- 07 там. 2023 00:00
- 190
Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бұл төңірек Қоқан ханының қоластында болған екен. Қоқан әкімдерінің бұйрығы бойынша сол жердің тұрғындары күн сайын салық ретінде бір қыз және бір түйе жоңышқа мен астық әкеліп әкімдерге тапсырып отырған. Бұл кезек Түлкібай үйіне де жеткен. Түлкібай — Алаша руының ел намысын қорғайтын батыры болған. Қоқан уәзірлерінің бұйрығын орындауға келген жендеттерді Түлкібай қайтарып жіберген. Қарындасын және өзіне тиесілі салықты «өзім апарамын» дейді, бірақ ол таң сәріде сауыт-саймандарын асынып алып, ордаға жалғыз өзі келеді. Бұл ордада Түлкібай батырдың Қоқан хандығына сатылып кеткен ағасы болған. Ол дарбазаны ашып Түлкібайдың ордаға кіруіне мүмкіндік береді. Ордаға кірген соң Түлкібай әкімдерінің барлығын өлтіреді, бірақ сол әкімдерінің бірі қашып құтылады. Ол қашып, Қызылордаға барып хабар береді. Бұл кезде Түлкібай елінен пана іздеп, басқа жерге қашып шыққан еді. Қоқан ханының уәзірлері Түлкібайды Қармақшы көпірінің тұсында тұтқынға алып, басын шапқан. Содан олар Түлкібай батырдың басын найзаның ұшына іліп, еліне көрсетпекші ниетпен алып келген. Бұны көрген жары дауыс шығарып жылайды. Сол мезетте батырдың шешесі былай деген:
— Қарағым, босқа көз жасыңды сарқыма. Ол — жері үшін, елінің намысы үшін құрбан болған батыр. Өзі өлгенмен де, ерлігі сақталады, — дейді.
Қалмақтар Қызылордаға кеткен соң, қазақ жігіттері Түлкібай батырдың кегін алуға аттанады. Ордаға жетпей қалмақ (қоқан) жендеттерінің күл-талқанын шығарған.
Оқуға кеңес береміз: