- 05 нау. 2024 04:34
- 634
Лақтыру секіру және жүгірудің эстафеталық элементтері
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 1 - бөлім. Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту | Мектеп: 133 жоббм | ||
Күні: | Мұғалім аты - жөні: Смайыл Жанқожа | ||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: 25 | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Лақтыру секіру және жүгірудің эстафеталық элементтері | ||
Оқу мақсаты | 2. 3. 5. 1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды | ||
Сабақ мақсаты | Қауіпсіздік ережелерді біледі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын біледі. Жүгірудің әдіс тәсілдерін меңгере алады. | ||
Бағалау критерийі | Дене жаттығуларын орындау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтайды. Нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді атайды. Жүгіру машықтарына қатысты өз бойындағы жақсы және осал тұстарды сипаттайды. | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну. Қолдану | ||
Тілдік мақсаттары | Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: мәре, сөре, жүру, жүгіру, екпін алып жүгіру, жылдамдық, шапшаңдық, ептілік, төзімділік, эстафета таяқшасы, спринт. | ||
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: Мәрелік жылдамдық дегеніміз не? Спорттық жүріс пен жүгірудің айырмашылығын білесіз бе? Жүгірудің адам ағңзасына тигізетін пайдасын білесіз бе? | |||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сабақ кезінде бір - біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру. | ||
Пән аралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстыру. | ||
АКТ пайдалану дағдысы | Жүгірудің әдіс - тәсілдерін көрсету. | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кіші допты нысанаға лақтыру. |
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекеттері | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Оқушыларды қатарға тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбынмен мақсаттарын айту. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Саптағы, жүру, жүгіру жаттығуларын орындап, тыныс алуды ретке келтіріп, сыныпты топқа бөліп жалпы дамыту жаттығуларын орындау. | Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. | |||
Сабақтың ортасы | Тапсырма: 4х60 метрлік эстафета жүгірісін орындаңыз. Оқушыларды төрт - төрттен, төрт командаға бөліп, команданы эстафеталық таяқшамен 60 м арақашықтыққа жарыстыра жүгірту. Назар аударылатыны: спортшылардың қауіпсіздік ережені сақтауы, әр қайсысы өз жолымен жүгіруі, таяқшаны түсіріп алмауы, бір - біріне кедергі жасамауы, жылдам жүгіруі. Дескриптор: - қауіпсіздік ережесін жұмыс барысында сақтайды; - мақсатқа жетуде командалық жұмыста көшбасшылық танытады; - тапсырманы мұқият әрі дұрыс орындайды. Мен оқушылырдың оқуға белсенділігін арттыру үшін «Кеңес - сабағын» қолданамын. Бұл сабақта негізінен мұғалім оқушылардың өзін - өзі дайындау бойынша, белгілі бір жаттығуларды орындау туралы сұрақтарына жауап береді, оқушымен бірлесіп жалпы және арнайы бағыттағы жаттығулар таңдалып жүргізіледі. | Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. | |||
Сабақтың соңы | Тыныс алу жаттығуларын орындап, сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісімен бағалау. Үйге тапсырма беру. |
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау |
|
|
|
1. Күнделікті жаттығуларды үнемі дұрыс жасап отыру қажет. 2. Денсаулықты күту үшін, әрқашанда таза жүру қажет. |