Адам және өрт сайысы
Тақырыбы: Адам және өрт сайысы
Мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық – техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ (аралас сабақ)
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: суреттер
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Барысы.
Ұйымдастыру барысы:
Балалар шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін орындайды.
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Көтеріңкі көңілмен,
Сабағымызды бастаймыз.
Мұғалім: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
Тақпақтар:
Оқушы: От жақпа, күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.
Оқушы: Оттың ісі қуырмақ,
Желдің ісі суырмақ.
Қазір жанған жалынды,
Алып – ұшып қуаламақ.
Оқушы: Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.
Мұғалім: Олай болса, балалар мен сендермен «Қателеспе» деген ойын ойңағым келеді. Ойынның шарты: отта жанатын заттарды айтқанда қолды жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қолымыз төменде болуы шарт.
Сөздер: қағаз, терезе, жапқыш, дәптер, киімдер, жиһаздар, шөптер, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.
Мұғалім: Ас үйге сән беретін газ плитасы (тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану ережесімен таныстыру. Газ – плитасын пайдалану). Көгілдір от тұрмыс – тіршілігімізде көп орын атқарады. Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса, ата – анаңа айтып ескерт. Өйткені ата – анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – электр. Электр – жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ одан да өрт шығуы мүмкін.
1. Электр приборларын уақытылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау;
2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу;
3. Өрттің алдын алу қауіпсіздігін сақта;
4. Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б.
5. Өрт жаңадан басталғанда сумен, құм сеуіп өшіреді;
6. Адамның киімі өртенсе суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себу керек. Я болмаса, адамды қалың матамен орап өшіреді.
7. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі – жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иісін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды. Тек үйдің есік – терезелерін ашып, желдету керек.
8. Электр сымдары тоқ өткізгіштің түбінен жанып жатса, оны құрғақ ағашпен суырып алу қажет.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
• Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)
• Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)
• Олардың жұмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)
• Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, шапшаң, епті)
• Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т. б. құтқарады)
• Өрт болған кезде қандай нөмірге телефон шалу керек? (101)
• Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлұматтар беру керек? (не болғанын, мекен – жайын айту).
«Ажырата білу» ойыны
Ойынның шарты: тақтада өрт сөндірушінің суреті тұрады. Ал оқушылар шығып өрт сөндірушіге керек заттарды ажыратып қояды.
Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1. Сен үйде жалғыз қалдың. Ата – анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2. Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер. Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады. Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты. Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не істейсің?
4. Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті. Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті. Сен не істер едің?
5. Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің. Мұндай жағдайда не істер едің?
Мұғалім: От туралы мақал – мәтелдер айтайық.
1 - оқушы:
1. Отпен ойнама, күйерсің.
2. Ойын түбі – от.
2 - оқушы:
1. Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
2. От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
3 - оқушы:
1. Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
4 - оқушы:
От пен су – тілсіз жау.
5 - оқушы:
Өзі саққа құдай жақ.
6 - оқушы:
Сақ жүрсең сау жүрерсің.
7 - оқушы:
Сақтықты сұңқардан үйрен.
8 - оқушы:
Жау жоқ деме – жар астында.
Бөрі жоқ деме – бөрік астында.
Ойын: «Болады – болмайды»
Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті – болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал көк түсті – болатын жағдайда көтересіңдер.
• Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............
• Жанып тұрған сіріңкені тастауға............
• Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға..........
• Өрт шыққан жерде қалуға.........
• Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға............
• Өрт кезінде есік, терезені ашуға.............
• Басымызды, бет – аузымызды ылғал сүлгімен орауға............
• Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға...........
• Лифтіні пайдалануға..........
• Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға..............
• Көршілерден көмек сұрауға............
• Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..........
Жұмбақты шешуін табу.
1. Қып - қызыл кезінде,
Бет қаритын жапырақ.
Табы қайтқан кезінде,
Сұп - сұр майда топырақ. (Шоқ пен Күл)
2. Жүрген жерін жалмайды,
Тастан басқа қалмайды. (От)
3. Жердің әрін жейді,
Жолда кезіккеннің,
Аямай бәрін жейді.
Бұл қандай алпауыт?
Айта ғой, дәл тауып? (Өрт)
4. Қимылы оңдырмас,
Кішкене қоңырбас. (Сіріңке)
5. Салып ем шыны сарайды,
Тілінен жарық тарайды. (Шам)
6. Өңкеші кең,
Дәу аузымен жұтады.
Төбесі дөң,
Кіші аузымен құртады. (Пеш)
7. Үй үстінен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе ішінен,
Із - тұз жоқ боп тынады. (Түтін)
Қорытынды:
Мұғалім: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».
Адам және өрт сайысы. жүктеу
Өрт - тілсіз жау. слайд жүктеу