- 07 қар. 2019 00:00
- 236
Үйді ретке келтірудің қарапайым әдісі
Егер кезекті үйдің толықтай тазалық шаруасы жайлы ойдан жасқанып тұрсаңыз, осы кеңесті қолданып көріңіз.
Мәселнің негізі
Үй жинаудан кейінгі тазалық ұзақтығы көпке созылмайтынын мойындайтын шығарсыз. Ерте ме, кеш пе бәрібір сізге заттарды орнына қойып, қажетсіздерінен арылып, шашылған жерді қайта жинауға тура келеді. Алайда, шешімі бар.
Үйіңіздегі қажетсіз бір заттан арылып отыруды күнделікті әдетке айналдырыңыз.
Бұл сынған немесе бұзылған майда-шүйде зат болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, пәтердің кескінін кетіріп, көрер көзге түрпідей тиетін зат.
Бұл тазалық сіздің күнделікті бар болғаны бірер минутыңызды алады. Десе де, аталған әдіс сіздің пәтеріңізді ұзақ уақыт бойына тазалықта ұстап тұрады.
Бұл әдісті қалай қолдану керек?
1. Уақытты анықтаңыз
Әдістің тиімділігін тексеру үшін, бір ай бойына үздіксіз жасап тұрыңыз. Ұмытып кетпеу үшін кішкене қағазға жазып, өзіңізге көрінетін жерге жабыстырып қойыңыз.
Алайда, осы уақыт аралығында бүкіл пәтердің тазалық жұмысына кірісіп кетіп жүрмеңіз. Ең алдымен, нәтижеге назар салыңыз.
2. Бар назарыңызды бір орын немесе бөлмеге бағыттаңыз
Пәтеріңізде жанына жақындауға жүрегіңіз дауаламайтын, аузы мұрнынан шығуға айналған сөре бар ма? Содан бастаңыз. Күнделікті бір затты болса да реттеп отыру қыруар еңбекті талап етпесі анық. Сөре ретке келгенде ғана басқа жерді жинауға кірісіңіз.
3. Қайырымдылықпен айналысыңыз
Егер сізде жақсы күйдегі, бірақ, қажетсіз заттар болса, оны бөлек сөмкеге салып, жинап қойыңыз. Мүмкін, ол әлдекімге қажет болып қалар. Осылайша, сіз үйді ғана тазалап қоймай, мұқтаж жандарға қол ұшын соза аласыз.
4. Қажеттіліктерді қарастыру
Бұл әдістің көмегімен сіз алдағы уақытта қандай заттарды сатып алудан аулақ болуыңыз қажет екенін түсінесіз. Бір типті киім мен бір пішінді ас үй заттарынан арылып жатқаныңызды байқасаңыз, келесі жолы оларды қайта сатып алуға ынтаңыз болмауы мүмкін.
5. Өзіңізді шектемеңіз
Лақтыратын (беріп немесе сатып жіберуге де болады) заттарыңыз көп болып кетсе, өзіңізді шектемеңіз. Осылайша, сіз мақсатқа бір адым жақындай түсесіз.
6. Алған бетіңізден таймаңыз
Егер сіз керексіз заттарды тастамасаңыз, үйде қайтадан күл-қоқыс көбейе бастайды. Осыны ұмытпаңыз.
bilim-all.kz, Назерке Әсетова
Оқуға кеңес береміз:
Біз ескере бермейтін ең лас 10 зат
Үй жинауды жеңілдететін 13 интерьерлік қулық
Соңғы тазалық: тазалық жүргізудің швециялық жаңа әдісі
Үйді тап-таза ұстаудың 12 әдісі
Үйдің шашылмауын қамтамасыз ететін 7 әдет