Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Абай және Мағжан поэзиясындағы үндестік
Абай және Мағжан поэзиясындағы үндестік
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы.
ХХ ғасырдың басы, әсіресе, жиырмасыншы – отызыншы жылдар маман ғалымдардың зерттеуі бойынша қазақ әдебиеті тарихындағы қиын да, күрделі кезең делініп жүр. Өйткені жаңа қоғамдық формацияның орнауы, мерзімді баспасөз бен баспа өнімдерінің көптеп шыға бастауы, сан түрлі ғылым салаларына арнап ана тілінде оқулықтар жазу, басқа тілдерден енген неологизмдерді аудару қажеттілігі сол кездегі зиялы қауым алдына әдебиет пен тіл саласының негізгі қорын жасау міндетін қойды.
Жалпы адамзаттық көркем ой көгіне өрмелеген Абай көп білімді өз бетінше ізденумен тапқанын білеміз. Ал, Мағжан азды – көпті арнайы мектептер өткен ақын. Өлең жүйесінің тереңнен тамыр тартуы арқылы Абай ұлы реформатор болды. Алдында адастырмас Абайдай жарық тұрғанда Мағжанның тіл «Категориясына» үңілмеуі мүмкін емес.
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті Абай үлгісі еді. Ұлы Абай сусындап дамытқан халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін Мағжан да еркін меңгеріп, өзінің сұлу көркем поэзиясына үлгі тұтты. Мағжан сөздің сыртқы түрін әдемілеп қана қойған жоқ, әдемі сөзден әсем, әсемнен сұлу суретті сөз өрнегін жасауға тырысты, өз халқының бай поэзиясы негізінде сезімтал жүрек үнімен жаңаша мазмұнда өз жырларын жазады.
Ал, Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман – мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын – әрине оның поэзиясы, асқақ шабыттың қуаты мен жүрегін жарып шыққан, иненің жасуындай жасандылығы жоқ өлеңдері, «Жалын мен оттан жаралған» сөздері.
Абай мен Мағжан шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып – түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халықтың тағдырын, ой – арманын тани аламыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгі келешегімізді бағдарлаймыз.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
• А. Құнанбаев пен М. Жұмабаевтың поэзия саласында жазылған еңбектерін зерттеп, жан - жақты сипаттап беру.
• Ақындар қаламынан туындаған өлеңдердің құрамын зерттеп, олардың жасалу жолдарын көрсету.
• А. Құнанбаевтың кемел ақын, кемеңгер ойшыл екенін дәлелдеу.
• М. Жұмабаев – поэзиясын хас шебері деген тұрғыда, оның шығармашылығына сипаттама беру.
• Абай мен Мағжанның поэзия туралы айтылған пікірлерді жинақтап, талдап, қорытындылау.
Зерттеудің жаңалықтары.
• Абайдың ақындыққа сыны және оған көзқарасы туралы мәлімет берілді.
• Абай мен Мағжанның өлең жазудағы шеберлігі, қолданылған амал – тәсілдері көрсетілді.
• М. Жұмабаевтың стиль мәселесі төңірегінде маңызды пікірлер айтылып, сипаттама берілді.
• А. Құнанбаев пен М. Жұмабаевтың лирикалық, психологиялық өрнектеудің нағыз шеберлері екендігі анықталды.
• Ұлы ақындардың поэзия саласын қалыптастырудағы зор дарындылығы мен таланттары сөз етілді.

Зерттеудің теориялық маңызы
Қазақ поэзиясының қалыптасуында Абай мен Мағжанның артта қалдырған мұраларының тигізер үлесі мол. Олардың өлең жазудағы тәжірибесін зерттеп, кәдеге асыру әсіресе, дербес мемлекеттік құқыққа ие болған қазақ елінің бүгінгі таңдағы мәдени – рухани өмірінде маңызы зор екендігі белгілі.
Поэзия саласында бүгінге дейін пікірталас тудырып келе жатқан кейбір мәселелерді шешуде де бұл жұмыстң атқарар міндеті аз емес.

Зерттеу құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспе мен негізгі екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Зерттеу соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды. Ол керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері.
«Ақын тұлғасы – поэзиядағы стильдің түпкі тірегі. Ақын стилін ойлау, суреттеу мәнерін, қол таңбасын, сөз қолданысындаы өзгешеліктерді – бәрін де айқындайтын, белгілейтін сол. Ақынның тұлға – бітімі дарын даралығы қандай болса, стилі де сондай болады» [1]
Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман - мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын әрине оның поэзиясы. Ақын жүрегінің түбіне терең бойлаймыз десек оның поэзиясына бар ықпалымызбен, үлкен ілтипатпен зер салу қажет.
Сыршылдық сипаты айрықша көрінетін көңіл күйі лирикасы – Абайдың қазақ поэзиясына қосқан аса құнды жаңалықтарының бірі. Өзі сыршылдық лирика болған соң онда қуанышта, қайғы – мұң да, күйініш те – бәрі болатыны заңды құбылыс.
Абай сөз өнерін, өлеңді, ән мен күйді аса жоғары бағалаған. Ақын поэзиясының танымдық, тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп қарағанын көптеген өлеңдерінен байқаймыз. («Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» т. б.)
Жас Мағжан Абайа еліктеді. Абай ұлы реформатор болды. Алдында адастырмас Абайдай жарық тұрғанда Мағжанның тіл «категориясына» үңілмеуі мүмкін емес.
Белгілі ғалым Халел Досмұхамедұлы бір мақаласында: «Бұл дүниеден түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен.
Осындай адамдар өзіміздің қазақтың арасында аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңген адамды қадірлеу – елдіктің белгісі» - деп жазған екен. [2]. Көсем тұлғаның осы сөзін айтулы ақындарымыз Абай мен Мағжанға бағыштап айтуымызға болады.
Ұлы ақындарымыздың мол мұрасын зерттеп, оның ғылыми дәстүрін әрі қарай жалғастыру – жас буын өкілдерінің перзенттік парызы. І. Жансүгіров айтқандай: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді».
Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін сезімін сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және басқа бейнелі сөздер өте көп кездеседі.
Орысша оқып, орыс мәдениетіне еркін жетіккен Мағжан қазақ поэзиясына ерекше, аса талантты болмысымен келді. Ол қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне үлгі етті.

1. А. Құнанбаев пен М. Жұмабаев – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғалар
1. 1. А. Құнанбаев кемел ақын, кемеңгер ойшыл
Абайдың қазақ тілін дамытуға, әдеби тілді, поэзия тілін өрістетіп, жаңа сөз өрнектерімен байытуға сіңірген еңбегі ұлан – асыр. Осы орайда тіл мәселесі жөнінде ұлағатты сөз айтқан, өз ана тілін сүйіп, оған қамқоршы болам деп талпынған ұлтжанды ғалым Халел Досмұхамедұлы тілдің қоғам өмірінде, оның ішінде ғалым – білім саласында атқарар рөлін жоғары қойған. Бірде: «Мәдениеттің негізгі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады» [3] десе енді бір жерде: «Тіл жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші... Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» [4]- деп тіл туралы тебіреніп айтқан өзек жарды сөздері бізге, яғни жастара неге боларлықтай, ана тілін сыйлап, әспеттеп, қадірлеп, оның қамқоршысы болатын ұшқыр, ұлағатты сөздер.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі – өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл.

Облыстық ғылыми жобаның жеңімпазы 11сынып оқушысы Мамедярова Қайрат
Жетекшісі: Мамедярова Р. М. Санаты жоғары

Абай және Мағжан поэзиясындағы үндестік. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама