарылуда. Талаптағыдай жұмыс істемегені үшін біраз жанармай станциялары жабылды, көпшілігіне ақылы айып төленді.
Қала ауасын табиғи түрде желдетудің жетімдісіздігінен және тұрақты, жылжымалы көздер сананың жылдан-жылға ұлғаюы салдарынан, қоршаған ортаның ластануы аса қауіп төндіруде. Ең бастысы ауаның ластануы адам деп саулығына қатер төндіріп, ауру түрлерін көбейтіп, жағдайда қиындатып отыр. Жылжымалы көздер ауаға таратын зияндызаттардың азаюына қол жеткізілгенімен, экологиялық жағдай онша жақсарған жоқ. Оның үстіне автокөліктердің көбеюі ауаның жақсаруына кері әсер ету сондықтан қоршаған ортаның ластануы жөнінен Алматы республикадағы ең қауіпті қалаға айналып отыр.
Бұл күндері Алматыда 250 мың автокөлік бар. Қалағакеліп кететіндерін қоссақ 320 мыңнан асады. Оған үлкенді кішілі жылу жүйелерінің құбырлары мен өндіріс орындарының мұржаларынан будақтаған қою түтін улы газдар қосыңыз. Алматыда соңғы жылдары жанар майқұю станциялары да көбейіп кетті. Мәселен, бір ғана Алматы мен Қаскелеңнің арасында 40 шақты жанар жағар май құю станциясы бар. Үлкен жолдың бойында немесе тұрғын үйлерден тысырақ, қауіпсіз жерге салынуы тиіс. Мұндай шамалардан ауып мықты, ақшалылар белден алып, кез-келген бос жерге орнатып алатыны екінің біріне аян. Егер бір автокөлік күніне 7-10 текше метрге дейін улы газ шығарады десек, жоғарыда айтқан бензин мен дизель отынымен жүретін 250 мыңдай автокөлік қала арқылы өтетін 70 мыңдай көліктің ауаға қанша тонна улы қоспалар шығарып жатқаны белгілі болар.
Біздің қолда бар деректер бойынша Алматы қаласының ластану деңгей; өзінің шырқау шегінде (ИЗА-13, 1) жеткен. Көбінесе Алматы ауысын ластайтындар: көмірқышқылгазы, көмір оксиді, азоттың оксиді мен түтіншаңдар. Ал тұрақты жылу көздерінің қатарына жататын НПК, ТЭЦ-1 жүйесі 8253 тонна зиянды қалдықтар ауада химиялық реакцияға түсіп, бұрынғыданда қауіпті жаңа қосылыстар түзеді.
Сұлу Алатаудың бауырында жатқан көркем қала шұңқырда орналасқандықтан ауа алмасуы қиын. Оңтүстік астананың ауасының нашарлай түсуіне ең басты техникалық ақаулары бар автокөліктер кінәлі. Ал мамандар автокөліктердің моторларына жанармай толық жана алмағандықтан көмірсу жиелерінің басым бөлігі қара күйеге айналатынын, әсіресе техникалық ақаулы автокөліктерден қара түтін көп бөлініп, қандай түтіндерге өте улы бензапирин деген көмірсутегі болатынын, егер ауа осы затпен ластанса, адамдардың өкпедегі қатерлі ісікпен аурулары жиілейтіні айтады.
Оңтүстікт астанадағы құмырсқадай құжынаған осындай ақаулы автокөліктермен қалай айқасуға болады? Алматы секілді ірі қалаларда метро, травай, троллейбус тәрізді көліктерді пайдаланған аса тиімді болар еді. Алайда он жылдан астам ақтарылып тұрған метро құрылысын айтпағанда, қаланың тиіс жерге орналасуы да троллейбус, трамвайды қаланың барлық аумағына бірдей жүргізіп қалаға мүмкіндік бермей отыр.
Алматы-жасыл қала, оған ешкімнің таласы жоқ. Алайда соңғы жылдары қала ағаштарының көбі қартайып, бұталары қурап жатыр. Жазда бар ағаштың жапырақтары түтін мен күйеге малынып, кірден көз ашпай тұрады. Қалада шамадан тыс көбейіп кеткен авткөліктің түтінін тазартуға олардың шамасы келмейді. Сондықтан қаптаған жанар-жағар май құю шамаларын азайтып, жол көшеттерін отырғызуға көңіл бөлу қажет. Біздіңше бензинмен жүретін көліктерге бақылау реттегіш қондырғылар орнатып барлық көлік түрлерін газбен жүргізу әдісіне көшу керек. Бұл қарулар қаржыны қажет етпек. Бірақ осының бәрі адам денсаулығынан 1,5 миллион тұрғынның тағдырынан қымбат емес. Газ ауаны ластайды және оның 1 текше метрі 17 теңге тұрады. Албір тонна бензин жанған кезде 60 кг сутегі тотығы бөлінеді.
Сол сияқты қаладағы ірілі-ұсақты өндіріс орындарынан жылу құбырларынан, жекеменшік үй мұржаларынан бөлінетін түтіндер де қаланың ауасын одан әрі ластап отыр. Бұл мәселені шешу үшін өндіріс орындары ауаны жақсартудың технологиялық тиімді жолдарын қарастыруы тиіс. Олүшін әртүрлі шаң ұстағыштарды қолдану керек. Улы заттардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі химиялық және физикалық әдістерді пайдалануға болады.
Омарғали Дарын
Халыкаралық Бизнес Университеті