Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Музыка 6 класс
Сабақтың тақырыбы: Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Өнердегі көркемдік бейне жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Қазақстанда бейнелеу өнерінің басқа өнер түрі портрет жанрымен таныстырып, суретші Г. Ысмайылованың шығармаларымен, жетістіктерімен танысу.
Дамытушылығы: Музыкалық бейнелеудің өнер түрлерімен байланысы арқылы музыкалық сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО технологиясы, топтастыру әдістері, өзін өзі бағалау, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, видео бейнетаспа..
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, информатика, бейнелеу,

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу.
2. Психологиялық тренинг
3. Ой қозғау «Әуенді тап» ойыны
Үнтаспадан вальс темпінде бірнеше әндер тыңдатылады. Соңында «Қазақ вальсі» әнін орындау.
- «Қазақ вальсі» әнінің авторлары кімдер?
- Вальс қандай сөзден шыққан?
- Вальс королі кім?
- Вальсті қай жерлерде билейді?
- Музыка мен бейнелеу несімен байланысты?

ІІ. Мағынаны тану.
1 Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі жайлы әңгімелеу.
Қазіргі заман қыл қалам шеберлері өз заманындағы мемлекеттік қайраткерлер мен халықтың ұлы тұлғаларын портрет жанрында бейнелеуді дәстүрге айналдырған. Бірақ адамның суретін салып жатқанша фотосуретке түсіріп алмай ма деп те ойлайтын боларсың. Әрине, бірде - бір суретші фотосуреттегідей адам бейнесін сала алмайды. Дегенмен фото сурет пен көркемдік суреттің үлкен айырмашылығы бар: фото сурет адам бейнесін дәлме - дәл қайталаса, ал суретші өзінің портреті арқылы адамның жеке тұлғасын, оның ішкі жан дүниесін барынша ашуға тырысады. Портрет адамның өмір
сүрген кезеңі мен жеке тағдыры жайлы әңгіме іспетті.

2. Суретші Г. Ысмаилованың Б. Төлегенова туындысына тоқталу.
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың портретіне назар салайық! Суретші Гүлфайрус Ысмайылова әншінің тек сырт келбетін ғана емес оның рухани болмысын көрсетуге талпынған. Бибігүл Төлегенова әнін аяқтап, әннің сезімінен шыға алмай көз жанарын алысқа тігіп, біріне - бірі айқасқан сұлу да сүйріктей саусақтары мен күлімсіреген ай жүзі сол бойы тынып қалғандай. Әншінің сәнді ұлттық киімімен театр сахнасында тұрған қалпы бейнеленген. Суретшінің қызыл да алтын түсті таңдап алуы тектен - тек емес, яғни суреттің бояуы арқылы әннің көтеріңкі көңіл - күйін көрсеткендей әсер қалдырады. Гүлфайрус Ысмайылова әншінің дауысы мен оның әсем әніне тәнті болғандай! Бұл портретте екі бірдей талант иелерінің басы тоғысқандай – бірі белгілі суретші болса, енді бірі - ұлы әнші. Әрбір әншіде өзінің өмірлік бойтұмарындай болып кеткен сүйіп орындайтын шығармасы болады. Бибігүл Төлегенованың ең сүйікті шығармасына айналған «Гаухар тас» әні. Бибігүл бұл әнді алғаш сахнада орындағанда тыңдаушы халықтың әнге деген ықыласы мен әншіге еткен қошеметі аса зор болды. Бибігүл шырқаған әндегі сұлу қыздың бейнесі мыңдаған көрерменнің көз алдында тұрғандай ғажайып әсер қалдырды. Содан бастап, «Гаухар тас» әні бұлбұл дауыс әнші Бибігүл Төлегенованың өміріндегі музыкалық бейнесін жасаған басты әнге айналады.
Ән тыңдайық:
Бибігүл Төлегенованың орындауында халық әні «Гауһар тас». Әнге талдау жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама