Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 05 нау. 2026 00:00
- 24
157 мың теңге мемлекеттік сыйақысын кімдер алды?
Биыл 591 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй депозиті бойынша мемлекеттік сыйақы алды. Әрбір салымшыға 157 мың теңгеден астам қаражат аударылды. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ақшаны депозиттерін жыл бойы кемінде 200 АЕК (786 400 теңге) толтырған салымшылар алды. 2025 жылға арналған сыйақының ең жоғары мөлшері 157 280 теңге болды. Мемлекет тарапынан қазақстандықтарға берілген сыйақының жалпы сомасы 124,4 млрд теңгеге жетті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыйақы кімдерге берілді?
Отбасы банкінің мәліметінше, жақында салымшылардың есепшотына мемлекеттік сыйақы аударылған. Олардың ішінде:
Бұған қоса, биыл 151 111 адам тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп, жинақтай бастаған. Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 миллионнан астам қазақстандық мемлекеттік сыйақыға ие болды:
Жас салымшылар да сыйақы алды
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушы 303 406 жас салымшы да мемлекеттік сыйақы алды. Биыл олардың шоттарына 9,6 млрд теңге мемлекеттік сыйақы есептелді.
Келесі жылы, яғни 2026 жылдың қорытындысы бойынша, сыйақының ең жоғары мөлшері 173 мың теңге болады. Оны алу үшін Отбасы банкіндегі шотында кемінде 865 мың теңге жинақталуы тиіс. Бұл үшін салымшылар ай сайын шамамен 73 мың теңгеден депозитке салуы қажет.