Қазақтың ұлттық киімдерін түсіндірген жай сөйлемдер
Ашық сабақ
Тақырып: Қазақтың ұлттық киімдерін түсіндірген жай сөйлемдер.
Ойқазық:
Ұлттық киім - бай, тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу, зерделеу, орынды қолдану, дамыту ұрпақ міндеті.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдермен таныстырған жай сөйлемдер.
Мақсаты: 1. Білімділік: қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру, тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыру, әңгімеге дайындау, жай сөйлемнің түрлеріне қатысты білімдерін бекіту;
2. Дамытушылық: тақырыпты өрбітіп, ауызекі сөйлей білуге, мәнерлеп оқуға үйрету, алған білімдерін шығармашылықта қолдана білуге дағдыландыру;
3. Тәрбиелік: ұлттық дүниетанымды құрметтеуге, дәстүрді қадірлеуге, әдемі де таза киіне білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақтың ұйымдастырылу түрі: білім мен іс - әрекет әдістерін қалыптастыру ( сұрақ – жауап, танымдық ізденушілік, алдын ала тапсырма беру, талдау, зерттеу әдістерін қолданумен); сатылай – кешенді талдау, модульдік, проблемалық оқыту технологиясы элементтерін қолдану;
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: слайд - суреттер, үлестірме кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар, ұлттық киімдер, бұйымдар;
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, бейнелеу өнері, технология пәндері;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Балалар, бүгінгі сабаққа,
Көп қонақ келіп тұр.
Білімді сынауға,
Мүмкіндік болып тұр.
Сондықтан біз бүгін
Тілейміз:
тек қана сәттілік!
Кіріспе. Ой қозғау:
Сұрақ: Балалар, кез - келген халықты қандай ұлттық ерекшелігінен тануға болады?
(Оқушылар жауап береді)
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырып өту.
Балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ халқының ұлттық киімдерімен танысамыз және сабақ барысында жай сөйлемнің түрлерін қайталай отырып, білімдеріңізді пысықтаймыз
Өздеріңіз айтқандай кез - келген ұлтты ұлттық киімінен тануға, ажыратуға болады.
Қазақ халқы киімге ерекше көңіл бөлген. Олардың жеңіл, әдемі, жас ерекшелігіне қарай ыңғайлы болуына аса мән берген. Қазақ ұлттық киімдерін бас киім, сырт киім аяқ киім деп топтастыруға болады. Енді, ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарға көңіл бөлейік. Олардың ішінен сендер нені білесіңдер? Өздерің байқағандай, ұлттық киімдердің түрлерін анықтау сендерге қиындық тудырып тұр. Олай болса, тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен, яғни, ұлттық киім, әшекей атауларымен танысайық.
1. Сөздік жұмысын слайдтарды көрсете отырып, тақырыпты түсіндірумен жүргізу.
2. Жейде - рубашка
3. Ішік, тон - шуба
4. Қасаба – касаба женский головной убор
5. Шапан - халат
6. Қамзол – камзол
7. Бешпент – бешмет, пиджак
8. Тақия – тюбетейка
9. Кимешек - национальный женский головной убор.
(Оқушының дайындап келген қысқаша мәлімдемесін оқыту)
Жұбайлы болған әйелдердің бас киімі, то есть головной замужней женщины. Кимешек представляет собой головной убор, закрывающий голову, грудь, плечи и спину с отверствием для лица, обычно украшенным вышивкой. Форма, покрой и украшение кимешека зависит от возраста.
10. Бөрік - шапка
11. Сәукеле – головной убор невесты
(оқушының дайындап келген мәлімдемесін оқыту)
Сәукеле – ұзатылу тойында киетін қалыңдықтың бас киімі, то есть свадебный головной убор невесты. Сәукеле одевалось невестой во время свадебного обряда и носилось молодой в течение года по праздникам и при приеме гостей.
12. Кебіс - калоши
13. Мәсі – ичиги
14. Білезік – браслет
15. Шолпы - украшение для волос
16. Жүзік - кольцо
17. Бұйым – вещь
18. Өрнектелген – покрыт узором
19. Насихаттау – пропагандировать
Сөздерді осы аты аталған заттар бейнеленген слайдтармен толықтырып отыру;
А) сөздерді аудармасымен оқытып, қайталатып отыру;
Ә) сөздік дәптерлеріне жазып отыру, жаттап алу;
3. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу, ауызша аудару.
Ұлттық киім – бай тарихи - мәдени мұра. Қазақ халқының ұлттық киімі басқа ұлттардан өзгешеленеді. Мұның себебі: қазақ халқының табиғат төсінде еркін өмір сүруіне байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері сақ дәуірінен бастау алады. Киімдерінің жеңдері мен етектеріне ою - өрнек қолданған. Қазақ киімдерінің көшпелі халықтарға тән сипаты болды. Олар киім тігуге мал жүндерін пайдаланды. Пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық, жаздық киімдер болып бөлінеді. киім тіккенде жас ерекшелігін ескерген. Көшпелі қазақтар киімдерін жүріп - тұруға ыңғайлы етіп тіккен.
1. Грамматикалық тақырыпты қайталату және бекіту.
А) Осы мәтінде антоним, синоним болатын сөздер бар ма?
Қыстық - жаздық; күнделікті киім – сәндік киім; аяқ киім - бас киім; жүру - тұру – антонимдер
Пайдалану - тұтыну - синоним.
Ә) ажыратып жазылған сөздердің арасына неге дефис қойылған?
Б) Жазылған сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жасай отырып, ережелерді қайталатып, пысықтап өту.
Синтаксистік талдаудың сызбасы
Сөйлем
I. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:
Лепті, хабарлы, сұраулы, бұйрықты
II. Құрылысына қарай:
1. Жай сөйлем
2. Құрмалас сөйлем:
Мезгіл мәнді, себеп мәнді, қарсылықты мәнді, шартты мәнді, салыстырмалы мәнді, түсіндірме мәнді, толғау мәнді, амал мәнді мақсат мәнді.
III. Сөйлем мүшелері:
а) бастауыш
ә) баяндауыш
б) толықтауыш
в) анықтауыш
г) пысықтауыш
IV. Жай сөйлемнің түрлері:
а) жалаң, жайылма
ә) толымды, толымсыз
б) жақты, жақсыз
в) атаулы
V. Сөз тіркестері:
а) еркін тіркес (есімді, етістікті)
ә) тұрақты тіркес
VI. Сөздердің байланысу түрлері:
а) қиысу
ә) меңгеру
б) матасу
в) қабысу
г) жанасу
VII. Сөздердің байланысу тәсілдері:
а) интонация
ә) жалғаулар
б) септеулік шылаулар
в) орын тәртібі
Сөйлем: Қазақ халқының ұлттық киімі басқа ұлттардан өзгешеленеді.
1. Мағынасына қарай: Хабарлы сөйлем
2. Құрылысына қарай: жай сөйлем
3. Сөйлем мүшелері:
а) не істейді - өзгешеленеді – баяндауыш, дара баяндауыш
ә) несі? - киімі — бастауыш, дара
в) кімнің киімі? – қазақ халқының – анықтауыш, күрделі,
г) қандай киімі? - ұлттық – анықтауыш, дара
д) кімдерден өзгешеленеді?- басқа ұлттардан – жанама толықтауыш, күрделі
4. жай сөйлемнің түрлері:
А) жақты
Ә) жайылма
Б) толымды
5. Сөз тіркестері:
А) еркін тіркес
Ұлттық киімі - қабысу,
Қазақ халқының ұлттық киімі - матасу
Басқа ұлттардан өзгешеленеді - меңгеру
6. сөздердің байланысу тәсілдері:
А) Орын тәртібі
Ә) жалғаулар арқылы
Сөйлем: Көшпелі қазақтар киімдерін жүріп - тұруға ыңғайлы етіп тіккен.
1. Мағынасына қарай: хабарлы сөйлем
2. Құрылысына қарай: жай сөйлем
3. Сөйлем мүшелері:
а) не істеген? - тіккен – баяндауыш, дара баяндауыш;
ә) кімдер тіккен?- қазақтар – дара бастауыш;
б) қандай қазақтар? – көшпелі – анықтауыш, дара
в) несін тіккен? – киімдерін – толықтауыш, тура, дара;
г) қалай тіккен?- ыңғайлы етіп - қимыл - сын пысықтауыш, күрделі;
д) неге ыңғайлы етіп тіккен? – жүріп - тұруға – толықтауыш, жанама, күрделі
4. жай сөйлемнің түрі:
А) жақты
Ә) жайылма
Б) толымды
5. Сөз тіркестері:
А) еркін тіркес
Көшпелі қазақтар – қабысу
Киімдерін тіккен - меңгеру
Жүріп - тұруға ыңғайлы - – меңгеру
Ыңғайлы етіп тіккен – қабысу
4. Байланысу тәсілдері: а) жалғаулы,
Ә) орын тәртібі
Сергіту сәті. Бөріктің сызбасын қолды тақтадан үзбей, бормен сызықты екі рет қайталамай кім сызып бере алады?
Сабақты қорыту: Ұлттық киімде тұрған бойжеткен қыздың, ер жігіттің, қарияның киімдерін суреттеп беру.
Ойтүрткі: Менің сендерге сұрағым бар. Қазіргі кезде ұлттық киімдерді киюге бола ма? Сен киер ме едің? Қалай ойлайсыңдар? (Жауаптарын қазіргі сән үлгісінде жасалған киімдерді слайдтарда көрсетіп толықтыру)
5. Қазақтың сәнді киімдерінің шеруі. Слайдтар көрсету, ән «Қыз сыны». Оқушыларға толтыру үшін кестесі бар кеспе қағаздар тарату.
Бас киімдер
Сыртқы және іштік киімдер
Аяқ киімдер
Әшекей бұйымдар
Үй жұмысы:
І топ: 1. Қазақ халқының ұлттық киімдері – әңгімелеп беру;
2. Ұлттық киімдер дүкенінде – тақырыбына диалог құрастыру.
3. Сөздікті жаттау.
ІІ топ: ( Пропащева Е., Щербакова, Сафронов Д.)
1. Сөздікті жаттау
2. Олар киім тігуге мал жүндерін пайдаланды. - сөйлемге талдау жасау.
3. Мәтінді жүгіртіп оқу, сұраққа жауап беру.
Рефлексия
Жұмыс басында
Жұмыс ортасында
Жұмыс соңында
1 - іздену ( поиск)?
2 – шаттану, қуану ( радоваться, веселиться)
3 – немқұрайлы қарау (өз шаруасымен шұғылдану) относиться безразлично, заниматься своими делами,
4 – талпыну, оқу( стремиться, проявить интерес, учиться)
5 – тағатсыздық, шыдамсыздық (нетерпеливость)
6 – жабығу, қиналу( печалиться, затрудняться)
Мамлют санаторлық
орта мектеп – интернаты қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы