Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үйректердің Х-11 кросының ерекшеліктері

Рустенов Амангельды Рустенович – а.ш.ғ. докторы, профессор
Қожамұратова Жанерке Ерболатқызы – биология мамандығының 1-курс магистранты
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.

Елімізде нарықтық экономика дамуына септігін тигізетіндердің бірі құс шаруашылығы. Құс (тауық, үйрек) шаруашылықтары ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұсынуға мүмкіндік береді. Үйректер кез-келген басқа түрлерге қарағанда ерекше нәзік дәмі бар сапалы ет береді, олар адам ағзасына оңай сіңіріледі және үйрек еттерінде 25-30-дан астам микроэлементтердің түрлері кездеседі, сондықтан да олар жоғары диеталық тағам болып саналады. Үйрек балапандары тез өседі, олар 55-60 күнде шамамен 2,5 кг салмаққа жетеді, ал кейбір тұқымдардың аналықтары 150-180 дана жұмыртқа бере алады. [1]

X-11 үйректері кросс. (1-сурет) Бұл құстар Ресей Федерациясында өсірілді. Х-11 кросс алу үшін Черри-Велли үйректерін пайдаланады. Шын мәнінде, бұл бір тұқым, тек «өздігінен» ұзақ іріктеу процесінен өтеді. Сыртқы қасиеттері бойынша X-11 кросс іс жүзінде оның арғы тегінен ерекшеленбейді. Х-11 кросс үйректері өнімді. Орташа жұмыртқалауы - жылына 120 жұмыртқа.

https://mrhvost.com/wp-content/uploads/d/a/a/daa7b363c846628539e51381b83da958.jpg

1-сурет. Х-11 үйректері

Үйде өсіру үшін үйректерді таңдағанда, Черри Велли тұқымдасына ерекше назар аударуыңыз керек. Бұл құстар жұмыртқаны көп өндірумен ерекшеленеді және көптеген қоректік, дәмді ет береді. Черри Велли үйректер Англияда өткен ғасырдың соңында Пекин тұқымының негізінде өсірілді. Бұл түр фермерлер арасында жағымды қасиеттерінің көптігіне байланысты үлкен сұранысқа ие. Черри Велли үйрегі сыртынан Пекин үйрегіне ұқсайды. (2-сурет) [2]

https://vladimir.meatinfo.ru/data/tradeboard/412949/tradeboardWPFLtr_img.jpg

2-сурет. Черри-Велли үйрегі

Аналықтарының массасы 3,4-3,7 кг, аталықтарының массасы 4 кг-ға дейін жетеді. Олардың денесі ұзынша, кеудесі кең. Аяқтары қалың, қызыл немесе сарғыш түсті, құйрығына жақын орналасқан. Ересектерінде үлкен май қабаты бар, бұлшықеттер біркелкі дамымаған. Мойыны жуан, бас мөлшері орташа. Маңдайы дөңес. Көздер қара көк. Тұмсығы қисық, сары-сарғыш түсті. Сырт келбеті ақ түсті. [3]
Селекционерлер екі тұқым тармағын ажыратады. Олар аналық және аталық тармақтары. Аналық тармағы жоғары жұмыртқалаушылық деңгейімен, ал аталық тармағы дене массасының тез жиналуымен ерекшеленеді. [4]
Черри-Велли үйректері дамып, тез өсуі үшін тамақ рационының тұрақты балансын сақтау керек. Бұл тұқымның тармақтарын әр түрлі қоректендіреді. Құрама жемді, құрғақ астық дақылдарының қоспаларын, витаминдерді түйіршіктелген көкөністермен, аскөкпен қолдануға болады. Тамақты күніне  2-3 рет береді. Егер үйрек күндіз далаға шығып серуендесе, онда тек таңертең және кеште 2 рет тамақтандыру керек, бірақ күндіз серуендемесе, міндетті түрде күніне 3 рет тамақтандандыру керек. [5] [6]
Үйрек балапандары дамыған иммунитет арқасында тез өседі және көп ауырмайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша екі үлкен құс шаруашылықтары «Орал құс» және кейбір жеке құс  фермалары жұмыртқа және құс етімен тұрғындардың 65%-ын қамти алады. Облыстың сулы аймақтарында үйректерді өсіріп, олардан ет өндіруді алға қоя  бастады. И. Степанченко және А.А.Сенниковтар үйректерді дене салмағына, жұмыртқа беруіне байланысты екі топқа бөледі: етті бағытылы  және жұмыртқа беруші тұқымдықтар.

Реймер В.А. және Алексеева 3.Н, Кочиш И зерттеулері бойынша үйде өсіруге арналған үйрек тұқымдары кросстармен ауыстырыла басталды. Ал B.А. Реймер және 3.Н. Алексеева зерттеулері бойынша пекин тұқымды үйректер көптеген елде тарағандар, олар сапалы ет өнімділігімен  ерекшеленеді.

Елімізде Д. К. Ахметжанов және Т. Х Бухарбаев, Д. А. Ковинько көрсетулерінше елімізде үйректерді жазғы лагерлерде өсіру арқылы семірте ет алу технологиясы жеке шаруашылықтарда еніп келеді. Сондықтан мақаладағы қозғалған мәселелер диссертациялық зерттеудің бағытын анықтауға негіз болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. ҚР Президеттінің халыққа жолдауы: Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезең. 2020 ж. 01.10.
2. Қазақстаның ет өндірісін дамыту бағдарламасы egemen.kz:  https://egemen.kz/article/240979-qazaqstanda-kunine-800-tonnadan-astam-qus-eti-ondiriledi
3. Абзалов А.Б. Утка – птица выгодная /А.Б. Абзалов// Фрунзе: Кыргызстан, 1974. – 256 с.
4. Ахметжатов Д.К. Технологические приемы выращивания мускусных утят: автореферат дисс. канд. с.−х. наук /Д.К. Ахметжатов. – Алма-Ата. − 1991. − С. 21.
5. Бухарбаев Т.Х. Выращивание утят на мясо /Т.Х. Бухарбаев, Д.А. Ковинько// Новое в строительстве, механизации и технологии производства мяса уток на промышленной основе. Алма-Ата. − 1974. − С. – 305.
6. Рустенов А.Р. Өнеркәсіп негізінде құс өсіру технологиясы. Зооинженердің анықтамалығы.  Алматы, 1984. 162-187 б.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама