Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
А. Құдайбергенов. Ақжайық
Сабақтың тақырыбы: А. Құдайбергенов. Ақжайық.
Сабақтың мақсаты: Жайық өзенінің тарихы туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту, ойын жинақтап айтуға, негізгі идеяны анықтауға жетелеу. Ынтымақтастық қажеттіліктерін таныту. Белсенділіктерін арттыра отырып, сұлулықты сезіне білуге және адамгершілік қасиеттерін бағалай білуге және әңгімелей алуға дағдыландыру. Туған жердің табиғатын аялауға білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құралдар: семантикалық карта, бағалау парағы, үлестірмелі тапсырмалар, суреттер.
 Сабақтың барысыІс - әрекет түрлері
Әдіс - тәсілдер.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
«Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.»
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
Сабақта өзін - өзі бағалау критерийлерімен таныстыру. Мұғаліммен сәлемдесу.
Көңіл көтеру, назарларын аудару
Оқушыларды түстер бойынша
3 - топта бөлініп, отырғызу.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысады жақсы бағалануға ұмтылады
II Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылығын ояту
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байыппен жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
- Иә, балалар ана тілді байыппен оқысаңдар, ана тілі – біздің тарихымыз, әдебиетіміз, мәдениетіміз. Оларды терең білу міндетіміз Үй тапсырмасын тексеру.
Туған жер. Жатқа айту
Оразақын Асқар.
III. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі:
І Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау»
1 - тапсырма: жұмбақты шешу
Айдында жүзеді. Тірі күміс сүзеді. (балықшы)
«Топтастыр»
І - топ: балық аттарын
ІІ - топ: Қостанай обл. өзен атауларын
ІІІ - топ: ҚР өзен атауларын
«Болжау»
Мәтін мазмұны не туралы болуы мүмкін?
IV Жаңа сабақ
- Ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыз; Ақжайық, А. Құдайбергенов.
Картамен жұмыс
Ақжайық туралы түсінік беру.
Қысқаша шолу:
Батыс Қазақстанның жер беті суларына өзендер, көлдер, су қоймалары жатады. Облыс территориясы бойынша 196 өзен ағады. Оның ішінде тек сегізінің ағыны тұрақты. Ұзындығы 200 шақырымнан асады. Бірнеше географиялық аймақтан ағып өтетін, үлкен алапты тек Жайық өзені. Бір географиялық аймақ шегінде орналасқан, алабының ауданы 50 квм ден аз емес. 14 кіші өзендері бар. Деркөл, Шаған, Көшім, Үлкен және кіші өзен, Бұлдырты т. б
Тек Жайық өзенінде кеме жүреді. Облыстың негізгі сала тамыры – Жайық өзені. Облыстың барлық өзендері жазықтық өзендерге жатады. Ал Жайық өзенінің жартысы тау өзеніне жатады. Жайық өзені Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды.
- Осы Жайық өзеніне арнап көптеген ақын - жазушыларымыз, сазгерлеріміз ән - өлең шығарған. Осы Жайық өзенінің жағасында «Қыз Жібек» киносы түсірілген. А. Құдайбергенов ағамызда Ақжайық туралы шығарма жазған
Жазушы туралы мағлұмат; А. Құдайбергенов
«Туған жер»
жазушы «Ақжайық» «Балықшының баласы»
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу (Түртіп алу стратегиясы)
Сөздік жұмыс
Өзек – өзен ағатын арна
Тұнығында – тереңінде
Өз бетімен мәтінді оқу.
Ой қозғау
Әкесі мен баласы қайда болды?
- Әкесі Өсерге не туралы әңгімеледі?
- Өзен жағасында кімдер мекендеген?
- Бала немен айналысқан?
- Әжесі не деді?
- Жайық өзенінің түсін не өзгертті?
- Өсер әкесіне не деді?
- Ақжайық қандай өзен?
- Ақжайық – ағысты өзен.
- Тұйық су болса – ол қандай өзен?(Ащы өзен)
- Тұз қайда кетті?
Сергіту сәті.
Суды жейміз. (тұру)
Суды ішеміз (отыру)
Сумен жуынамыз (отыру)
Су қатпайды (тұру)
Су сұйық зат (отыру).................
Топтастыр
1 - топ
Жайық басында қандай өзен?
2 - топ
Жайық соңында қандай өзен?
3 - топ
Өсер мен әкесі арасындағы әңгіме?
Бес жолды өлең.
1. Кім? бала
2. Қандай? еңбекқор
3. Не істеді? балық аулады
4. Сөйлем. Еңбекқор бала балық аулады
5. Мағыналы сөз. ------- балықшы
Мақал - мәтелдер:
1) Терін төксе жеріне
Жер тілеуін береді
Елін сүйген еріне
Ел байлығын береді
2) Сабыр түбі – сары алтын
VII Қорытынды.
Венн диаграммасы.
Ақжайық басында Ақжайық соңында.
VIII. Бағалау.
Бағалау парағы
IX. Үй тапсырмасы.
«Ақжайық» мәтіннің мазмұнын айту, мәтінді аяқтау, Эссе жазу.
Сөздік жаттау.
Қол ұстасып сәттілік тілеу.
Үй тапсырмасын жатқа айту
Топтық жұмыс
Әңгіме құрау
Сурет салу.
Картамен жұмыс

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама