- 13 мам. 2021 00:00
- 223
Вакцина салдыру қажет пе?
Екпе вирусты жеңуде қаншалықты тиімді? Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ-осы. Қауіпті індет пайда болған бері әлем ғалымдары вакцина ойлап табуға кірісті. Солай дүниежүзінде коронавирусқа қарсы 200-ден аса вакцина әзірленді. Соның ішінде, Қазақстандық QazCovid вакцинасы да бар.
Бүгінгі күнге дейін 1 млн 700 мың қазақстандық вакцина салдырғаны мәлім болды. Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады.
Отандық екпені қазір – ДДҰ-ның озық екпелер тізіміндегі үшінші зерттеу кезеңіне өткен аз вакциналардың бірі және 14-ші болып тіркелген екпе екенін айту керек. Клиникалық зерттеуге дейінгі кезеңде вакцина 500-ден астам жануарға салып, сыналған. Оның сыналған. Оның 370-і аталған институт базасындағы жануарлар.
Балаларға індетке қарсы вакцина салдыруға болама?
"Спутник V" вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, сәйкесінше оны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады.
Неге екпе жасатудан бас тартады?
Жыл сайын республика бойынша ресми түрде тіркелген діни конверенцияларында екпе жасатуға тыйым салынбағандығына қарамастан, балаларына екпе жасатудан бас тартатын ата-ана саны әзіресе көптеген жағдайда діни нанымы бойынша, көбейіп бара жатыр. Қол жеткізген жетістіктерге байланысты, қаншалықты инвекциялар ауыр өтетіндігін, кейбір тұлғалар ұмыта бастады. БАҚ-та және интернетте вакцинадан кейін шыққан асқынулар жайлы жағымсыз ақпарат көбейіп кетті. Мұндай ақпараттың іс-жүзінде ешқандай дәлелдемелер жоқ.
Ұжымдық иммунитет дегеніміз не?
Ұжымдық иммунитет – бұл вакцинацияның шекті деңгейіне жетіп, халықтың көп бөлігі белгілі бір вирустан қорғалуы. Коронвирустық инфекциядан ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін вакцинациямен қамту елдің ересек халқының кемінде 60-70 пайызын құрауы тиіс. Бұл қоғамдағы вирустың жұғу қаупін азайтады және вакцинацияланбайтын осал топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. COVID-19 жұқтырған адамдардың бір бөлігіндегі ауру жеңіл немесе орташа түрде өтетінін әрдайым есте ұстаған жөн, ал кейбіреулері ешқандай ауру белгілерін сезінбеуі мүмкін, бірақ тыныс алуы қиындаған науқастар станционарлық емге жылдам жүгінуі тиіс.
Әліпбай Айдана