Топтық эстафеталық жұмыс
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 1 - бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту. | Мектеп: № 133 жоббм | ||
Күні: | Мұғалім аты - жөні: Смайыл Жанқожа | ||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Топтық эстафеталық жұмыс | ||
Оқу мақсаты | 5. 3. 5. 1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау | ||
Сабақ мақсаты | Сабақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жаттығудың жүгіру, серпілу, ұшу, қону техникасының фазаларын орындайды. | ||
Бағалау критерийі | Жүгіріп, секіру техникасын қолданады. Жаттығуларды реттілігімен орындайды. | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану. | ||
Тілдік мақсаттары | Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: екпін алып жүгіру, секіру, ұшу, аяқты қайшылу, ауада серпілу, екі аяқпен жерге түсу, құмды шұңқыр, ұзындық өлшеу құралы және де топтық эстафеталық жұмыс. | ||
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: Бір орыннан тұрып секірудің әдісін білесіз бе? Эстафетаның қанша түрі бар? | |||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ кезінде бір - біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру. | ||
Пән аралық байланыстар | Физика пәнімен байланыстыру. | ||
АКТ пайдалану дағдысы | Эстафетаның әдіс тәсілдерін видео көріністерін көрсету. | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Топтық эстафета |
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекеттері | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден рапорт қабылдау, сабақтың тақырыбымен мақсатын айтып түсіндіру, саптық жаттығуларды орындау, алаңда жүру және жүгіружаттығуларын жасау. Тыныс алу жаттығуларын орындау. Сыныпты топқа бөлу. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау. | Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік. Ысқырық, секундомер. Метр өлшегіш, құм төгілген шұңқыр | |||
Сабақтың ортасы | Тапсырма: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін орындаңыз. Дескриптор: - эстафеталық секіру техникасын біледі; - жүгіріп келіп, аяқты бүге секіреді; - секіру сызығына келіп итеріледі; - аяқты қайшылап, ауада қалықтап ұшады; - қолды алға созып аяқты кеудеге ие бүгіліп қонады; - секіргенде жүгіру, серпілу, ұшу, қону техникасының барлық фазаларын орындайды. Оқушылырдың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін түрлі әдістерді қолданамын, атап айтар болсам «Проблема туралы пікірталас және әңгіме» Сабақта неше бала болса, сонша сұрақ туындайтыны белгілі. «Неге» мен «Неліктендердің» барлығына бірден жауап беру де мүмкін емес, сондықтан Мен бұндай сұрақ қойылған кезде оны ойластырамын. Келесі сабақта ол сұрақ міндетті түрде талданып, әр оқушы ол мәселе туралы өз ойын ортаға салады. Дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушылар бұл сұрақтар бойынша негізгі баяндамашы бола алады. Сонымен қатар, сабақтан уақытша босатылған оқушылар да дене шынықтыру теориясы туралы хабарлама дайындай алады, бұл бос отырушылар проблемасын жартылай шешуге септігін тигізеді. | Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік. Ысқырық, секундомер. Метр өлшегіш, тырма, құм төгілген шұңқыр Секіруге арналған орын шұңқыр | |||
Сабақтың соңы | Сапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларды жасап, бастапқы қалыпты келтіру. Сабақты қорытындылау, «Смайлик» тарату әдісімен бағалау, үй тапсырмасын беру. |
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау |
|
|
|
1. Жүгіріп және секіру эстафетасында жарысу техникасын үйретуде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау. 2. Күнделікті жаттығуларды үнемі дұрыс жасап отыру қажет. |