- 08 қаз. 2021 00:00
- 412
Қазақша жыл санау жүйесі
Жыл санаудың өзіндік үлгісі қазақ халқында да бар. Қазақтар жылды мүшел арқылы санайды. Бір мүшелді он екі жыл құрайды. Әр жылға он екі аңның аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Ай аттары: наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр жылдың наурыз айының 22 жұлдызы — қазақтар үшін жаңа жыл, жыл басы.
1 |
Тышқан |
1972 |
1984 |
1996 |
2008 |
2 |
Сиыр |
1973 |
1985 |
1997 |
2009 |
3 |
Барыс |
1974 |
1986 |
1998 |
2010 |
4 |
Коян |
1975 |
1987 |
1999 |
2011 |
5 |
Ұлу |
1976 |
1988 |
2000 |
2012 |
6 |
Жылан |
1977 |
1989 |
2001 |
2013 |
7 |
Жылқы |
1978 |
1990 |
2002 |
2014 |
8 |
Қой |
1979 |
1991 |
2003 |
2015 |
9 |
Мешін |
1980 |
1992 |
2004 |
2016 |
10 |
Тауық |
1981 |
1993 |
2005 |
2017 |
11 |
Ит |
1982 |
1994 |
2006 |
2018 |
12 |
Доңыз |
1983 |
1995 |
2007 |
2019 |
Осы кестені пайдаланып қазақтар өзінің қай жылы туылғанын есептеген. Сонымен, мүшелдік жыл санау тышқаннан басталады. Әр жылдың атауына байланысты өз ерекшелігі болады. Соған қарап, ежелден қазақ халқы ауа райына қатысты құбылыстарды бақылап, қай жылда, қайсы айда, тіпті қай күндері ауа райы қандай болатынын анықтап отырған. Кейбір адамдар өткен мезгілдердегі өзгерістерді салыстыра есептей отырып, алдағы уақыттағы ауа райын болжай алған. Оларды «есепшілер» деп атаған. Ал кейбіреулер шоқжұлдыздарға қарап та күннің қашан жауатынын, желдің қайдан шығатынын, қысқасы, жылдың әр мезгіліндегі ауа райын алдын ала болжап отырып, дәл айтқан.
Оқуға кеңес береміз:
Адамның жасына байланысты атаулар