Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика
Тақырыбы: Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.
Мақсаттары:
а) білімділігі: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.
ә) дамытушылығы: Уақытты бағдарлай білу қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелігі: зейіндерін, байқағыштықтарын, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Баланың күн режимі суреті
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету.

Ұйымдастырушылық - оятушылық
Балалардың назарын сабаққа аудару.
«Қайырлы күн!»жаттығуы арқылы психологиялық дайындық.
«Кідірмей, жылдам жауап бер» ойыны
- Жылдың қай мезгілі?
- Тәуліктің қандай бөлігі?
- Бір қолымызда неше саусақ бар?
- Аспанда қанша күн бар?
- Иттің неше көзі бар?
Аспанда қанша жұлдыз бар?
Бұл сабақ "Күн режимі" тақырыбына арналған әңгімеден басталады. Баланың бір тәулік бойына жасайтын іс - әрекеті әңгімеленеді. Іс - әрекет алгоритмін түзу, уақытпен санасу, оны үнемдеу, ұқыпты пайдаланудың пайдасы, уақыт өлшеуіші — тәулік туралы мағлұматтар беріледі. Күн режимін әңгімелеуде: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары пайдаланылады.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік.
Тапқышбек тапсырмасында ағаштардың көлеңкесіне қарай қай мезгіл екендігі ажыратылады. Уақыт өлшеуіштерін білдіретін басқа да суреттер салдыруға болады. Сабақта уақыт өлшеуіші — тәулікпен, бір тәулік ішіндегі: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары - мен, бір тәуліктегі баланың іс - әрекетінің ретімен таныстыру. Тәулік, сағат, апта, ай, жыл жайлы мағлұматтар беріліп, дүние танымын кеңейту, уақытты ұқыпты, үнемдеп пайдалануға үйрету көзделеді.
Уақыт өлшеуіштері: "Күз, қыс, көктем, жаз. Не өзгереді?" сұрағына жауап беру. Ай аттарын үйрету. Әр жыл мезгілінде үш ай болатыны айтылады. Жыл мезгілдерінің ұлттық дүниетаныммен байланысы, адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ — көктем, ортаңғы саусақ — жаз, аты жоқ саусақ — күз, шынашақ — қыс. Әр саусақтың үш буыны — үш ай. Аптада жеті күн бар, апта күндерімен таныстыру.
Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама