ihsan-kz-images-bucket.object.pscloud.io
- 20 ақп. 2026 05:00
- 23
Құран бағыштауды үйреніңіз: «Фатиха» және «Ықылас» сүрелерінің үлгісі
Құран Кәрімді оқып, оның сауабын марқұмдарға бағыштау – мұсылмандар арасында кең таралған ізгі амал. Бұл әдеттің діни негізі бар және оны қалай дұрыс атқару керектігін білу маңызды. Әсіресе, «Фатиха» және «Ықылас» сүрелерін оқып, сауабын бағыштаудың өзіндік үлгісі бар.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Фатиха» сүресін бағыштау
«Фатиха» сүресі – Құранның алғашқы сүресі әрі оның маңызды бөлігі. Оны оқып, сауабын бағыштау үшін мынадай дұға жасалады:
«Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим. Бисмиллаһир рахманир рахиим әлхәмду лилләһи раббил ъаләмиин әррахманир рахиим мәлики йәумид диин иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин иһдинәс сирәтал мустәқиим сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғайрил мәғдууби ъаләйһим уәләд дооооооллиин» (Әмин).
Айта кетейік, «Әмин» сөзі әрдайым іштей айтылады.
«Ықылас» сүресін бағыштау
«Ықылас» сүресі де Құрандағы маңызды сүрелердің бірі. Оны үш рет оқып, сауабын бағыштауға болады:
«Биисмиллаһир рахманир рахим. Қуль һуа аллаһу ахад. Аллаһус сомад. Ләм йалид уа ләм йуләд Уа ләм йакуль ләһу куфуән ахад».
Осыдан кейін «Садақал-лаһул-азыйм. субхана роббикә роббил ғиззати ғамма ясифун уа саламун 'алал-мұрсалин уалхамду-лиллаһи роббил 'аламиин» деп айтылады.
Дұға үлгісі
Оқылған «Фатиха» мен «Ықылас» сүрелерінің сауабын бағыштау үшін мынадай дұға жасауға болады:
«Иә, ұлы Алла! Осы оқылған «Фатиха», «Ықылас» сүрелерінен болған сауапты Адам ата мен Хауа анаға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу ьәләйһи уә сәлламға), барша дүниеден өткен пайғамбарларға, сахабаларға, шәһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға, өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқандарыма (аты-жөнін айту керек) бағыштадым. Иә, Алла! Ол кісілердің рухтарын осы оқылған құран аяттарымен нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жандарын Жәннәттық ете көр! Бұл дүниеде біліп-білмей істеген күнәларын кешіре көр! Иә, Жаратқан Ием, ақырет күні ол кісілердің амал кітаптарының оң жақтан болуына нәсіп ете көр! Раббанаа аатинаа фид-дуния һасанатан. уа фил аахирати һасанатан. уақинаа ғазаабан-наар. Әмин!»