Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 04 ақп. 2026 08:01
- 24
Қазақстандағы ең қарт қылмыскер бостандыққа шығуға дайындалуда
Қазақстанда 84 жастағы ең қарт қылмыскер бостандыққа шығуға дайындалуда. Ол кісі өлтіргені үшін сотталған. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарт қылмыскердің тарихы
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, 1942 жылы туған ер адамның жазасы 2027 жылы аяқталады. Сол кезде ол 85 жасқа толады.
Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде 70 жастан асқан шамамен 100 сотталған адам бар. Оларға қажет болған жағдайда мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Басқа оқиғалар
Бұған дейін Ақмола облысында 89 жастағы әйелдің құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда, соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Әйел мен оның 72 жастағы жиені туысына жеңіл дене жарақатын әдейі келтіргені үшін сотталған. Оларға 7 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.