Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарақұмдағы халық құрылтайы

XV ғасырдың 50-ші жылдары басталған ойраттардың қазақ даласына шабуылы бірде күшейіп, бірде бәсеңсіп отырған. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталып, қазақтарды Ташкентке қарай ығыстырды. Мұндай жойқын жорыққа қарсы күрес ұйымдастыру үшін 1710 жылы қазақ халқының игі жақсылары жиналып, Арал маңындағы Қарақұм деген жерде құрылтай өткізеді. Құрылтайдың өтуіне сол кездегі қазақ ханы Тәуке ықпал жасайды. Жиынға қатысушылардың бір бөлігі жоңғарларға бодан болуды қаласа, екінші бөлігі қолайлы сәтті күтуді жөн көреді. Бірақ Қанжығалы Бөгенбай батыр халықты жоңғарларға қарсы шабуылға шығуға көндіреді.

Бұл бас қосуда Әбілқайыр хан үш жүздің біріккен әскерінің басшысы, ал Бөгенбай батыр бас қолбасшысы болып сайланады.

Оқуға кеңес береміз:

Әбілқайыр хан

Бөгенбай батыр

Әбілқайыр хан: Қазақ елінің болашақ дамуына стратегиялық, саяси және адамдық таңдау жасауды білетін саясаткер-адам


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама