Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тәулік, апта, ай
Сабақтың тақырыбы: Тәулік, апта, ай.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Уақыт бірліктерімен және олардың ара қатынасымен таныстыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыруға машықтандыру,
сағатпен, минутпен өрнектеп жазуға үйрету;
Дамытушылығы: Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есептеуге баулу, танымдық, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелігі: Пәнге деген сүйіспеншілігін оятуға, табиғатты қорғауға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, өлең, есеп шешу, түсіндіру, ізденушілік.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, кестелер

I Ұйымдастыру бөлімі
а/ Психологиялық дайындық.
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар
Бірінші ұлы дүйсенбі
Екінші ұлы сейсенбі
Үшінші ұлы сәрсенбі
Төртінші ұлы бейсенбі
Бесінші ұлы жұма
Алтыншы ұлы сенбі
Жетінші ұлы жексенбі

II Өткенді пысықтау
- Балалар Апта атайдың ұлдары біздерге хат жіберіпті. Хатында біздің математикадан білімімізді байқау мақсатында өзінің тапсырмалары бар екен.
60 мин = сағ
мин=2 сағ
көрсетіп тұр?

III Жаңа сабақ
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгілдің айларын атайықшы.
Жыл мезгілдері
- Әр мезгілдің ерекшеліктерін айтайық

№2
- Апта күндерінің атауларын есіңе түсір.
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Бір айда неше күн бар?
- Бір айда 30 немесе 31 күн бар.
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір жылда 12 ай бар.
№3Күнтізбе бойынша анықта:
Бір жылда неше күн бар? / 365 немесе 366 күн /
Қараша айы аптаның қай күнінде басталады? /сәрсенбі /
8 қараша аптаның қай күніне келеді? /сәрсенбі /
23 қараша аптаның қай күні? /бейсенбі /
Қай күнге белгі қойылған? /15 қараша /
Мектептегі пәндік олипиада 19 қарашада басталып, 25 қарашада аяқталды. Олимпиада неше күнге созылды? /7күн/
Сергіту сәті
Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік ағаштан,
Сенбі күні кино көрдік театрдан,
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.

№4. Туристер пойызбен 1тәулік, автобуспен 5 сағат жүрді.
Туристер жолда барлығы неше сағат болды? /29 сағат/

№5. 20 қарашада, дүйсенбіде, күн ашық және құрғақ болады. 7 күннен кейін қар жауады. Қар қай күні жауды? Қар түскен кез аптаның қай күні еді?
/27 қараша, дүйсенбі/

№6. Есепті шығар. Олардың айырмашылығы неде екенін түсіндір:
а) Акт залын безендіру үшін Алмас 17 жасыл жалау қиды, бұл көк жалауға қарағанда 7 - уі артық. Алмас барлығы неше жалау қиды?
Жасыл жалау – 17
Көк жалау -?
7 а
? жалау
Шешуі: (17 - 7)+17=27
Жауабы: Алмас 27 жалау қиды.

ә) Акт залын безендіру үшін Алмас 17 жасыл жалау одан 7 - уі кем көк жалау қиды. Алмас барлығы неше жалау қиды?
Жасыл жалау – 17
Көк жалау -? 7 к? жалау
Шешуі: 17+ (17 - 7) =27
Жауабы: Алмас 27 жалау қиды.

IV. Сабақты бекіту, бағалау
- Балалар Апта атайдың балалары сіздер туралы білгісі келеді екен.
Олай болса атайға өз туған күніміз бен туған жылымыз туралы айтып берейікші. Мысалы: Мирасыл 2004 жылы қазанның 16 - сы күні дүниеге келді.
16 қазан аптаның қай күніне келеді екен? Күнтізбеден табайық.
Апта атайдың балалары сабаққа белсене қатысқан балаларға арнаған өздерінің сыйлықтарын үлестіреді.

V Үйге тапсырма беру.
№7 Тиісті жерге жақша қойып, өрнектерді жазу.
Тәулік, апта, ай. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама