Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 02 нау. 2026 13:00
- 23
"Өмірдің өзені ағып жатыр..." – Тоқтар Серіков жастық шағын сағынышпен еске алды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында жастық шағындағы естелік суретін бөлісті. Өнер иесі бұл сурет арқылы өткен күндерді сағынышпен еске алды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жастық шақ сағынышы
Әнші Instagram желісіндегі парақшасында: "Қайран жастық шақ-ай… Алдымызда не күтіп тұрғанын білмей, алаңсыз шапқылап жүрген кездер. Бүгін сол сәттер сағынышқа айналды. Қартайып тұрған жоқпыз ғой, дегенмен қайта оралмайтын уақыт қой. Өкініштісі – сол ғана", – деп жазды.
Жарияланған суретте Тоқтар Серіковтің жас кезіндегі бейнесі көрінеді. Ол кездегі танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та суретте бірге түскен.
Тоқтар Серіков туралы
Тоқтар Кәдірұлы Серіков 1976 жылы 7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келген. Ол – белгілі әнші, актер, домбырашы. Лирикалық әндерімен қазақ эстрадасында өзіндік орнын қалыптастырған өнерпаз.
Әнші бұған дейін "Хабар" арнасындағы "КешRec" бағдарламасында жұбайы Бейбіт Сейдуәлиевамен қалай танысқанын да айтып берген болатын. Ол кездесуге ерекше сыйлық – алма әкеліп, жүрегін жаулағанын әзілмен еске алды.