Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Заманауи мәдениеттігі қазақстандық кино

Жалпы, заманға қарамай үнемі қозғалыста, үнемі дамуда болатын индустрия салаларының бірі - кино саласы. Бәрімізге де ұнайтын, жақсы көретін әрбіріміздің белгілі бір кинотуындымыз бар. Кинотуынды жалпы менің түсінігім бойынша не? Менің түсінігім бойынша ол дегеніміз түрлі, сан алуан эмоция сылайтын кинокартина. Жалпы ұандай кинокритериялар бойынша киноның сапалы екенін аңғаруға болады: меніңше

- сапасы яғни аппаратура, жабдықтар
- киноның Сюжеті
- кино кейіпкерлері және кино актерлары

Кейбіреулерге киноны түсірген режиссер, продюсер тіпті сценарий жазатын адамның кім және қандай адам екенін білу өте маңызды.
Біз барлығымыз жалпы голливудтық кинокартинкаларды көріп өскен жастармыз, бірақ мен үшін дал қазіргі сәттерде өзіміздің отандық өніміміз бірінші орында тұр, сол үшін де маған қазақстандық киноиндустрияның дамуы өте маңызды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда кино өндірісі саласында жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы секілді екі үлкен кинокомпания, сондай-ақ анимациямен, толықметражды, қысқаметражды және тағы да басқа фильмдер өндірісімен айналысатын 300-ге жуық жеке компания жұмыс істейді. Алайда пандемия кезінде бүкіл әлем киносы секілді отандық киномыз да күрделі кезеңді өткерді. Фильм түсіру, кинопрокат процестері қиындыққа тап болды. Әсіресе карантин кезінде жұмысын тоқтатқан кинотеатрлардың шығыны бірнеше есе өсіп кеткені белгілі.

Соңғы жылдары белгілі тұлғалар, тарихи оқиғалар туралы фильмдер түсіру үрдісінің қарқынды екені байқалады. Томирис, Жәнібек хан, Керей хан, Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Бекзат Саттарханов туралы фильмдердің экранға шығуы соның дәлелі. Соңғы бір жылда Болат Қалымбетовтің «Мұқағали», Қанағат Мұстафинннің «Қажымұқан» фильмдері түсірілді. Мұқағали Мақатаев, Қажымұқан Мұңайтпасовтардың да экрандық бейнесі бұған дейін деректі, телевизиялық фильмдерде кездескенімен, көркемсуретті кинода болмағаны белгілі. Сондықтан мұндай фильмдердің түсірілуінің маңызы зор.

Соңғы екі-үш жылда «Уақыт жолдары» (реж. Е. Нұрмұхамбетов), «Қап-қара адам» (реж. Ә. Ержанов), «Әлемнің мейірлі енжарлығы» (реж. Ә. Ержанов), «Тұлғалық өсу тренингі» (реж. Ф. Шәріпов), «Марьям» (реж. Ш. Оразбаева) секілді авторлық фильмдер дүниеге келді. Биыл Әділхан Ержановтың «Адемоктың оқуы», Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмдері түсірілді. Екі фильмнің де өндірісі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы қаржыландырылды. Жалпы, қазіргі уақытта Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы тек тарихи, патриоттық және имидждік фильмдерді ғана емес, сондай-ақ жастар киносын, дебюттік, анимациялық фильмдерді де қаржыландыруға назар аударылуда.

Қазіргі таңдағы ең бір өзекті мәселелердің бірі – балаларға арналған қазақ тіліндегі анимациялық, көркемсуретті фильмдердің аздығы болып отыр. Осы бағытқа мүмкіндігінше мән берілуі керек деп ойлаймын. Мәселен, 2019 жылы 60-тан астам көркемсуретті фильм түсірілді. Соның ішінде балаларға арналған, қазақ тілінде түсірілген «Каникулы оффлайн 1, 2» атты екі фильм ғана экранға шықты. Қазақ тіліндегі анимациялық фильмдердің жиі түсірілуіне де аса назар аударуымыз керек. Өйткені қазіргі ұрпақ – қаласақ та, қаламасақ та, кітаптан гөрі, экранға үңілген ұрпақ екенін біліп отырмыз. Тілі де, жаны да қазақ қаншама отбасында өсіп келе жатқан балалардың ана тілінде емес, өзге тілде сөйлейтіндеріне куә болып жүрміз. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту саясатын жүргізуде анимациялық және балаларға арналған фильмдердің маңызы өте зор.

Жалпы тіл мәселесі қазір киномызда тым өзекті мәселеге айналып барады. Мәселен, өткен жылғы ақпан айының соңы мен наурыз айының басында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы питчинг өткізді. Сол питчингке қатысқан 88 жобаның ең көп дегенде жеті-сегізі ғана қазақ тілінде қорғалды. Және авторлардың көпшілігі өздерінің болашақ фильмдері туралы стилі анаған, формасы мынаған, мазмұны, кейіпкері анаған ұқсайды деп белгілі шетелдік фильмдерді атап жатты. Сценарий орыс тілінде жазылса, стилі, формасы, т. б. шетелдік дүниелерге «мойын бұрып» тұрса, қандай фильм шығатыны түсінікті ғой (әрине егер өндіріске жіберілсе). Өзге мәдениеттің кодымен «сөйлейтін» (тіпті шебер «сөйлесе» де) фильмдерді көргенде үнемі әрі-сәрі күйде болатынымыздың себебі де сонда ғой. Кейіпкерінің аты, түрі қазаққа келеді, бірақ қазақтың өзі жоқ.

Кино өнері бұл тек фильмдер өндірісі емес, сонымен бірге оның насихаты да. Қазақ киносының насихаты өте қажет екеніне жиі көзіміз жетіп жүр. Уақыт өткен сайын кино операторлары мен сценаристерін, суретшілерін айтпаған күннің өзінде, Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов секілді классик режиссерлерімізбен Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин, Кәукен Кенжетаев секілді көптеген дарынды актерлеріміз туралы естімеген де, танымайтын да ұрпақ өсіп келеді. Өкінішке қарай, олар тек заманауи экраннан жиі көрінетін өнер иелері (әншілер, коммерциялық фильмдер актерлері, әзіл-сықақ театрларының актерлері, т. б. ) мен фильмдерді (көбіне коммерциялық фильмдер) ғана біледі. Яғни бүгінгі жас ұрпақ қазақ киносының тарихынан хабарсыз. Себеп – насихаты жеткілікті емес.

Бізде соңғы отыз жылда қазақ киносы туралы шыққан кітаптың жалпы саны – 20-дан аспайды. Оның ішінде 7-8-і ғана мемлекеттің қолдауымен шықты. Қалғандары жеке демеушілердің, түрлі шетелдік, отандық қорлардың, біразы авторлардың өздерінің жеке қаражатына шықты. Ал қазақ тіліндегі әдебиеттің саны саусақпен санарлықтай ғана, бар болғаны – 7-8 кітап. Осы бар әдебиеттің өзімен де оқырман аса таныс емес. Жоғарыда айтылған 20 шақты кітаптың кейбірі ғана еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі қалаларының кітапханаларының қорында (онда да барлығында емес) болғанымен, ауылдар, аудандар мен облыстар кітапханаларынан мүлдем табылмайды. Кино өнерінің белгілі шеберлерінің (сценаристер, режиссерлер, операторлар, актерлер, суретшілер т. б. ) өмірі мен шығармашылығы туралы насихат тым мардымсыз. Мұндай әдебиеттің саны бар болғаны 3-4-тен аспайды. Сондықтан қазақ киносының насихаты, зерттелуі фильм өндірісімен қатар дамуы керек. Мұны бір-бірінен бөліп-жармағанымыз дұрыс.

Жагипарова Ляйля студент 4 курса Культурология
Научный руководитель: Омирбекова А. О 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама