Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтан ба?
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
САБАҚ: 3Мектеп: «Қ. Сәтпаев атындағы орта мектеп» КММ
Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Молдағалиев Ерхан Болатұлы
Сынып: 6 «Ә»Қатысқан оқушылар саны: 6Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбыАбай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттарыТ/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
Сабақтың мақсаттары1. Идеясы арқылы әлеуметтік – қоғамдық мәселені анықтау
2. Шынайы өмірмен байланыстыру.
3. Өз көзқарасын білдіру

Ойлау деңгейіБілу. Түсіну. Қолдану
Бағалау критерийлері- Өлеңнен дәлелдер келтіре отырып, қоғамдық - әлеуметтік мәселені анықтайды.
- Сол кездегі әлеуметтік - қоғамдық мәселені қазіргі қоғамдық - әлеуметтік мәселемен салыстырады.

Тілдік мақсаттар Пән лексикасы және терминология: әлеумет, қоғам сөздерінің мағынасын түсінеді. Нәфрәтлі, ғибрәтлі, ғалым, ғылым, бес асыл іс, бес дұшпан сөздері қолданылады.
Сұрақтар:
Абай өмір сүрген кезеңде халықтың барлығы бірдей сауатты болды ма?
Абай өмір сүрген кезеңде халықтың тұрмыстық жағдайы қандай болды? 

Құндылықтар Бес асыл қасиетті өз бойына сіңіруге тәрбиелеу 
Пәнаралық байланысҚазақстан тарихы. Патша өкіметінің билеп тұрған кезеңі.
Осыған дейін меңгерілген білім«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясы
Жоспар
Жоспарланатын уақытЖоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)Дереккөздер
Сабақтың басы
1. мин
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Ержүрек Ерханмын, сұлу Сымбатпын...»
Мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.




Сабақтың ортасы
1 - тапсырма. Топтық жұмыс.
8 минут
2 - тапсырма. Топтық тапсырма
15 - минут
3 - тапсырма: Жеке жұмыс.
10 - минут
1 - тапсырма. Топтық жұмыс. Берілген ақпараттық мәтінді оқып, Абай өмір сүрген кездегі қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді топтастыру арқылы анықтаңдар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
әлеуметтік - қоғамдық мәселе


 
Дескриптор:
Ақпаратты түсініп оқиды
Сол кездегі әлеуметтік - қоғамдық мәселені анықтайды
(Оқу барлығына қолжетімді болған жоқ
Діни мектептер негізгі қажеттілікті өтей алмады
Қыз балалар оқыған жоқ
Сауатсыздық басым болды
Қазақ мектептері аз болды
Үстем тап өкілдері билік жүргізді
Қарапайым халық кедейшілікте өмір сүрді)
ҚБ: Мұғалімнің бағалауы «Мадақтау»
2 - тапсырма: Топтық тапсырма: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жоғарыдағы әлеуметтік - қоғамдық мәселелер қалай көрініс тапқан. Мәселелерді «балық қаңқасына» салыңыздар.
Балықтың басы – Өлеңнің идеясы
Үстіңгі сүйектері – Өлеңде көтерілген қоғамдық - әлеуметтік мәселелер
Астыңғы сүйектері – Ақын ұсынған шешу жолдары
Құйрығы – Мәселенің шешімі
Дескриптор:
3 - тапсырма: Жеке жұмыс. Абай ақынның орнында болсаң қазіргі қоғамдағы қандай мәселені әлеуметтік - қоғамдық мәселе дер едің? Оны шешудің жолын қалай ұсынасың? Ойыңды сараптап 5 - 6 сөйлеммен жаз.
Дескриптор:
Қазіргі 1 әлеуметтік - қоғамдық мәселені анықтайды.
Шешу жолын ұсынады.
Сөйлем көлемін сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау: Өзін - өзі бағалау.
Дескриптор+-
Қазіргі 1 әлеуметтік - қоғамдық мәселені анықтайды.

Шешу жолын ұсынады

Сөйлем көлемін сақтайды.

Тарих
http://kazorta. org/abaj - mir - s - rgen - d - uir/

Сабақтың соңы
4 мин.
Кері байланыс: «3 - 2 - 1» стратегиясы
·Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
·Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 ұғым немесе пікір;
·Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс - әрекет.



Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

  Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Оқушыларға қолдау көрсету үшін құрлымдалған топ құрамын. Абай Кезеңіндегі қоғамдық - әлеуметтік мәселені сипаттайтын мәтін ұсынамын.
Қабілеті жоғары оқушыларға өзара бағалауды, топта көмек көрсетуді ұсынамын. 
Алған білімін анықтау үшін «Жетістік баспалдағы» өзара бағалауы, дескриптор арқылы өзін - өзі бағалау сияқты түрлерімен тексеремін. Абай кезеңіндегі қоғамдық әлеуметтік мәселені анықтап алу үшін тарих пәні мұғалімінің көмегі керек болады деп ойлаймын.
Бес асыл қасиетті өз бойына сіңіруге арналған тапсырмалар ұсынамын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама