Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС - ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ
Құрметті отандастар!
Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!
Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр.
Елімізде жер - жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда.
Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш - жігерімізді біріктірдік.
Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.

Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей - жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.
Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын.
Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.
Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды.
Уақытша табыссыз қалған 4, 5 миллионнан астам азаматымыз 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ.
Миллионнан астам адамға азық - түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді.
Елбасы – «Nur Otan» партиясы төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы «Біргеміз» қорының қолдауымен бір жолғы қаржылай көмекке ие болды.
Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда.
Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді.
Ең бастысы – біз азаматтардан ешнәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл – кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы.
Алайда, ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет.
Алдағы айларда күш - жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек.
Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан - жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек.
Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделуге тиіс.
Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде.
Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде.
Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Дегенмен, еліміздің жаңа геосаяси ахуалдағы ұзақ мерзімді дамуын естен шығармауымыз керек.
Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде
5 жылға дейін уақыт қажет.
Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады.
Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой - беделге ие болдық.
Сондықтан, әлемнің жаңа болмыс - бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет.
Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.
Ендеше, іс - қимыл жоспары қандай болмақ?
I. НОВАЯ МОДЕЛЬ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ
Реформы в этой сфере следует проводить системно.
Начнем с того, что изменим подходы к государственному управлению, кадровой политике, системе принятия решений и ответственности за их выполнение.
В условиях пандемии и кризиса действующая система госуправления работает на максимальных оборотах. Решение оперативных задач отнимает время и ресурсы.
Но ни в коем случае нельзя выпускать из виду дальний горизонт. Поэтому мною принято решение создать Агентство по стратегическому планированию и реформам с прямым подчинением Президенту.
Подобный орган ранее существовал и успешно выполнял возложенные на него задачи.
Теперь он вновь станет центральным звеном всей системы государственного планирования.
Разрабатываемые Агентством реформы должны быть конкретными, реалистичными и, самое главное, обязательными к исполнению всеми госорганами.
Создается Высший президентский совет по реформам, решения которого станут окончательными.
Для большей объективности оценки быстро меняющейся ситуации в состав Агентства переводится Комитет по статистике.
Так сложилось, что в системе государственного планирования главным планировщиком, исполнителем и оценщиком выступает госаппарат. Это неправильно.
Система государственного планирования должна обеспечить мобилизацию всех человеческих ресурсов, вовлечь частный сектор и общество в качестве полноценных партнеров на всех этапах: планирования, исполнения, оценки.
Следует прекратить подготовку государственных программ с большим количеством показателей и индикаторов. Пора перейти на формат лаконичных национальных проектов, понятных всем гражданам.
В качестве целеполагания следует определить главенство результата над процессом.
Проведение столь кардинальной реформы потребует пересмотра деятельности всего госаппарата. Здесь важное значение приобретает синергия в планировании и реализации реформ.
Потребуется перезагрузить систему государственной службы.
Пандемия и перевод большинства сотрудников государственных органов на режим удаленной работы показали, что госаппарат можно и нужно сокращать.

Жолдаудың толық нұсқасын жүктеп алу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама