Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Шебер класс "Алтын күз"
Шебер класс "Алтын күз"
Көрнекіліктері: Жауындағы үй, жел, саудыраған жапырақ;
"Сиқырлы гүл"және ара; атрибут; Қоңырауы мен қолшатыр;
Суреттер; сезім мүшелерінің 5 мүшесі; "жаңбыр", кепкен жапырақ, ағаш
Күзгі жапырақ суреті(екі бетінде, көңілді - көңілсіз)
Үн таспада желмен жаңбыр, жапырақ дауысы;

Мақсаты: адамдар мен тез тіл табысуға, достыққа үйрету.
Өз ойларын толық жеткізу (Есту, сезу, көру, өзінің айналасындағы қоршаған ортада) сөйлеу шеберліктерін арттыру. Табиғатқа, күз мезгіліне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Тәрбиеші күз кейіпінде: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендердің күз кейпіндегі "Күз сиқыршысы" жаңа апайларың боламын.
Мен айналадағы ағаштар мен жердегі шөптерді әлде қашан күз түсімен бояп тастадым.
Кім айтады қандай түспен бояғанымды. Ағаштардағы жапырақтардың түсі қандай, шөптің, бұлттың, аспанның түсі қандай? Күз мезгілінде көптеген жануарлар ұйқыға дайындалады, жылы жаққа ұшып кететін құстарда ұшып кетеді. Әне алтын арада қатты ұйқыға кетіп бара жатыр.
Қане, бәріміз араны ұйықтатуға көмектесеміз.
Араны сиқырлы гүл күлтешелерімен жауып(Араның ызылдаған үні) ұйықтату(З -- З - З - З - Ж - Ж - Ж - Ж "Бесік жыры")

Тәрбиеші: менің достарым менімен бірге келді. Олар кімдер?(үн таспадан желмен жаңбырдың дауысы естіледі) олармен танысқыларың келе ме? (тәрбиеші жаңбыр астында тұрған үйдің суретіне назарын аударады)
Менің досым жел әртүрлі болады, егерде ол(ақырын үрлеп) міне былай(онда ол желді қалай атаймыз? (самал жел немесе жай ғана соққан жел деп атаймыз) ол қатты үрлесе (бәріміз бірге, онда ол жел қатты соққаны немесе боран болғаны, ауа - райының бұзылғаны)
Жерде: кепкен жапырақ, ағаш суреті. Бірлесіп жасау

Тәрбиеші: Қараңдаршы мына жел менің жапырақтарды ұшырып, шашып кетті, жинап алып ағашқа жапсырып, картина жасауға көмектесіңдерші
(картина) Бірлесіп жасау.
Топ жұмыс жасап жатқан кезде,

Тақпақ: есте сақтап айтып беру (мнемокесте арқылы)
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Тәрбиеші: менімен тағы кім келіп еді?
(тәрбиеші жанбыр астында тұрған үйдің суретіне назарын аударады) су болмай жаңбыр мен жақынырақ танысу үшін бізге не керек? (қолшатыр) дұрыс, ол сиқырлы қолшатыр. Мен оның әнінің көмегімен жаңбырды шақырамын. Ән ұзақ болған сайын, жаңбыр үдей түседі.
Тәрбиеші: қонырауды соғу арқылы жаңбырдың жауғанын анықтайды. Қоңырауды қатты соқса, соғұрлым жаңбыр күштірек жауады.
Суреттегі жаңбыр: жаңбыр өзі туралы айтқысы келеді. Егер бұлттың арасынан күннің көзі көрінбей жаңбыр жауатын болса, ол қалай аталады? (соқыр немесе өткінші жаңбыр).
Ал егер аспан тегіс бұлтанып, жаңбыр тоқтамай түнімен жауатын болса, ол қалай аталады?(ақ жауын) Ал егер майдалап жауса (майда жаңбыр) егер найзағай жарқылдап, қатты жауса(нөсер жауын) деп аталады.

Міне достарыммен таныстыңдар, енді мен сендерді сиқырымның күшімен жапыраққа айналдырам. Бірақ, жапырақ сыбдыры естілмейді ғой? Бәрі айналып, қолдарын жоғары көтеріп (ш - ш - ш - ш) дауыс шығарады
Бір кішкентай жапырақ көңілсіз ғой, бәріміз көңілін көтерейік. Ойын: Шалқан"ертегісінің желісімен дене шынықтыру ойынын ойнау.(жарыс түрінде)
Тәрбиеші: Енді бұл жапырақпен де танысайық.
Жапыраққа мұқият оң көзбен, сол көзбен караңдар. Ол туралы не айтып бере аласыңдар?
Егер, қарасаңдар (сары, жылтыр, күлімдейді т. б)
Егер, ұстасаңдар (жұқа, тегіс)
Егер, иіскесе (кепкен, дымның иісі)
Егер, тыңдаса (жапырақ сыбдыры)
Егер, жеп көрсек болады (бірақ олай істемейміз, өйткені ол лас жеуге жарамсыз).
Ал енді маған қалай қарайсыңдар?(сұрақ - жауап)
Жауап: күз мезгіліндегі ерекшеліктерді, күздің пайдасын, алтын күз деп неліктен аталатыны туралы айтады.
Алтын күз балалармен қоштасып шығып кетеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама