Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 57 минут бұрын)
«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясына жаңа бас директор тағайындалды

«Қаражанбасмунай» АҚ бас директоры болып Нұртаза Ибрашев тағайындалды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұртаза Ибрашев 1984 жылы туған. Ол Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай мен газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын бұрғылаушы көмекшісі болып бастаған Ибрашев әр жылдары «ҚазбурГаз» және Parker Drilling компанияларында, сондай-ақ AgipKCO, «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани» және North Caspian Operating Company компанияларында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Ол Қашаған және Жемчужина кен орындарының халықаралық жобаларына қатысқан.

2020-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында жұмыс істеп, мұнай сервисі бағытындағы еншілес және тәуелді ұйымдарды басқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Мұнайтелеком» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

«Қаражанбасмунай» АҚ туралы

«Қаражанбасмунай» АҚ – «ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны. Компания Маңғыстау облысында орналасқан Қаражанбас кен орнын игерумен айналысады.

Жаңалықтар

Жарнама