Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мұстафаның "Бірлік туында" ақтарған сыры

«Кеңесті жерде кемдік жоқ. Кеңессіз жерде теңдік жоқ». Бәрінің түп мәні –   бірлік. Ал соның туы астында ел тарихын тарамдасақ, «Бірлік туының» өмірбаянын шақтармыз. Тірлік байрағын тілгілеп, тұтастықты тұқыртқан  «Алаш» пен «Үш жүз» айтысы еді. Тартысқа ұласқан қастық қара таңба қалдырды. Кемдік теңдіктен бір саты биіктеді. Мінекей, «Қазақ» газетінің күні еңкейген соң, келесісінің таңы атты. Ол таңды да сыздатқан біреу. Кім? Мұстафа Шоқайұлы.

Сірә, бұл кейіпкер кереғарлыққа толы. Басылым да дәл сондай сарында. Бет бұрар бағыты, саяси көзқарасы әрнешек суреттерден құралады. Қай билік өкілін демейді? Оған нақ тіл қату қиынның қиыны. Қанық түс автономияны жақтағандығында. Сайып келгенде «уақытша өкіметпен» сапарлас қой. Кеме капитаны Шоқай ақтаңдықтардың төңкерісінен кейін Түркістан өлкесінде өз қазығын қақты. Республиканың беташар тұсында тым жас, тым қорғансыз еді. Білектегі күшті, біл дегендегі басты нендей мұратқа жұмсау керектігін сезді. Бірақ ол сезім де отты айқаста аздық етті. Уақыт куә, біз сыншы. Ендеше «Мұстапа хатын» көрелік. Шын бағасын берелік.

Сәкең атаңның «Тар жол, тайғақ кешуін» парақтасаң Шоқай жөніндегі тақырыпқа тайғанайсың. Мұнда автор алаштық мырзалардың мылтық  дүмінен тайсақтаған қылығын сықақ қылды. 34-ші нөмірде хатта бейнеленген Мұстафа кейпінің кем дүниесін әспеттеді. Оқиғаны бас рөл сомдаған сом Қоқан министрінің көзімен сараптаған оң. Одан соң барып Сейфулиннің жан сейфіне үңілген құп.

Қаңтардың 31-ші жұлдызында Қоқант большевиктері ультиматум қойып, мәмілені алғашқы оқпен-ақ мәнсіз етті. Үкімет адамдары дағдарып, дабыл қағудан басқа іске жарамады. Бастауын таптық. Кейінгі жайттарды да тарқатайық. Сол уақытта Шоқай қышлақтарды кезеді екен. Қоқандағы дүріл тыншымайынша қайтпақ ой жоқ. Бірі болмаса, екіншісі. Пана іздеуден өзге амалы құрығандай. Сондайда қырсық шалып, алдынан сарт шығады. Қазақты да, большевикті де жоямын деп айбарланады. Қайтсын, енді. Онысынан, тіпті, Мұстапа әпенді қашып құтылмайды. Иманын үйіріп жатқанда таныс сарт тасалап кеп құтқарады. Бұдан кейін отты оқ шынымен-ақ атылады. Тек өзіне тимей кетеді. Ақырында, қышлақ болысы Мұстафаны өлімнің қыл бауынан босатады. Тамұққа аттана жаздаған Шоқайдың жазымышы сол болған ғой.

Сәкең атаң баяндаушы ретінде былай дейді. Халыққа қалаулы, көпке тілеулі ер осы ма? Өтіріктің құйрығы бұлаңдайтын сыңайлы. Әсте, Шоқайұлы тимесе, большевиктің тосыннан лаң салуы сирек. Ол қашты. Жау мазағына ұшырап, тұзағына түсті. Опық жеді де. Құдайға дұға бағыштауы амандығына сеп тигізді. Әйтпесе, кім біледі. Бәрінің уақыты өлшеулі ғой.

Саналарыңды сан сауал қаумалаған болар. Мені де көптен бері шер қып жүр. Дос пен қастың арасын айыру оңай емес. Сәкең атаң бүй дейді. Шоқай атаң өй дейді. Бірлік, ту, газет. Үш-ақ ұғым бір мәнді береді. Дәп сондай зиялылармен. Екеуі де ұлтына бақ пен ғұмыр тіледі. Тәңірден сұрады. Әрекетпен айғақтады. Жолдары әртүрлі. Тағдыры ауыр. Қайтейік, бізді не күтіп тұр?...

Ағыбаева Аружан Оразқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама