Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында сыни ойлауын қалыптастыру

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Курстық жұмыс
Жетекші: оқытушы, магистр Ерболат Б. Е.  
Орындаған: 6B013 топ студенті Садман Ақниет Жұмабайқызы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. Оқу үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми, теориялық негізі
1.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі.
1.2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу

ІІ. Бастауыш сыныптың математика сабағында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары
2.1 Бастауыш сыныптың математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану
2.2 Бастауыш сынып оқушылраның сыни ойлауын қалыптастыруға қалыптастыруға бағытталған математика сабағының тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.

Қазіргі Қазақстандық білім беру кеңістігі ақпараттық болып есептелгендіктен, сондықтан уақыттың өтуімен бірге маманның ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі мен кәсіби құзырлығына қойылатын талап та арта түсуде. Пайда болған мәселені шешу республикалық кәсіби білім беру жүйесіне келіп тіреледі. Мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – жеткілікті деңгейде кәсіби білімі, құзырлықтары мен шығармашылық іс-әрекеті қалыптасқан, шығармашылық қабілеттері дамыған, кәсіби білікті мамандар даярлау болып табылады. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктеріне негізделген оқушылардың кәсіби бағыттылығын жетілдіруді, шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуды атауға болады.

Болашақ мамандарды кәсіби даярлауды жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасының негізгі нормативті құқықтық құжаттарында: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007), 2005–2010 ж. ж. арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында,ҚР-ның 2002–2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында, сондай-ақ, жыл сайынғы ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру саласын жетілдірудің маңызды тәсілдерінің бірі – білім беруді ақпараттандыру және халықаралық ауқымды коммуникациялық желіге шығу екендігі айтылған. Сонымен қатар, бұл бағыт Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қарастырылған негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Тұжырымдамада «қазіргі жағдайда білім беру жүйесіне жаңа сапа, қоғамдық статус беріп, алдыңғы кезектегі міндеті білікті мамандар даярлау болып есептелетін қоғамның ерекше сферасы ретінде түсіну қажет» деп көрсетілген.

Мамандардың кәсіби даярлығын дамытуға әрі білім беру процесінің теориясын, мазмұнын, әдіснамасын, ұйымдастырылуын жетілдірумен, әрі мектепте жұмыс істейтін оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру жолдарымен айналысатын (Т. С. Садықов, А. П. Сейтешев, Г. А. Уманов, Л. К. Керимов, Н. Д. Хмель, М. А. Кудайкулов, Н. Н. Хан, А. А. Бейсенбаева, К. К. Жампеисова, Г. Т. Хайруллин, С. Ж. Піралиев, Ш. Т. Таубаева, Г. К. Нургалиева, Р. К. Толеубекова, В. В. Трифонов және т. б. ) қазақстандық ғалымдардың қазіргі зерттеулері елеулі үлес қосуда. [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 11, 12, 13, 14, 15]

Сонымен қатар, республикада болашақ мамандардың кәсіби сапаларын қалыптастыру мәселелері зерттелуде, олардың қатарына педагогикалық ғылымды дамытудағы төмендегідей: болашақ педагогтің кәсіби мәнді сапаларын (А. А. Калыбекова, К. С. Успанов, А. А. Молдажанова және т. б. ); зерттеу мәдениетін Ш. Т. Таубаева және т. б. шығармашылық ізденімпаздылықты қалыптастыру (А. Е. Абылқасымова және т. б. ); шығармашылық белсенділікті (Ж. А. Қараев); оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (Д. М. Джусубалиева) тәрізді бағыттарды жатқызуға болады. [16, 17, 18, 19, 20, 21, 22]

Зерттеудің мақсаты – Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру.

Зерттеу нысаны – мектептерде сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту жүйесі

Зерттеу пәні – сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің міндеттері:
– оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
– сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқытуда оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау;
– сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың моделін жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
– оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындалды;
– сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқытуда оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықталды;
– сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың моделі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық – белсенділігін қалыптастыруға арналған курс ретінде мектептерде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту процесін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Ал жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық процесті терең меңгерген, жаңаша ойлау жүйесіне, педагогикалық өзгеріске тез бейімделгіш, білім алушының жеке бас ерекшеліктерін құрметтей алатын, білімді әрі іскер болуы керек.

Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талаптарға сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, тиімді болары сөзсіз. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген болатын.        

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [2

Бүгінгі мектептің мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, оқушыларға жүйелі, білім берумен қатар қоғамда өзін-өзі жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінің, кәсіптік білім беру жүйелерінің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген мектептер мен орта және арнаулы, жоғарғы оу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мектепті сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім ордасында өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан, оқытудың инновациялық технологияларын мектеп, кәсіптік колледждер мен жоғарғы оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.

Оқушылардың жауапкершілігін, ізденімпаздығын, сөйлеу, ойын жеткізе білу, өзіндік пікір айту қабілеттерін арттыру мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясының алар орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғадан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұғыдан ойлауды, әдетте, білім берудін кейінгі кезеңдері мен орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – оқушылардың жеке басынын тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
- шыңдалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;

Осы кезеңдерді ұтымды өткізілуі мынандай нәтиже береді:
- оқу мотивациясы өзгеріп, өз бетінше ізденуге үйренеді;
- керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйренеді, дамуын қамтамасыз етеді;
- өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білу;
- оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауға, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінен 3 фазадан тұрады.
І Қызығушылықты ояту
ІІ Мағынаны тану немесе ажырату
ІІІ Ойтолғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне әсер етіп, жаңа білімге мазмұн қалап,болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілген тақырыпқа енетіндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге, оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа мәлімет пен идеяны немесе жаңа мазмұнды игеріп, іске асырады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, видео-кассета, өнер қойылымдары немесе басқа нұсқау әдістерінің қай қайсысы болмасын осы фазада іске асып, оқушылар жаңа ақпараттар мен мазмұнмен танысады. Бұл кезеңдегі оқушының негізгі міндеті – жаңа ақпарат мазмұнымен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдерімен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа, өз әрекетіне оймен қарау, өзінің түснігенін бақылауына мүмкіндік беру қажет. Жаңа ақпараттарды қабылдай отырып, белсенді түрде іс-әрекеті басқаруы қажет. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып, жаңа ақпараттың қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастырады, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдайды.

Ойтолғаныс кезеңі үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезеңде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізе бастайды. Бұл фазаның мақсаты – оқушылардың алған білімдері ұзағынан мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтері мен жаңа мәліметті өз деңгейінде қабылдай алуын қамтамасыз етуі.

Бұл фаза талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстары мен келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Ойтолғаныс кезеңіндегі үйрену – жеке сипатқа ие болатын сәт. Бұл фазада үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды. Мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Оқушылар осы процеске жетпейінше, олардың үйренгендері бар болғаны біреудің идеясы немесе сенімі. Мәліметті басқаның идеялар «патшалығынан» бөліп алу арқылы ғана өзіндік етуге болады.

Шын мәнінде, көптеген үйренушілер үшін жаңа мәлімет бұрынғы үйренгендеріне мүлде қарама-қайшы болуы мүмкін. Өзара жақсы идеялар үйренушіге ой толғаныссыз саналы түрде жете қоймайды. Сонымен қатар, сыни тұрғыдан ойлауда балаға ең қызық әрі сабақ жақсы өтетіні ол топтастыру.

Топтастырудың ішіндегі ең танымалы - Блум таксономиясы.

Блум жүйесі бойынша:
1. Ең төменгі деңгей – Білім, оқыту есте сақтауға, жаттауға, тануға еске түсіруге бағытталады.
2. Түсіну – таным мақсаты – мазмұнын айту, ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару, өз сөзімен жеткізіп айту.
3. Қолдану – мәселені шешу, нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты болып табылады.
4. Талдау – бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәтиже көрсету
5. Синтез – ауызша пәнде өте керек.
6. Ең жоғарғы деңгей – бағалау.

Блум таксономиясы оқу мақсаттарына сәйкес келетін міндеттерді жіктеуді көздейді. Оның негізінде оқушылардың сыни ойлауына ықпал ететін тапсырмалар мен сұрақтар құрастыруға болады.

Негізгі бөлімді еске алыңыз және жазыңыз. . . , атаңыз, бірге топтаңыз. . . , қатысты ұғымдар тізімін жасаңыз. . . , белгіленген тәртіпте орналастырыңыз. . .     білу    Нақты күндер, оқиғалар, фактілер, терминдер, ережелер, формулалар және т. б. жасап шығарады.     
Ненің не себепті болғанын түсіндіріңіз. . . , араңызда болатын өз көзқарасыңыздың байланысын көрсетіңіз. . . , оған сондай (қалай, қайда) мысал келтіріңіз. . . , не туралы екендігін айтып, идея құрастырыңыз. . .     түсіну    Фактілерді, теорияларды, қағидаттарды түсіндіреді; деректерден шығатын салдарларды сипаттайды және т. б.     

Салыстырыңыз. . . және . . . , сосын негіздеңіз. . . , . . . мүмкіндік беретін тәсілді ұсыныңыз, . . . . көрсететін сурет салыңыз, . . . таныстырылымын келтіріңіз.     қолдану    Нақты жағдайларда заңдар, теориялар, формулалар қолданылады және жаңа жағдайларды алынған білім пайдаланылады.     
. . . тұрғысынан . . . құрылымын талдаңыз, . . . тұрғысынан сипаттайтын негізгі қасиеттерінің тізбесін жасаңыз, . . . тұрғысынан салыстырыңыз және . . . ерекшелігін табыңыз, . . . тағы сол сияқты мәтінді табыңыз    талдау    Тұтастың бөліктері арасындағы өзара байланысты табыңыз, материалдағы логикалық мазмұнының қатесін көреді, фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты жүргізеді және т. б.     

. . . жаңа (өзіңнің) жіктемені ұсыныңыз, мүмкіндік беретін жоспар әзірлеңіз, . . . туралы өз пікіріңізді . . . формасында баяндаңыз.     синтез   Схемаларды, тапсырмаларды өз бетімен жасайды; тәжірибе, зерттеу жүргізу жоспарын ұсынады; шығарма, баяндама, реферат және т. б. жазады.     

. . . туралы сыни пайымыңызды айтыңыз, . . . саралаңыз және негіздеңіз, . . . үшін қандай шешім оңтайлы екенін анықтаңыз, . . . үшін . . . мәнін бағалаңыз.     бағалау    Сол немесе басқа жұмыстың өнімінің мәнін, жазбаша мәтінді құру логикасын бағалайды және т. б.     
Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді, яғни оқушыға алдын-ала тапсырма беріліп соған қосымша материал іздеп табады және өз бетімен презентация жасауға да болады. Мұндай ортада әртүрлі сұрақтар қойылады, мұғалім сенікі дұрыс емес, неге олай болды деген сұрақ қоймауы керек, оқушы барынша өз ойын жеткізе білуі тиіс. Оқушы жауап беріп тұрғанда мұғалім: «Сіз не қоса алар едіңіз» деген жолай сұрақ қойып, басқа оқушыны да ойландыруға болады. Сонымен қоса «Қызық екен, мен ол туралы ойламаппын» деген түсінікті пайдаланып, естігендерін сынамай және қарсыласпай, өз пікірлерін айта алуды, ойлауды оқушы бойына үйрету керек. Сонда ғана оқушы көбірек сөйлейді, ойлайды, ізденеді, мағлұмат жинайды.

Қорыта келгенде, осы технологиямен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Ал, оқушы белсенділігінің арттуы оны шығармашылыққа жетелейді. Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Сондықтан да оқу мен тәрбие үрдісінде тұлға дамуына әсер етіп қана қоймай қоғамның белсенді азаматын тәрбиелеуге елеулі үлес қосуға мүмкіншілік жасау – біздің, мұғалімдердің міндеті.

Ы. Алтынсарин «Оқытушыны бағалағанда олардың ісіне қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек», - десе, әр ұстаз бүгінгі педагогиканың жаңалықтарын өзінің де оқушының да шығармашылық қабілетін дамытуға тиімді пайдаланғанда әрбір ұстаздың жемісі бітік шықпақ.

1. 2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу

Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.

Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді

Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады.

Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- автор оқырманды қалай қызықтырады?
- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды.

Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу.

Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т. б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Ассоцациямен жұмыс.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады.

Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.

Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Студент мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды.
Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.

Психологтер еңбектеріне сүйеніп әдіскер ғалымдар тұлғаның ойлау қабілетін арттырып, өз бетінше пікір білдіру, шығармашылық тұрғыдан әрекет ету, оқуға мотивациясын арттыру мәселесіне байланысты түрлі тиімді тәсілдерді қарастыруда. Американдық ғалымдар Р. Сперри мен Р. Орнстайн жетпісінші жылдары адам миының бөлшектерінің әр түрлі жұмыс істейтінін көрсетті. Егер олар бірігіп қызмет атқарса, онда тұлғаға үлкен шығармашылық мүмкіндікке жол ашылады.

Адам миы оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлік: алынған ақпараттарды кезекпен өңдейді, оны бөліп талдайды; ұғымдар мен ережелерді ойластырады; соңғы нәтижесі әрекет болып табылады. Ал оң жақ бөлік: бардық ақпаратты бір мезгілде өңдейді; жүйелейді; бейнені елестетді; соңғы нәтижесін сәйкестендіру, ұқсастықты анықтау болып табылады.

Аталған ми бөлшектерінің толық жұмыс істеуіне, тұлғаның сыни ойлау іскерліктерінің қалыптасуына тиімді тәсіл ретінде бізге ғалымдар «Ассоцациямен» жұмыс, «Мind Map» тәсілін ұсынады.

Бұл тәсілдер оқушының берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде беруге мүмкіндік береді. Әрине, мұғалімнің ендігі шығармашылық әрекеті – осы мәселелерді жинақтап, жасалған жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым – қатынас деңгейіне жеткізу.

«Mind Map» тәсіліне қысқаша тоқтала кетер болсам, аталған тәсілді шетелдік ғалым Т. Бузан ұсынады

Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:

- негізгі ой анық көрініске ие бола алады;
- көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;
- ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.


Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданып қазақ әдебиеті сабағын өткізу үлгілері

“Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

V сынып Әдебиет
Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қуандық Шаңғытбаевтың өмірінен қысқаша мәлімет алады. «Сабалақ» өлеңінің мазмұнымен танысады. Абылй ханның өмір деректері туралы білімдерін толықтырады.

Міндеттері:
Мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.
Сөздік қоры молаяды, өлең мазмұнын игере алады.
Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлеседі, ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.
Стратегиялар: «Ассоциация», «Кубизм», «5 минуттық эссе», «Семантикалық карта»
Құрал – жабдық: ақ бет, дәптер, қалам, маркер
Көрнекілік: Қуандық Шаңғытбаевтың, Абылай ханның портреттері.

Сабақтың барысы:
I Қызығушылықты ояту
1. Хан сөзіне «Ассоциация» стратегиясы бойынша сынып оқушыларының барлығы бірдей жұмыс жүргізеді.
1. Жеке жұмыс
2. Жұппен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Ортақ жауап шығарылып, спикер қорғайды

II Мағынаны ажырату
Қуандық Шаңғытбаев өміріне қысқаша шолу
«Сабалақ» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқып шығады.
Әрбір оқушы өлең мазмұнымен жекелей іштей оқып танысады.
Сөздік жұмыс
Сүңгі –найзаның ұшы
Боздақ – жастай қаза болған жауынгерлер
Қар талды – қолдан күш кету
Нәскес – қарғыс мағынасында
Таралғы – үзеңгі мен ердің аралығындағы жіп
Қыл, қынап – қылыш салатын теріден жасалған қап.
Алдаспан – қару.
Дүзген – шөптің аты.
Бесін – уақытты білдіреді, сағат бестің кезі.
Қаяқ – диалекті сөз, қай жақ деген мағына береді.
Оқушылар өлең мазмұнымен, өлеңдегі түсініксіз сөздермен таныс болғаннан кейін «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кубты айналдырып лақтыра отырып, әрбір топқа берілген сұрақтың ретін анықтайды.
сұрақ беріледі
жеке жұмыс
жұппен жұмыс
топпен жұмыс
спикер қорғайды
суреттеу, сипаттау
Сұрақ. Аңырақайдағы қазақ – қалмақ соғысын ақын қалай суреттейді? Суретке қарап әңгімелеңдер. Өлең жолдарына мысал келтіре отырып айтып беріңдер.

Салыстыру. Сұрақ. Соғыстың әрбір сәтінен мысал келтіре отырып, Әбілмәмбет ханның бейнесіне салыстырмалы мінездеме беріңдер.
Зерттеу. Сұрақ: Сабалақ кім? Ол неге «Абылай да Абылай» деп ұран салды?
Қажеттілігін бағалау. Сұрақ «Сабалақ » өлеңін оқи отырып, қандай жаңа мәліметтермен таныстың?
. . . Абылай тағы туа ма қазақтан
Тосып келем, сол – ендігі арманым – деген өлең жолдарындағы ақын арманының маңыздылығы неде?

ІІІ «5 минуттық эссе» стратегиясы
Тақырыбы: Абылай хан
Оқушы жеке жазады.
жұппен жұмыс
топпен жұмыс
спикер ең жақсы эссені оқып қорғайды.
Үйге тапсырма: «Семантикалық картаны» толықтырып аяқтау. Өлеңге жоспар құру, мәнерлеп оқу.
 
Семантикалық карта

Өлең құрылысы

Эпитет

Теңеу

Кейіптеу

Синоним

Антоним
Әдеби – теориялық ұғымдар, өлеңнің көркемдік тіліне талдау
16 шумақ, 4 тарма, 11 буынды
Жеңіл ғанашидемшапан киген
Қаршығадайтас қомданып түйілген
Өлік тосып, ескі, мылқау молалар
Айқас, қаржасу, шабу, шаншу, шабысты, айысты, қағысты т. б.
. . . деп ызағаӘбілмәмбетбуындыҚалды кенет жүзіжайнапжадырай

37. 72 Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады

Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

Оқушыға көркем туындыны оқытуда өз тәжірибеме сүйене отырып ең тиімді әдіс «Ой қозғау», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «5 минуттық эссе» деп айтар едім. Дәйекті түрде тақырыпты аша түсу үшін 9 «А» сыныбына өткізілген сабақтардан мысал келтірейін: «Исатай – басшы, мен - қосшы» әдебиет пәнінен өткізілген сабақ құнды ойлар мен пайымдауларға толы болды. Қызығушылығын ояту кезеңі бойынша «Махамбет кім?» деп аталған сұрақ төңірегінде оқушылар жұппен жұмыс және шағын топта жұмыс жасайды. Спикер оқып береді немесе ауызша айтады. Мағынаны тану кезеңінде топ бойынша мына сұрақтар көлемінде оқушылар сұрақтарға жауап беруге дайындалады.

Махамбет бейнесін суреттеу
Махамбет бейнесін Жәңгір ханмен салыстыру
Тарихи жағын зерттеу
Болжау жасау (Махамбет сенімі бүгінгі күнде ақталды ма?)
Махамбет көтерілісі біздің қоғамға қажет пе? Өлеңдері күнделікті қолданыста ма, мәнін жойды ма?.

38. 85. Ой толғаныс кезеңі бойынша 5 минуттық эссе «Махамбет патриот ақын». Оқуға деген қызығушылығы оянған олар өз бетінше оқып, жеке топтарда талдап, талқылай ой бөлісті. Бұл сабақтан шығатын қорытынды - оқушылар Махамбет өлеңдері және оның мәні туралы білім – көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытады

Бұдан шығатын қорытынды: жазу процесі арқылы оқушының ойлау қабілеті дамитынына тағы да көз жеткіздім:
Жазу жұмысы оқушы ойын жүйелейді;
Жазу әдісі оқушының өзіндік пікірі мен көзқарасын, жазу стилін қалыптастырады;
Жазу олардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады;
Оқушының өзін - өзі бағалауына, тануына ықпал етеді.

Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, мына жағдайда белгілі бір жетістіктерге жетуге болады. Ол үшін үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілдерін қолдануға болады. Қызығушылықты ояту, мағнына тану, ой толғаныс кезеңдері.

І Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Мысалы, тақырыптың атын, затын түсіндіруден бастаймын. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі,не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын.

ІІ Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кзеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейтді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, V білемін, - білмеймін, + мен үшін жаңалық, ? мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып, оны тобымен талқылайды.
топ. Мәтінді түсініп, әңгімелеп, өз көзқарасыңды айт («Өмір сүргім келеді» авторы Баубек Бұлқышев ).
Топ. Мәтінге байланысты сурет сал (соғыс жүріп жатқан кезең немесе жауынгер ерлігі).
Топ «Ой толғау » деп аталады. «Өмір сүргім келеді» туындысын оқи отырып, Баубекке мінездеме береді.

«Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Кубизм» сияқты стратегиялар ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін:

- Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
- Оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
- Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;
- Оқушылардың бір – біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап теу.

40. 44Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірді тыңдауға, құрметтеуге, бар ынтасымен оқуға беріледі, баланың танымдық белсенділігі артады, өз бетінше білім алады, шығармашылығ артады және ізденеді

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Сыни тұрғыдан ойлау

Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;
Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;
Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.

Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:
Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.
Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.

Бенджамин Блумның және басқалардың жұмысының шеңберінде сыни тұрғыдан ойлау оның жіктеуіндегі ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

Алты ойлау қалпағы
Алты ойлау қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.

Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Ойшылдардың шартты белгілері

Тони Райан жасаған ойшылдардың шартты белгілері бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет кешені болып табылады.

Бастапқы бірқатар сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдамалық, сыни және креативтік ойлау қабілетін ашу үшін шартты белгілер ретінде ұсынылған.

Кері өзгеріс – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдаланыңыз, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».

Егер де – «егер де» деген сұрақты қойыңыз және олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
Әліпби – берілген тапсырмаға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
АҚА – аббревиатура А=артық, Қ=қосу, А=алып тастау, тиісті сабақты жоспарлайды.
Құрылым – шектеулі мөлшерді креативтілікпен пайдалануды талап ететін проблемаларды шешу жөніндегі тапсырма.
Кемшіліктер – нақты бір пән немесе практикалық сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
Әртүрлі пайдалану – күнделікті объектілерді әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
Қиыстыру – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
Жөнсіздік – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.

Сананың әдеттері
Сана әдеттерін әзірлеген Арт Коста былай деген екен: «Сана әдеттері» - шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары болып табылады.

Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:
Құндылық: Өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық үлгісін қолдану.
Ауытқу: Зияткерлік мінез-құлық үлгісін пайдалану үдерісін сезіну арқылы.
Сезімталдық: Мінез-құлық үлгісін пайдалану мүмкіндіктерін және оның орындылығын қабылдау
Мүмкіншілік: Мінез-құлықты жүзеге асыру үшін негізгі дағдылар мен мүмкіншіліктерді меңгеру.
Жағдаят: Зияткерлік мінез-құлық үлгісінің өнімділігін ойластыруға және жақсартуға ұдайы ұмтылу арқылы.

Сананың 16 әдеті бар:
Табандылық
Басқарушы албырттық
Басқаларды тыңдау – түсіністікпен және тілектестікпен
Ойлау икемділігі
Ойлау үдерісіміз туралы ойлау – метатанымдылық
Дәлдік пен шынайылыққа ұмтылу
Проблемаларды пайымдау және тұжырымдау
Бар білімін жаңа жағдайға қолдану
Анықтықпен және дәл ойлау және өзара іс-қимыл жасау
Барлық сезіммен ақпарат жинау
Құру, ұсыну және оңтайландыру
Таң қалып, ілтипат білдіру
Тәуекелдер үшін өзіне жауапкершілік алу
Әзіл-оспақ іздестіру
Өзара байланыстырып ойлау
Үздіксіз оқу.

Жазбаларға назар аудару
Жазбаларға назар аударуды Аризона Университетінің профессоры доктор Марилис Витт жасады деген пікір бар. Ол студенттерінің аурулар туралы беймәлім мәліметтердің белгілі мәліметтерден көп екендігін білгендігін қалады. Нәтижесінде студенттер білу үшін қандай әрекет жасағаны туралы сұрақтар жазды.

Бұл техника ойластырылған, пайдалы ойлау құралына айналды. Жазбаларды пайдалану тәсілдерінің бірі төмендегі кестеде көрсетілген. Бұл серпінді тапсырма болуға тиіс, яғни жаңа ақпараттың пайда болуына қарай оған үнемі толықтыру, оны түзету немесе жаңа сұрақтармен толықтыру қажет.

Блум таксономиясы
Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.
 

ТНАОҚ
Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы –Эдвард де Боно ойлап шығарған.
С&Ж – Салдарлар және Жалғастыру
Кейбір іс-қимылдардың, шешімдер мен ережелердің салдарларын көру үшін болашаққа көз жүгірту.
ҚАҚ – Қосу, Алу, Қызықты
Шешімдерді немесе міндеттерді қабылдағанға дейін сұрақтардың жан-жақты қаралғанына көз жеткізіңіз.
ТТБ - Тану, Талдау, Бөлісу.
Тұжырымдаманы басқаруға ыңғайлы, неғұрлым кішірек бөліктерге бөліңіз.
БФЕ – Барлық факторларды ескеріңіз
Іс-қимылдарға, шешімдер мен жоспарларға байланысты барлық факторларды зерделеңіз.
ЦЗП – Мақсаттар, Міндеттер, Заттар
Іс-қимылдарды қозғайтын ниеттерге тікелей және саналы түрде көңіл аударыңыз.
БМТ – Баламалар, мүмкіндіктер, таңдаулар
Баламаларды саналы түрде пайдаланыңыз.
БАП – Басқа адамдардың пікірі
Басқа адамдардың пікірлеріне қараңыз.
БҚҚ – Басқа да қатысы бар құндылықтар
Ойымыздың құндылықтарымызға қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
БМБ – Бірінші маңызды басымдықтар
Ең маңызды идеяларды, факторларды, заттарды таңдаңыз.
ЖШТӘІ – Жоба, Шешім, Тұжырым, Әдіс-тәсіл, Іс-қимыл
Ой тұжырымдарына және кейінгі іс-қимылдарға тікелей көңіл бөлу.

2. 1 Бастауыш сыныптың математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану

Математиканы оқытудың мазмүнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабагында оқушылар өз бетінше жүмыс жасай дағдыларын дамыту, бага жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Математика сабагында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жүмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.

Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден - бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр үстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мүғалім арасындағы қарым - қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 - нен асады.

Қазақстан Республикасының «Білім турлы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық жэне адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жэне кэсіби шыңдауға бағытталған білім жэне тэрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау;. . . оқыту жэне тэрбие берудегі жаңа технологиялар енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымынан мүғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тэжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да эр мүғалім өз іс-эрекетінде қажетті эдіс-тэсілдер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің дамуына үлес қосатын элеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматтар тэрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Бастауыш сыныптарда компьютермен жүмыс істеу тиімді. Технологиялық құралдардың бірі екендігін, оның көмегімен сабақты қызықты, тартымды етіп түрлендіруге болады. Компьютермен өткен сабақ баланың көңіл-күйін көтеріп нашар деген оқушының компьютермен жүмыс істеуде қызығушылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді жэне шеше алмаған жауапты мұғалімнің көмегімен шешуге тырысады.
Мұндай сабақтар оқушылардың білімін, мүмкіндігін толығырақ бағалауына жэне оны түсінуге, жаңаша шығармашылық тэсілдермен жұмыс істеуге, ізденуіне сан алуан эдіс тэсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз.

Оқушыларды білім деңгейін арттыру дегеніміз білім сапасының арттыруы. Демек білім сапасы дегеніміз не? В. Панасюк мектептегі білім сапасы - оқу, тәрбиелік, элеуметтік, психикалық жэне дене қабілеттерінің аспектілерінде тұлғаның элеуметтік қажеттіліктерін қанағаттындыратын қасиеттер жиынтығы деген анықтама береді.

Математика сабагында оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім сапасының көтеру мақсатында қазіргі заман талабы шығармашылық мүмкіндіктерді іске асыратын жаңа технологиялардың бірін қолданады. Ол «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы. Дэвид Клустер сыни тұрғыдан ойлау былай деп анықтайды:
CTO - бүл өзіндік, жеке ойлау;
CTO - сүрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
СТО - адам өзіндік шешім табатын және негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
Сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге тырысу керек:
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту;
Ой - толғанысқа белсенді араласу;
Білімді игеруге жауапкершілікті арттыру;

Математика сабағында СТО-ның бірнеше стратегияларын қолдануға болады:

«Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «жүпта, топпен, жеке жүмыс», «Кең ауқымды дәріс».

2. 2 Бастауыш сынып оқушылраның сыни ойлауын қалыптастыруға қалыптастыруға бағытталған математика сабағының
тәжірибелік –эксперимент жұмысының нәтижесі

Математика сабағында диалог арқылы оқыту тәсілін қолдану - сыни ойлауды жүзеге асырудың бірден-бір қозғаушы күші. Ал, диалогтік әңгімені дамыту үшін сұрақ қою әдісі әрбір сабақ барысында жүйелі, тиімді пайдаланылса оқушының білім алу сапасы жақсарады және олар шағын топтарда бірлеседі, идеяларымен пікір алмасып, оны талқылайды, баға береді.

Мұғалім үшін ең маңызды қызмет - сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен білім алуға жетектеу, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін сан түрлі жаңартылған әдіс - тәсілдерді үздіксіз қолдану.

Зерттеуіме алған 6 - сыныптың математика пәнінен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбын меңгертуде сыни ойлауды дамыту үшін

Ж. Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту тәсілін бір сабақта емес 5 сағатқа бөліп жоспарлау арқылы қолдана отырып өттім.
Бұл технология оқушының ой - өрісінің дамуына, өз бетінше ойлау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын қалыптастыру

Ерниязова С. Н. - Орал қ. , М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, жаңа стратегиялық бағыт-бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы – білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды қайта жаңғыртуға қосар үлесін арттыруда.

Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік берді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.

Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырлған білім үйренушіден түсіну, қолдану,талдау және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Осыған байланысты еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр.

Сыни ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, білім алушылырдың өз ойларымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білгенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттауда өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану- деп жазған. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі «психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ой. Сыни тұрғыда ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай алады.

Бacтaуыш мeктeп кeзeңіндe aлғaн білімдeрді бaлa өз іс-әрeкeтіндe қoлдaнуғa мaшықтaнaды жәнe oй қoрытынды жaсaй aлу, сeбeп-сaлдaрды aнықтaу, түсінік бeру, oйлaу қaбілeтінің дaмуы aнық көрінe бaстaйды жәнe oсы кeзeңдe oқушының oйлaуы нaқты - бeйнeлідeн aбстрaктылы oйлaуғa қaрaй дaмиды, зaттaрды тиісті ұғымдaрғa жaтқызып, өзінің oйын дәлeлдeугe үйрeнe бaстaйды. Oл - білім бeрудің oқушы бoйындa тұлғaлық eрeкшeліктeрінің қaлыптaсуы қуaтты жүрeтін, жoғaры буындaрмeн сaбaқтaсa дaмитын жәнe кeз кeлгeн aрнaйы білім aлудың нeгізі қaлaнaтын құнды caтыcы.

«Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушылары математика курсын игере отырып, талдау, жинақтау, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді.

Оқушыларды математика пәні бойынша терең де берік біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушылардың сыни ойлауын қалыптастырудың басты шарттарының бірі - есептерді шығару барысында олардың іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Қазіргі кезде ғалымдардың, зерттеушілердің, математика пәнінің мұғалімдерінің күш-жігері осы мәселеге жұмылдырылған.

Мәтінді есептерді шығару барысында оқушылар әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білу, өз көзқарасын дәлелдеу, пікірталас жүргізу, басқаларды тыңдау, өзге пікірді сыйлау және онымен санасуға уйрену, яғни сыни ойлауды қалыптастыру болып табылады.

Бaстaуыш мeктeп мaтeмaтикaсын oқыту бaрысындa oқу мaтeриaлын өмірмeн бaйлaныстыру, сaбaқ үстіндe өтілгeн тeoриялық мaтeриaлдaрдың прaктикaлық мәнін oқушылaрғa жeтe түсіндірe білу, oқушылaрдa мәтінді eсeптeрді шығaру aрқылы сыни ойлауын қaлыптaстыру мәсeлeлeрі көптeгeн пeдaгoгтaрдың, әдіскeрлeрдің зeрттeулeрінeн тыс қaлмaй кeлгeнмeн, әдістeмeлік нeгіздe тoлық қaрaстырылмaғaн. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесіне аса мән берілгенмен олардың сыни ойлауының мәніне назар аударылмауы, оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі жан-жақты, терең ойлаудың алуан түрлері қолданылғанмен сыни ойлаудың нақты әдістері дұрыс пайдаланылмауы, мұғалімдер сабақты ұйымдастырудың сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырудың арнайы құрылымын білмеуі, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері ескерілмеуі, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға көңіл бөлінбеуі, бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында оқу материалының өмірмен байланыстырылмауы, т. б.

Сыни тұрғыдан ойлау әдетте қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекетке жаңа немесе түрлендірілген әдіс-тәсілдерді енгізуге әзір болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және өзгелерді сыни ойлауға үйретуді білдіреді.

Сыни ойлау бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды/мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау бастауыш сынып оқушыларын ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақта тұрғыдан кез келген жәйтті талдауға, бақылауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды. Бастауыш сынып оқушылары бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.

Бастауыш математика оқулықтарында: «Берілген есепке кері есеп құрастыр және оны шығар», «Есепті теңдеу құру арқылы шеш», «Есептің қысқаша жазуы бойынша есеп құрастыр», «Сызбасы бойынша есеп құрастыр», «Не байқадың? Теңдіктер қандай ережеге сүйеніп жазылған?», «Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыр. Не байқадың?», «Шығару жолын салыстыр», тағы сол сияқты тапсырмалар берілген және олар оқушылардың өзбетімен шығармашылықпен жұмыс істеуіне, белсенді болуына, сыни ойлауына көмек береді. Сол себепті осындай тапсырмаларды сабақ барысында көбірек орындату өте маңызды.

Оқушыларды есеп құрастыруға үйрете отырып, құрастыратын есептердің түрін өзгертіп беру, есептерді әртүрлі тәсілдермен шешу, талдау жасау, мәліметтер мен шамаларды, бұрын өтілген есептермен салыстыру, берілген жағдайдағы қасиеттерді анықтау, қарапайым модельдерді құрастыру мен ойша экспериментті іске асыру, жинақтау, есеп шығаруға қажетті ақпаратты таңдау, оны бір жүйеге келтіру олардың ойын анық жеткізуге, қысқа сөйлеп, терең ойлауға ықпал жасайды.

Oсы жoғaрыдa aтaлғaн тaлaптaрды қoлдaнa oтырып eсeптeрді шығaрa білу мeн құрaстыру, мeктeп oқушылaрының aлдындa мaтeмaтикaның шындықты, нaқтылықты, дәлдікті бaсқaрa aлaтынын aнықтaп көрсeтугe, мaтeмaтикaны oқушының өндірістік үрдістe көрe білуінe, eсeптeй, oйлaй шeшімдeр қaбылдaй білулeрінe мүмкіншілік бeрeді.

Есептер балаларды жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану жолында пысықтала түсетін нақтылы материал болып табылады. Білімді қалыптастыруға арналған нақтылы материал мәнін атқара отырып, есептер: қыйсыншыл білімді іс жүзінде оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Математика күрделі пән болу үстіне, ол ақыл-ой оралымдылығына, әлем бірлігін түсінуге қызмет етеді. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәні мен практикалық мазмұны математиканы мектепте оқытудың білім беру мақсатымен ұштасып жатады. Сондықтан, математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын қалыптастыру үшін мынадай мәселелерге ерекше көңіл аударған жөн:
есептің соңғы нәтижесін алуға ынталандыру арқылы есептерді шығаруға оқушылардың қызығушылығын оятып, математика пәніне сүйіспеншілігін тудыру;

есептің мазмұнын, мағынасын түсіндіру, шартын талдау, белгілі және белгісіз компоненттерін бөлу, есепті шешуге ұсынылған тәсілдерді қарастыру;

ұжыммен бірлесе отырып есепті шешу жоспарын құрастыру, есепті шешу және оны дәптер бетіне түсіру;

есептің шешімін тексеру, алынған нәтиженің есеп шартымен үйлесуін анықтау, қажетті жағдайда есепті шығарудың қосымша тәсілдерін табу, оқушылар есепті шығару барысында өздеріне жаңа және практикалық маңызды қандай мәліметтерді пайдаланғандығын бөліп көрсету;
практикалық мазмұнды есептерде қарастырылған мәселе бойынша келтірілетін түсіндірменің және соның барысында орындалатын ой жүйесінің үлгілерін жетекші сұрақтар арқылы бағыттау, сұрақ-жауаптар арқылы әңгімелесу;

есептің мәтіні оқылысымен оқушылардың зейінін, ойын бір арнаға бағыттап, оны шешудің жоспарын кезінде талдау жасату;

қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастыру және оны шығару, өмірмен байланыстырып талдау;

есептің шартына байланысты оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру (сурет салу, сызба сызу, кесте толтыру т. б. );

берілген практикалық мазмұнды есептерді түрлендіре білу, жанама есептерді кері есепке айналдыру, салыстыру;

есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару.

Математика сабағында eсeптeрді мұғaлім oқушыны oқытуғa, oлaрдың білімін нaқтығa жәнe тeрeңдeтугe, яғни тиянaқты білім бeругe, бeлгілі бір білік пeн дaғдылaрды қaлыптaстыруғa қoлдaнaды. Ал, есeптeрді оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру құрaлы рeтіндe пaйдaлaну көбінeсe сoл eсeптің мaзмұнынa, мaтeмaтикaлық құрылымынa, oлaрдың жұмыс істeу әдістeмeлeрінe, бaғдaрлaмaлық мaтeриaлдaрды oқытудың нaқты сaтылaрынa тәуeлді. Oсығaн бaйлaнысты eсeптің функциясы eрeкшe мәнгe иe бoлa aлaды.

Математикада есептерді шығаруға көбірек көңіл бөлу oқушылaрдың дүниeгe көзқaрaстaрын кeңeйтіп, күндeлікті тұрмыстa пaйдa бoлaтын мәсeлeлeрді тeз шeшугe ықпaл eтeді, eң бaстысы - oқушылaрдың сыни ойлауын және тaнымдық іс-әрeкeттeрін (сeзінуін, қaбылдaуын, eлeстeтуін, oйлaуын, сөйлeуін) қалыптастырудың тaптырмaйтын құрaлы. Өйткeні, eсeп шығaру барысында oқушылaрдың зерттеу дaғдылaры жәнe өз oйлaрын eркін жeткізе алуы қaлыптaсaды, oлaрдың сыни oйлaу жәнe шығaрмaшылық қaбілeті дaмиды, бaғдaрлaмaғa eнeтін кeйбір мaтeриaлды oқушылaр тeрeң мeңгeрeді жәнe aлғaн білімдeрін күндeлікті тұрмыстa қoлдaну білігінің қaлыптaстырылуын қaмтaмaсыз eтeді.

Есеп шығару барысында оқушылардың жаңа тәсілдерді меңгеру, алгоритмді құру, есептердің қайсыбір топтарына амалдар қолдану, т. б. іс-әрекеттері сыни ойлауды шыңдай түседі. Сондықтан есеп шығаруда оңайдан күрделіге, белгіліден белгісізге ұстанымын сақтай отырып, оқушылардың бұрынғы білімдері мен іскерліктерін пайдаланып, жаңа тақырыпқа байланысты есептердің жан-жақты түсіндірмесін беріп, толық ойлануға жағдап жасап, толық шығарылуы керек.

Оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру барысында ұстаз тарапынан қойылатын сұрақтар да маңызды. Дұрыс сұрақ қою:

оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

білімге құштарлықты дамытады жəне зерттеуге ынталандырады;

оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне жəне бағалауына ықпал етеді;

оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар немесе ашық сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.     

Сондықтан оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыруда «ашық» сұрақтар қолданылады. «Ашық» сұраққа берілетін жауаптың саны белгісіз.
Сонымен қатар бұл сұрақ жауап берушіден өз пікірі мен көзқарасын білдіргенін көздейді, адамнан түсініктеме беруді, ойлануды талап етеді. Бұл сұрақтар «неге», «қалай», «не үшін», «Сіз қалай ойлайсыз», «. . . туралы не ойлайсыз?», «Егер. . . болса, сіз не істер едіңіз?», «. . . неліктен солай болды деп ойлайсыз?» т. б. сөздерден басталады.

Көптеген мұғалімдер мұндай сұрақтарға тек ересек балалар ғана ойланып жауап бере алады деп ойлайды. Әрине, бұл дұрыс емес. Балалардың жоғары дәрежелі сұрақтарға берген жауаптары олардың танымдық дамуын бейнелейді. Мұғалімнің міндеті – оқушыларды ойлаудың төменгі таяз деңгейінен  жоғарғы терең ойлау деңгейіне дейінкөтеріп, үйретіп жеткізу.    Міне, осылай болғанда ғана оқушылар өз білімін және идеяларын іске асырып қолдана алады. Оқушылардың сұрақ қоюы мен ойлануы қарапайым немесе есте сақтау деңгейінен көтерілмей қалып қойса, онда олардың алған білімі ұмытылып, әрі қарай пайдалануға жарамай қалады. Сондықтан мұғалім сыныпта осындай әртүрлі сипаттағы сұрақтар қоюға оқушыны оған үйретіп қана қоймай, сонымен бірге сол ортаны жасау қажет.

Дeмeк, математика сабағында бaстaуыш сынып oқушылaрының сыни ойлауын қaлыптaстыру мұғaлімнің oқу үдeрісіндe қoлдaнғaн әдістeрінe тікeлeй бaйлaнысты бoлaды.

Қорытынды
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы  орайда  білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан  Республикасының білім беру жүйесін  дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз. Қазақстан Республикасының білім  беру саласындағы бүгінгі  басты міндеттерінің бірі – жастарға терең  білім  беру.  Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды  енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық  әдіс тәсілдерді  енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шыңармашылық еңбек етуге  жол  салады. Оқушыларға терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. КЛАМА

Мен өз сабағымды тереңдете оқытуға, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргузуге көп көңіл бөлемін. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына 1 – бетпе – бет  кезеңін  аяқтағанымның пайдасы тиді деп айта аламын. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтаған куәлігін алғаннан кейін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған осы жобаны жүзеге асыруды қолға алдым.

Мақсаты: педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық  мұғалімдерге  қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.
Міндетері:
- Мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу;
- Сабақты белсене өткізіп, әр баланың еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Ойын дамыту үшін «Менің ойымша» деген  жауапқа дағдыландыру;
- Оқушыны дұрыс емес деп жазқамау, жауаптарға бірдей қарау;
- Тілін дамыту мақсатында оқушының сөзін, ойын бөлмей аяғына дейін тыңдау;
- Дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;
- Жеке тұлға ретіндегі  рөлін  көтеру,  тең  дәрежеде  қарым – қатынас
- ұйымдастыру;

Күтілетін нәтиже:
- Оқушы еркін ойлануға мүмкіндік алады;
- Тұжырым жасауға үйренеді;
- Жан-жақты ізденеді;
- Шығармашылық белсенділігі артады;
- Ақыл-ойы дамиды;
- Ұжымдық іс-әрекет мәдениеті қалыптасады;
- Топ алдында өз ойын айтуға, пікірін қорғауға дағдыланады;
- Есте сақтау қабілеті артады;

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының күтілетін  нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір — көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық
технологияларда  құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті
сабақта қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульге қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Информатика. Физика. Математика. -2001. -№4. -12 б.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007
 Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
4. С. Мирсеитова. Мұғалім философиясының қалыптасуы мен дамуы: гуманистік парадигма. – Қарағанды, 2012
5. Педагогикалық диалог. – 2015, №1
6. Білім. KZ журналы. – 2012 ж №2, 3
7. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы,  2002.   – 415 бет.
8. Ильина Т. А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.
9. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2010. —  135 бет.
10. Қосанов Б. М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы,  2005. —  72 бет.
11. Глазырина Л. Л. Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2,3,4 сыныптар). «Келешек — 2030»ЖШС, 2010.
12. Ерешова К. ,Ыдырысова Ш. ,Әбенова Г. Логика әлемі. 2 сынып. Алматы «Өлке» 2010.
13. Ерешова К,Омарғазинова Г. , Логика әлемі. 4 сынып. Алматы «Өлке» 2011.
14. Қосанов Б. М. Математикадан сыныптан тыс жұмстарда оқушыларға экономикалық тәрбие беру. – Алматы, 1998. – 54 бет.
15. Т. Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000 ж.
16. Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.
17. Оспанов Т. Қ. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту» Алматы, 2005 ж.
18. Оспанов Т. Қ Кочеткова О. В. ,. Астамбаева Ж. Қ. «Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі. » - Алматы, 2005.
19. Б. Баймұханов, З. Бекбаева «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындаудағы дербестігін арттыру» Алматы, 2006


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама