Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты: елдегі демографиялық жаңалық

Қазақстан халқының саны тарихи межені бағындырды! 2026 жылдың қаңтар айында елдегі халық саны алғаш рет 20,5 миллионнан асты. Бұл қуанышты жаңалықты Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы ресми түрде хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2026 жылғы 1 ақпандағы деректерге сәйкес, Қазақстанның жалпы халқы 20 518 005 адамға жетті. Бұл санның ішінде қала тұрғындары – 13 106 358 адам, ал ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға артқан. Бұл өсімнің 15,8 мыңы табиғи өсім болса, 2,3 мыңы көші-қонның оң сальдосымен байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы 20 миллиондық белгіні 2023 жылдың қараша айында еңсерген болатын. Арада екі жылдан сәл асқан уақытта бұл көрсеткіштің тағы да өсуі – елдің демографиялық дамуындағы оң серпінді көрсетеді.

Урбанизация қарқын алады

Статистикалық мәліметтер қала халқының басым екенін растайды. Халықтың шамамен 63-64 пайызы қалаларда тұрады. Бұл урбанизация үрдісінің белсенді жүріп жатқанын айғақтайды. Ең көп халық шоғырланған өңірлер – ірі мегаполистер мен оңтүстік аймақтар. Алматы, Астана және Шымкент қалалары халық саны бойынша алдыңғы қатарда келеді.

Жаңалықтар

Жарнама