Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 02 нау. 2026 03:00
- 21
«5 жыл күткен арман орындалды»: Еркебұлан Тоқтар інісіне баспана сыйлады
Танымал актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар туған інісіне ерекше сый жасады. Бұл қуанышты сәтті актер бес жыл бойы асыға күткенін айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Інісінің арманы орындалды
Еркебұлан Тоқтар өзіне материалдық жағынан қатты көмектескен інісіне пәтер кілтін табыстады. Актердің айтуынша, бұл сәтті ол 5 жыл бойы армандап келген.
«Мен ініме 5 жыл бұрын, құмар ойындарына ақша тігіп, қарызға батқан кезімде бардым. Ол кезде ағамның жағдайы да мәз емес еді. Бірақ ол мені қолдап, несие алып берді. Сол кездегі көмегінің арқасында мен аяққа тұрып, қарыздарымды өтедім. Сондықтан інім мен үшін ерекше жан. Оның орны бөлек. Бар ақшамды жинап, оған 2 бөлмелі пәтер алдым. Оның екі баласы бар, әке-шешеммен бірге тұрады. Үш жерде жұмыс істесе де, пәтер ала алмай жүрген еді», - деп жазды актер.
Аллаға шүкіршілік
Еркебұлан Тоқтар бұл сыйды өзінің ақшасына емес, Алланың берген несібесі деп санайтынын жеткізді. «Мен мұны өзім беріп жатырмын деп ойламаймын. Алла тағала мен арқылы беріп жатыр. Осы күнді 5 жыл армандадым. Аллаға шүкір бүгін жеттім», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары актердің бұл игі ісіне ризашылықтарын білдіріп, оны «нағыз аға», «еркексің» деп құттықтады. «Жылап отырмыз. Жарайсың, Еркебұлан», «Берекелі болсын», «Құтты болсын», «Ағасы бардың жағасы бар» деген пікірлер қалдырды.
-
Қазақстандық салық органдары енді нотариустар арқылы азаматтардың мүліктік мәмілелері, қарыздары мен мұрагерлік туралы ақпаратты автоматты түрде алады. Бұл өзгерістердің маңызы неде?