Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тіл табыса білейік
Сабақ тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Сабақ мақсаты:
а) Адамдық қарым - қатынастарды талдай отыра, өзін - өзі тану арқылы адамды түсінуге, сыйластықпен астаса араласу қажеттілігін түсіндіру.
ә) Оқушыларға құрбыларының арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.
б) Адамдарды тазалыққа, сенімге, сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа баули отыра, бір - бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конструктор КТ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Іске асыру жолдары: Көрініс көрсету арқылы ой қорыту.
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы сыйластыққа, бауырмалдылыққа, татулыққа баулу.
Пәнаралық байланысы: Өзін - өзі тану, әдебиет, құқық негіздері.
Көрнекілігі: Мультимедиа аппараты, компьютер, слайдтар, бейнематериалдар.

Ұлы философтардың, ойшылдардың тұжырымдары
1. Мадақтау шарап сияқты көңілді көтереді, бірақ сананы уламайды. (Вольтер).
2. Қателесу әр адамға тән, бірақ ақымақ адам ғана өз қатесін мойындаудан бас тартады. (Цицерон).
3. Көп сөйлегенде ұтылдым, ал үндемегенде – ұттым. (Мао Цзедун).
4. Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір - бірін сыйлауға тиіс. (М. Горький).
5. Ешкімде саған дос емес, ешкімде саған қас емес, бірақ әр адам саған оқытушы. (Орыс мақалы).
6. Өте шыншыл бол, үйренгенді сүйе біл, өлімге дейін берік болып, жақсарған үстіне жақсара түс. Егер елге қауіп төніп тұрса, онда барма, ал бүлік шықса, онда тұрақтап қалма. Егер адамдар дұрыс жолмен жүрсе, әрқашан елдің көз алдында бол, ал жолдары дұрыс болмаса - жасырынып қал. Егер елде дұрыс бағыт болса, жарлы да елеусіз болудан қысыл, ал бағыты дұрыс болса, әйгілі де дәулетті болудан қысыл. (Конфуций)
7. Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық. (Төле би)
8. Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарылқап ас бермес – әке үлгісін көрмесе. (Қорқыт)
9. Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін - өзі сыйламайды ғой. (Марк Твен)
10. Әрқашан шындықты айт, сонда артық ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ. (Марк Твен)
11. Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған - тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар - ожданы таза болады. (Әл – Фараби)
12. Өмір сізге лимон сыйласа, сіз одан лимонад жасауға тырысыңыз.
Өмір сізге ащы дәмін тарттырса, сіз оны тәтті дәмге айналдырыңыз.
13. Адамның ең осал тұсы – шыдамсыздығы, ең мықты артықшылығы – төзімділігі.

Барысы:
Оқытушы: Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ерекшелігі – сабақ барысында оқушылар санасына ой салу.
Оқушыларға құрбыларының арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту. Адамдарды тазалыққа, сенімге, сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа баули отыра, бір - бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ал, ендеше бастайық!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Тіл табыса білейік».
Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады.. Сабақ барысында осы сұраққа жауап іздемекпіз.

Назарларыңызға жағдаят ұсынамыз. Осы оқиғаны талдай отырып, тақырыбымызды өрбітетін боламыз (қойылым)
1 - жағдаят. Математика сабағы үстінде
Материал түсіндірілді. Тапсырма орындалуда бірі тапсырма орындап отырса, бірі – біріне түсіндіріп отыр. Мұғалім түсінбеген оқушыға қайталау үстінде
Маған келіңізші! деп түсінбеген оқушы айқайлайды.
- апай! Қалай шешерімді білмей тұрмын маған келіңізші! – шыдамсыз оқушы қатты айқайлап жібереді.
- шыдай тұр. Қазір Ботаға түсіндірейін саған да кещек жетеді.
- апай! – жарты минуттан кейін оқушы айқайы естіледі.
Жанында отырғандар оның жалғыз еместігін ескертеді.
- сөйлемеңдер маған деп – дүңк етеді оқушы.

2 - жағдаят. Биология сабағында.
Мұғалім сабақ түсіндіріп оқушыларға тапсырманы тақтаға жазып береді. сол сәтте екі оқушы сөйлесіп отырып тапсырманы түсінбей, мұғалімнің
«Тапсырманы орындауға кірісіңдер» дегенде ғана естерін жиып,
«Мен түсінбедім» дейді
- Мен сендерге үш рет түсіндірдім, соңғы рет түсіндіремін тыңдаңдар дейді.
Екі оқушы кешегі демалысты қалай өткізгендерін айту үстінде. Барлығы жұмысқа кіріскенде дәйек салады:
- апай не істеу керек?
Мұғалім:« Енді қайталамаймын. Тапсырма тақтада. Бірнеше рет түсіндірдім. Ал сендер тыңдамадыңдар.»
Оқушы қажеті жоқ мен ештеңе істемеймін.- деген сөзбен партадағы қаламын жерге лақтырып, сабақ соңына дейін ештеңе істемейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама