- 25 ақп. 2022 00:00
- 155
Мұхамеджан Сералин - редактор
Мұхамеджан Сералин өзінің тағылымды ғұмырында Айқаптың айын оңынан туғызған етін. Мың тоғыз жүз он бірінші жылдан бастап негізін қалаған бұл журнал қазақты оқу білімге талпындырып, саяси - әлеуметтік мәселелерді қаузай отырып, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Айқап тарихы шығарушысымен тікелей байланысты. Мың тоғыз жүз он бірінші жыл мен мың тоғыз жүз он бесінші жылдар аралығында "Айқап" журналының мың екі мың данамен сексен сегіз саны жарық көрді.
Негізінен "Айқап" журналы ұлтымыздың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына қарыштай үлес қосқан журнал. Жалпы басылымда қазақ ауылдарындағы оқу-ағартушылық жұмыстарымен қатар әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси нақыштағы айқайлаған мәселелер көтерілді. Торайғыровтармен журналдың шығу негізі қаланса, қызметін Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бейімбет Майлин, Спандияр Көбеев сынды белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым ат салысқан. Қазақтың ұлы Абайы, Шоханымен қатар, ұлт ұстазы Ыбырай туындылары, өлеңдерімен бірге халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланып, жарыққа шықты. Негізнен Мұхаметжан Сералин адуынды редактор. Ол басылымды бастамас алдын демократиялық бағыттағы орыс қазақ тілінде шығатын басылым шығаруды ойға алған. Ол басылымның М. Сералин қазақ бөліміне, журналист С. Иманшалов орыс бөліміне жауап беруге ұйғарылады. Бірақ аумалы-төкпелі заман сипатына орай орыс-қазақ тілінде шығатын бұл дүние аяқсыз қалады. Жалпы сол тұста "Айқап" журналы патша өкіметінің бақылаушы органдарының жіті назарында болды. Өйткені басылым қоғамдық әлеуметтік саяси мәселелерді жақсы шығарып отырды. Жалпы Мұхамеджан Сералин "Айқаптың" редакторы ғана емес, оның алғашқы ұйымдастырушысы, дем берушісі, және идеялық жетекшісі бола білді. Қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Сералин "Айқап" журналының редакторы, ұлтымыздың алғашқы журналистерінің бірі болды. Оның жырлары "Бес ғасыр жырлайды" антологиясында жарық көрді. Журналист қана емес ақындығыменде танымал болған Мұхаң "Топжарған" , "Гүлқашима" поэмаларын жарыққа шығарды. Еңбек жолында, редакторлық бағытында журнал мен газетте отырықшылық мәселелеріне ерекше назар аударып, мақалалар жазды. Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданы орталығында Мұхамеджан Сералинге арнап ескерткіш орнатылды. Патша өкіметінің отарлау саясатын сынай отырып, Сералин шлкедегі жағымды жаңалықтарға баға бере отырып, кей шақтары асыра баға беріпте отырды. Онда орыс қазақ мектеп училищелерінің ашылуына, облыстық басқармаларырдағы мектеп инспекторларының қызметіне баға берді. Ол негізінен орыс тілін меңгеруге шақырды.
"Айқаптың" тырнақалды санына басқарушы, бастырушы деп қолын қойған М.Серәлиннің: «Журналға «Айқап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де болар, түсінбеген де табылар. «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?! «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», – деген беташар сөзі «Оян,Қазақ!» деген ұранның бастамасы болғаны даусыз. «Әй, қап!» деп сан соққан «Айқап» осы уақытқа дейін қазақтарға үлгі-өнеге.