- 25 ақп. 2022 00:00
- 192
«Дала уалаятының газетіндегі» ауыз әдебиеті үлгілері.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Тіл ұстартып, адамға тәрбие беруші құрал. Әлихан Бөкейхан айттып кеткен газеттің негізгі басты 4 қағидасы бар. «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі. Екінші: газет – жұртқа қызмет ететін құрал. Үшінші: газет – халыққа білім таратушы. Төртінші: газет – халықтың жоқтаушысы».
Ғаламтор желісі тиімді болып, оны мақтасақ та, ол газет пен журналдай бола алмайтынына сенімдімін. «Дала уәлаятынан» бастап өсіп-өніп келе жатқан бүгінгі қазақ газеттерінің айтар сөзі, жеткізер ойы баршылық.
Жалпы қазақ публицистикасының қалыптасуына үлкен әсер еткен басылым - «Дала уалаятының газеті». Қазақ тіліндегі екінші атаулы басылым болып танылды. 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарық көре бастады.Алғашқы қазақ мерзімді басылымның пайда болуы мәдениеттің дамуындағы түбегейлі бетбұрыс болды.Газет ашылып, патша үкіметінің бұйрық , жарлығын ғана жариялап отырса, газеттен келіп кетер пайда аз болар еді. Ұлттық мерзімді баспасөздің пайда болуы – Дінмұхамед Сұлтанғазин пен Ешмұхамед Абылайханов сынды сол кездегі қазақ халқының озық ойлы ұлдарының еңбегі.Сол кездегі қазақ зиялылары оны халық санасын оятуға, ішкі-сыртқы саясаттан мол хабардар етуге пайдаланды.Маңызды бірақ қауіпті жұмыс болатын. Газетегі басылған шығармалар түрі, құрылымы, жанры жағынан алуан түрлі бағыттарда жарияланып тұрды.
Жасынан білім мен ғылымға жаны құмар - Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожиннің «Дала уалаяты – қазақтың тұңғыш газеті» деген кандидаттық диссертациясы қатты сыналады. Ол көзінің тірісінде қазақ мерзімді баспасөзінің тарихына арнап 60-тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты монографиялық еңбек жазған ғалым. Қазақ өлкесіндегі алғашқы басылым «Дала уалаятының» кәсіби тұрғыдан зерттелуі де журналистика саласындағы Қайыржан Бекхожин сияқты ұлтжанды ағаларымыздың қолы жете алмағандарын зерттеп, айта алмай құса болып кеткендерін кейінгі ұрпаққа жеткізу кейінгі толқын біз секілді жастардың қолында. Ғұмыры ғибартқа толы ғалымның қиын-қыстау жылдарда басын өлімге тігіп, тарихтың қойнауын ақтарып, шындықтың түбіне жетуге тырысқан өнеге етер мұраларының мәңгі жасайтындығы ақиқат.
Басты мақсаты жергілікті халықты үкімет жарлықтарымен таныстырып, патша әкімшілігі мен жергілікті биліктің өлке әкімшілігіне қатысты жарлықтары, қаулылары және басқа да құжаттары жариялау. Газет орыс ғалымдары мен жазушыларының жергілікті халықтардың тарихына, этнографиясына, мәдениетіне қатысты еңбектеріне де назар аударды. Айналымының аздығына қарамастан газет қазіргі Қазақстанның барлық аумағына дерлік тарады. Қазақстанның Орталық ғылыми кітапханасында, сирек кітаптар бөлімінде газеттің көшірмелері сақталған.