Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көркем сырлы Мағжан лирикасы

Жетсе егер қорқынышты қара түнім,
Басса дерт, әлім құрып, шықпай үнім
Көңіл ашар кеудеме жан кіргізер
Өлең менің - Шолпаным, Айым, Күнім!

Мағжан Жұмабаев

Халқымыздың от – жалынды, зор талантты ақындарының бірі - Мағжан Жұмабаев. Жаңа заман рухы бойын билеген Мағжанның алғашқы өлеңдері Уфадағы қабырға газеттерінде, қолжазба журналдарда, жарияланып жұртшылық назарын аудартады. 1912 жылы Қазанда «Шолпан» атты өлеңдер жинағы шыққанда Мағжан не бары он сегіз - он тоғыз жаста болатын. Мағжанның қаламгерлік сапары бас - аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді,  он жыл абақтыда, лагерьде, қуғын - сүргінде өтіп, ақыры 1938 жылы ату жазасына кесілді. Ақын шыққан аса биік эстетикалық тұғырдың бірі - пейзаж лирикасы. Халық әдебиетінен, Абай дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты үлгілерді дамыта келе, Мағжан табиғат керіністерін бейнелеуде поэзиясындағы классикалық тәжірибелерге ден қоя отырып, жаңа көркемдік игіліктер жасады. Ақынның суреткерлік дарынын көрсететін өлеңдерінің бірі «Толқын» өлеңі. Толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Қандай қозғалыс. қандай әркет жатыр ?! Астарлы ой, идея, емеурін сарыны бар. 1923 жылы кітаптағы лирикасын ойлана зерттегенде, әрбір өлеңнің берілу тәртібінде зор мағына бар екенін аңғарасың. Өлеңдерінің демі сурет, ыстық сезімге толы бір легі махаббат туралы. Жинақтағы ғашықтық жырлар «Ральбо мында» деген өлеңнен басталады. Альбомға жазу формасы да еуропалық үлгі. Бұдан кейін «Көңілде қайғы қалдырмас», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», »Көңілді ашар», «Шолпан», «Гүлсімге», «Сен сұлу» өлендері берілген. Бәрі де төгіліп тұрған махаббат лирикасы. Халық аузында жат талып қалған әйгілі өлеңдер. Оқыған сайын тереңіне тарта берер жырлар. Сол заманның қалыңмал кеселі, әйел теңсіздігі тақырыбының қазақ әдебиетінде таптаурын болған көркемдік шешіміне Мағжан бірде - екілі шығармаларында гана ден қояды. Бұл орайда, жаңадан тың жол салынып, негізінен, еуропалық, орыс пирикасындағы бай эстетикалық тәжірибелер, ізденістер арна сына түскен. Қанатты ақын лирикасындағы қыз, әйел, кай жағынан алғанда да, жігіт, еркекпен тең, иықтас, деңгейлес Ғашықтық сезімнің сан алуан толқындары Мағжан өлеңдерінде жеке адамдардың тұтас тағдыры, көзден - жас, жүректен- қан, тіл ден - у ағызған сырлар болып төгіледі. Еріксіздік азабы, түрме тауқыметіне арналған шығармалар шоғыры «Сағындым» өлеңінен басталады да, «Жел», «Тілегім", «Тұтқын», «Айға» туындыларымен тұтас топтаманы құрайды. Мағжанның «Жан сөзі» деген өлеңінде өзінің кайгы қасіретке толы өмірі, келешек ұрпақпен ашық тілдескен. Бұл қазақ поэзиясында кейін Қасымның «Өзім туралы» Мұқағалидың «Жан азасы» шығармаларына ұласатын терең трагедиялық арна,  ұлы сарын деп білемін. Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орысәдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендiр ген бірден - бір адам - Мағжан. М. Әуезов Мағжанды Абаймен қатар атап, сөзі болашаққа жететін ең үздік, заманынан озған жүйрік ақын санайды.

Мағжан пирикасының қыр-сыры өте көп. Мағжан қашан да алаштың алдаспаны болып, өлмес махаббатты, заманның қажет мәселелерін көркем кестелеген, сұлу сазды, өрнекті, мөлдір лириканың хас шебері боп қала бермек!

Сандуғаш Бектурова


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама