Науқас психологиясының қарым-қатынасқа әсері
І. Кіріспе
Науқас психикасының саулығын сақтау мен жетілдіру негізі салауатты өмір салты болып саналады: ойлау мен еңбек ету әрекеттерінің тиімді күнтәртібі, жан дүниесінің ахуалы мен қанағаттануы.
Медицина қызметкері өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т. б. қарым - қатынастарды жатқызуға болады. Медицина қызметкерімен науқас адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Ауру адамға көмектесу, аурудан жазылып кететіндігіне сендіру әңгімелерде, сұхбаттасуда қарым - қатынас барысында медицина қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Кейінгі уақытта медицина қызметкерлерінің науқас алдындағы жауапкершіліктерін дұрыс атқармағандығы өз ісіне салғырттық танытқандығы үшін психологиялық қолдау көрсетпеуі, зиян тигізуі жағдайлары көбею де. Менің ғылыми жобамның мақсаты емделуші психологиясына денсаулығына қарым - қатынастың әсерін зерттеу.
Зерттелетін тақырып: «Науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері»
Тақырыптың өзектілігі: Қарым - қатынастың науқас психологиясына әсер етуі тақырыбын алу себебіміз, соңғы жылдары психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталуда. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т. б.) орын алуы байқалады.
Науқас денсаулығына қарым - қатынастың әсері бар екендігін өз зерттеу жұмысымда дәлелдегім келді.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Науқас психологиясына қарым - қатынастың әсерін зерттеу.
Зерттеу жұмысымыздың әдісі: Сауалнама, бақылау, сұхбат әдістері арқылы зерттеу жұмысымыз жүргізілді. Жұмыстың зерттеу обьектісі болып Панфилов аудандық аурухан емделушілерін медицина қызметкерлерімен қарым - қатынасын анықтау болып табылды.
2. 1. Науқас психологиясы
Әр адамның психологиясы сан қилы болып келеді. Олар қоршаған ортадағы өзгерістерді, болып жатқан жағдайларды түрліше қабылдап түсінеді. Науқас психологиясының негізгі көрнісі науқастың дертіне деген көзкарасы.
Науқастың ауруға деген әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалауымен сипатталады. Осыған орай, дерттің “объективті” және “субъективті” ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады.
Дерттің объективті ауырлығы, қандай да бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы, сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден бір фактор болып табылады.
Науқас жағдайды аурудың субъективті ауырлығы арқылы, яғни науқас және оны қоршаған ортаның(отбасы, еңбек ұжымы) өзіне деген көзқарасы негізінде бағалайды. Оның негізінде, дерттің диагнозының сарапталуы, болжамы мен оның ауырлық дәрежесін бағалауы жатыр.
Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасына әсер ететін факторлар:
І Жекеше – конституционалдық факторларға келесілер жатады: жынысы; жасы; мамандығы;
ІІ Индивидуальді психологиялық факторлар: темперамент қасиеттері; мінезінің ерекшеліктері;
Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде әйел адамдарда ауырсыну сезіміне төзу қабілеті табиғи қалыптасқан.
Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтауға болады.[1|113]
Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет - әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан, медициналық тұрғыда өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның бет әлпетіне, сымбатына кері әсер тигізетін аллергиядан туындаған тері өзгерістері, күйіктерден пайда болған тыртықтар, т. б жатады.
Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды. Жас адамның бет әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда болуында туындайтын психиопатологиялық синдром – дисфомания, тек осы жаста ғана байқалады. Дисфоманиялық синдром дамығанда әсіресе, қыз балаларда өзін «көріксіз есептеу» жайында жалған сезім туындайды. Бұл жасөспірімнің дене бітімінің өзгерістері нәтижесінде дамиды. Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Егде жастағы науқастарға онкологиялық, созылмалы соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды. Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілетінің төмендететінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.
Мамандығы. Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы, спортшылар немесеспорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохондроз секілді дерттер ауыр тиеді.
Темперамент ерекшеліктері. Темперамент - индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үрдістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритмінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Темперамент параметрлеріне сәйкес дертке деген науқастың психологиялық реакциясын анықтауда, эмоциональдық ауырсынуды көтеру, дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет атқарады.
Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы холерик пен меланхоликтерде, сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен екені анықталған.
Мінездің ерекшеліктері. Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты. [1|115]
2. 2. Аурудың ішкі бейнесі
Ауру тұлғасының ауруға психологиялық реакциясының негізінде дерт туралы өз көрінісі, білімі пайда болуын - аурудың ішкі бейнесі дейді. Бұл - науқастың өз дертіне өз басының қатынасы, реакциясы, жауабы. Ол ішкі органдардың зақымдануымен немесе жалған зақымдануымен байланысты, яғни науқастың өзін аурумын деп санауы. Мұнда міндетті түрде сырттан бақылаушы адам болуы керек, науқастың қайғысы сол адамға бейімделіп бағытталған.
Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:
Медициналық қызметкер әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дертке реакциясын, әрқашан да назарынан тыс қалдырмауы қажет. Ем нәтижелі және тиімді болуы үшін медициналық қызметкер науқастың мінез - құлқына, оның дертіне, психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процесіне адамның өзін тартып қатыстырып отырса, жоғары нәтижеге жету мүмкіншілігі бар екені мәлім.[3|110]
2. 3. Медицина қызметкерінің науқаспен қарым - қатынасы
Медициналық қызметкер де өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым - қатынас, байланыс, сұхбат (коммуникация) жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туған - туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен) т. б қарым - қатынасуы жатады. Медицина қызметкері мен сырқат адамның қарым - қатынасы жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым - қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір - бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Медицина қызметкерінің жұмысының нәтижелілігі мен деңгей - дәрежесі оның білімділігі мен біліктілігі ғана емес, қарым - қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық.[6|62]
Медициналық қызметкер мен науқас арасындағы қарым - қатынас, медициналық қызметкердің жұмысында өте маңызды орын алады. Медициналық қызметкер мен науқас және оның туысқандары бір - біріне сенім тудыратын қарым - қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым - қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т. б).[2|98]
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз - медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т. б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым - қатынас жасау қабілеті деп білеміз.
Сонымен, медициналық қызметкердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл - күй жағдайында жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастар өте жоғары баға береді.
Аффилиация. Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация - сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан – көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу.
Рефлексия - қатынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»- деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір - біріне көрсеткен мінез - құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.
Эмпатия - науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы - қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл - тиісті дәрежеде медициналық қызметкер - науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.
Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері - медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.
Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір - қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді.
Медициналық қызметкерінің керісінше (негативтік) әсері. Медициналық қызметкерлердің қалыптан тыс орынсыз айтылған сөздері науқасқа психологиялық зиян келтіріп, түрлі қарым - қатынас қайшылықтарына әкеліп соғады. Бұның салдарынан ятрогения - медициналық қызметкерлердің абайсызда айтқан сөзінен туатын невроз аурулары пайда болады. Ятрогениялардың көбі жиі жағдайларда байқамай, абайсыз айтылған медицина қызметкерлерінің сөзі, ал ол оның шын ойына негізделген емес екені мәлім. Науқас психологиясына, денсаулығына ятрогенияның әсері мол. Сол себепті менің ғылыми жобамда науқас психологиясын қарым - қатынастың әсерін зерттеу басты мақсатым болып табылды. [1|13]
Медициналық қызметкер науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері мол екендігін білуі қажет. Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенция - сының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды: науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу; науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын - алуда маңызды екенін көрсету; дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға ықпал ету; «медициналық қызметкер - науқас» қарым - қатынасында медициналық қызметкердің сақ болуы.[7|196]
Науқастармен қарым - қатынас жасауда вербальды және вербальды емес қатынастар маңызды орын алады. Дәрігер науқастарды қабылдағанда өзінің қимыл әрекеті арқылы оларға кері немесе жағымды әсер етуі мүмкін. Егер дәрігер науқасты бар ынтасымен тыңдап, назарын тек науқасқа аударып, ауруына науқастың көзқарасымен қарап отырғанын сездірсе науқас та дәрігерге көп сенім артады. Ал егер бәрі керісінше болып, науқасқа назар аудармай басқа іспен шұғылданып отырса, науқастың психологиясына кері әсерін тигізіп, шипа іздеп келген дертіне кері әсер етуі мүмкін.
Сырқаттарды емдеуде дәрігер үшін сөздің рөлі әрдайым жоғары. Науқаспен қарым - қатынаста дәрігердің дауыс көтермей, бірқалыпты шыдамдылықпен, тіл мәдениетін сақтап, тұрпайылық жасамауы қажет.”Әркім өз ауруымен ауырады, оған қорқыныш қосылады” деген қанатты сөз бар. Міне сондықтан дәрігер өзінің мінез - құлқымен, байқап сөйлеуімен және ойлы, дұрыс ақыл - кеңесімен сырқаттарға әлдебір күдік туғызудан қашық болғаны абзал. Кейде сырқат көзінше медициналық
қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды, ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Ол медициналық қызметкердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез құлқынан шығады.[3|20]
Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның кілттік негізгі дағдылары, мынандай ережелерден тұрады: науқаспен қатынасуда басымдылық танытпау; Науқасты ептілікпен тоқтата білу; Позитивтілікті күшейту;
Сұрақтарды дұрыс қоя білу; Вербальді ақпараттарды дұрыс жинай білу; Коммуникативті дағыларды қолдану; Науқасты сендіре білу қабілеті; Науқасқа әсер ете білу; Коммуникативті білгірлігін құрай білу; Вербальді емес коммуникацияның компоненттерін қолдана білу; Науқастың айтқандарын тұжырымдай білу; Эмоционалды тұрақтылық; Коммуникативті қабілеттілігін көрсете білуі қажет; Адамдармен қарым - қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну керек.
Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар - оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым - қатынасы науқас психологиясына оң әсерін береді.
Зерттеу жүргізу кезеңі
Ғылыми жобамыздың зерттеу обьектісі болып «Панфилов аудандық аурухана» және «Аудандық перзентхана», үйде аурып жатқан 10 қарт науқастарға күтім жасау арқылы қарым - қатынастың емделуші психологиясына әсерін анықтау болып табылды. Сауалнама бойынша 120 науқас қатысты.
Қортынды
Ғылыми жобамды ежелгі грек философы Сократ айтқан сөзімен қортындылағым келеді: «Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген. Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.. Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде, сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын. Науқас пен медицина қызметкерінің арасындағы қарым - қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады.
Қорыта айтатын болсам адам жанына жақсы, жаман сөздің, қарым - қатынастың әсерін зерттеу жұмысымыздың мақсатына жеттік. Сауалнама нәтижесі бойынша 2018 - 2019 жылы сауалнамаға 120 науқас қатысты. Сауалнама қортындысы 99% науқастарға жақсы қарым - қатынастың әсер етуі жоғары, жаман қарым – қатынастың жақсы қарым - қатынастан 97% көрсеткішті көрсетіп турғаннын диаграммадан көре аламыз.
Медицина қызметкерімен науқас және оның туысқандары бір - біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуы менің зерттеу жұмысымның нәтижесінен көруге болады. Медицина қызметкерінің қарым - қатынасы науқас денсаулығына әсері, психологиялық қолдауы маңызды екендігін ғылыми зерттеу жұмысыммен дәлелдей алдым деп ойлаймын.
Зертеу жұмысымыздың жаңашылдығы
Медицина қызметкері мінезі жаман, науқастармен қарым - қатынасы дөрекі, қатал, инекция мен емдік іс - шараларды орындауда науқас өзін жағымсыз сезінде, ауырлық сезімі болады (дене көгеруі, тамырдың жоғалып кетуі, қорқу т. б.) Жақсы қарым - қатынаста мінезі жұмсақ, мейірімді медиицина қызметкері инекция, емдік іс - шараларды орындауда науқас еш ауырлықты сезінбейді өзін жайлы сезінеді.
Зерттеу нәтижесінің қортындысы бойынша науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері бар екендігіне көзімізді жеткізе аламыз.
Ұсыныс
Науқастарды күту және оңалту үшін тиімді қарым - қатынас жасау әдіс тәсілдерін үйрену.
Орта буын медицина қызметкерлеріне психологиялық курстарды оқыту мәселесін қарастыру
Медбикелердің физикалық қажуын төмендететін релакциялық жұмыстарын қарастыру.
Медициналық қызметкерлерге әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кулимова Л. Т. «Коммуникация негіздері» Қарағанды обл., 2012ж ЖҚ. Ақнур
2. М. А. Асимов, С. А. Нұрмагамбетова, Ю. В. Игнатьев «Коммуникативтік дағдылар»
3. Л. С. Заликина «Сырқаттың жалпы күтімі» педвузов. – Москва: Гуманист идз. центр ВЛАДОС, 2000. - 528 с.
4. Смирнова Е. Е.. Психология общения. – СПБ: КАРО, 2005. - 336 с.
5. С. Н. Елеусізова «Қарым - қатынас психологиясы» Алматы, 1995ж.
6. М. А. Асимов, С. А. Нұрмағамбетова, Ю. В. Игнатьев «Коммуникативті дағдылар» Алматы, 2009ж.
7. Р. Г. Илешева «Медициналық психология» Алматы, 2009 ж.
№1. Науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері?
1. Сіз қайда тұрасыз:
2. Қалада;
3. Ауылда.
1. Сіздің жасыңыз:
2. Арызданамын
1. Медицина қызметкері мінезі жаман, науқастармен қарым - қатынасы дөрекі, инекция, емдік іс - шараларды орындауда науқас өзін жағымсыз сезінеді (дене көгереді, тамырдың жоғалып кетуі, қорқу). Бұл жағдайға қарым - қатынастың әсері бар деп ойлайсыз ба?
2. Ия
3. Жоқ
4. Медицина қызметкері мейрімді, сыпайы науқастармен қарым - қатынаста өте әдепті емдік іс - шара, инекцияларды орындауда науқас өзін жағымсыз сезінбейді (дене көгеру, тамырдың жоғалып кетуі, қорқу). Бұл жағдайға қарым - қатынастың әсері бар деп ойлайсыз ба?
5. Ия
6. Жоқ
№2. Науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері?
1. Сіз қайда тұрасыз:
2. Қалада;
3. Ауылда.
1. Сіздің жасыңыз:
3. Жүйкем ауырады
4. Ауруым асқынады
5. Ешқандай әсері болмайды
6. Медицина қызметкері сізге басқа дәрі тағайындап қойды, сіздің ауруыңыз асқынып жағдайыңыз нашарлады, медицина қызметкері өз қателігін мойындамады сіздің әрекетіңіз?
7. Үндемеймін
8. Арызданамын
11. Медицина қызметкері мінезі жаман, науқастармен қарым - қатынасы дөрекі, инекция, емдік іс - шараларды орындауда науқас өзін жағымсыз сезінеді (дене көгереді, тамырдың жоғалып кетуі, қорқу). Бұл жағдайға қарым - қатынастың әсері бар деп ойлайсыз ба?
• Ия
• Жоқ
12. Медицина қызметкері мейрімді, сыпайы науқастармен қарым - қатынаста өте әдепті емдік іс - шара, инекцияларды орындауда науқас өзін жағымсыз сезінбейді (дене көгеру, тамырдың жоғалып кетуі, қорқу). Бұл жағдайға қарым - қатынастың әсері бар деп ойлайсыз ба?

- қолайсыз жағдай;
- науқастың өз денсаулығын өзі (науқас) бағалауы, ауруын қабылдап, өз ролін атқаруы;
- ауруға (дертке ) реакциясы;
- ауру себептерін білуі;
- әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі реакция беруі.

- 18 жасқа дейін;
- 18 - 39 жас;
- 40 - 60 жас;
- 60 жастан үлкен.
- жұмыскер;
- жұмыссыз;
- оқушы;
- зейнеткер;
- мүгедек;
- басқа.
- Ия
- Жоқ
- Кейде
- Медицина қызметкерінің абайсызда дөрекі сөйлейтін жағдайлары болды ма?
- Ия
- жоқ
- Жаман қарым - қатынастың науқас психологиясына әсері бар деп ойлайсыз ба?
- Ия
- Жоқ
- Дұрыс емес қарым - қатынас (айқайлау, дұрыс жауап бермеу т. б) сіздің жағдайыңызда болды ма? Болса сіздің денсаулығыңызға әсерін тигізді ме?
- Болды (басым ауырды, журегім қысылды т. б)
- Жоқ
- Медицина қызметкері ашумен аты - жөніңізді дұрыс айтпады, кешірім сурауды жөн көріп турған жоқ сіз ұрсып жібердіңіз дұрыс айтуын талап еттіңіз бұл жағдай ауырып турған адамның денсаулығына әсер етеме?
- Ия
- жоқ
- Ауруханада кезекте 25 - ші болып турсыз сізден кейінгі келгендер кіріп жатыр, сіз түсіндіруін талап еттіңіз бірақ медицина қызметкері сіздің сұрағыңызға жауап бергісі келмеді болған оқиға сізге қалай әсер берді
- Жүйкем ауырады
- Ауруым асқынады
- Ешқандай әсері болмайды
- Медицина қызметкері сізге басқа дәрі тағайындап қойды, сіздің ауруыңыз асқынып жағдайыңыз нашарлады, медицина қызметкері өз қателігін мойындамады сіздің әрекетіңіз?
2. Арызданамын
1. Медицина қызметкері мінезі жаман, науқастармен қарым - қатынасы дөрекі, инекция, емдік іс - шараларды орындауда науқас өзін жағымсыз сезінеді (дене көгереді, тамырдың жоғалып кетуі, қорқу). Бұл жағдайға қарым - қатынастың әсері бар деп ойлайсыз ба?
2. Ия
3. Жоқ
4. Медицина қызметкері мейрімді, сыпайы науқастармен қарым - қатынаста өте әдепті емдік іс - шара, инекцияларды орындауда науқас өзін жағымсыз сезінбейді (дене көгеру, тамырдың жоғалып кетуі, қорқу). Бұл жағдайға қарым - қатынастың әсері бар деп ойлайсыз ба?
5. Ия
6. Жоқ
№2. Науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері?
1. Сіз қайда тұрасыз:
2. Қалада;
3. Ауылда.
1. Сіздің жасыңыз:
- 18 жасқа дейін;
- 18 - 39 жас;
- 40 - 60 жас;
- 60 жастан үлкен.
- жұмыскер;
- жұмыссыз;
- оқушы;
- зейнеткер;
- мүгедек;
- басқа.
- Ия
- Жоқ
- Кейде
- Медицина қызметкерінің сізге құрмет көрсетуі өз жұмысына ұқыптылықпен қарап, науқас күтімін дұрыс атқаруы, нуақас денсаулығына әсер етеді деп ойлайсыз ба?
- Ия
- жоқ
- Жақсы қарым - қатынастың науқас психологиясына әсері бар деп ойлайсыз ба?
- Ия
- Жоқ
- Медициналық қызметкердің тиімді қарым - қатынас жасауы сіздің денсаулығыңызға әсерін берген жағдайлар болды ма?
- Ия
- Жоқ
- Науқас ашуланып айқайлай бастады, медициналық қызметкер науқастың жағдайын түсініп жағдайды түсіндіріп ем шараны жалғастырып өз ісін жоғары нәтижемен аяқтады сіздің ойыңыз?
- Жоғары бағалаймын
- Өз міндеті деп ойлаймын