Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Алматыдағы қоғамдық көліктерде екі төлем жүйесі қатар жұмыс істейді

Алматыдағы қоғамдық көліктерде жолаушыларға қолайлы болуы үшін екі түрлі электронды төлем жүйесі – Onay және Avtobys қатар қолданылатын болды. Бұл туралы Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады.

Бұған дейін 7 ақпанда Avtobys цифрлық төлем жүйесінің кезең-кезеңімен енгізілетіні туралы ақпарат тараған болатын. Бастапқыда бұл жүйе жеке бағыттарда, кейіннен қоғамдық көлік желісінің барлығында іске қосылуы тиіс еді. Алайда, бұл жаңалықты Автобус тасымалдаушылар қауымдастығы құптамай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шағым түсірген болатын.

Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, қалада екі жүйе де жұмыс істейтін болады. «Жолаушылардың жағдайын жақсарту мақсатында әртүрлі отандық операторлардың шарттары қарастырылды. Нәтижесінде, Алматыда екінші оператор – Avtobys енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл жүйе қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің әртүрлі тәсілдерін қарастырады. Қазіргі уақытта автобустарды екінші оператордың жабдықтарымен кезең-кезеңімен жарақтандыру жұмыстары басталды», - делінген басқарманың хабарламасында.

Avtobys жүйесі қала бойынша стандартты көлік карталарын сату нүктелерінің желісін құруда.

Жаңалықтар

Жарнама