Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 22 нау. 2026 20:30
- 30
Тоқаев пен Пезешкиан Ораза айт пен Наурыз мерекелерімен құттықтасты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ораза айт және Наурыз мерекелерімен бір-бірін құттықтады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.
Иран басшысы Қазақстан Президентіне жолдаған жеделхатында бұл күндердің мұсылман әлемі үшін маңыздылығын атап өтті. Ол мейірімділік пен берекеге толы мерекелердің екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, мұсылман елдері арасындағы өзара түсіністікті арттыратынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев та өз тарапынан Иран халқына және басшылығына мерекелік құттықтау жолдады. Қазақстан Президенті екі ел халықтарына бірлік, бақ-береке тілеп, достық қарым-қатынастардың одан әрі нығаятынына үміт артты.
Мемлекет басшысы Наурыз бен Ораза айт мерекелерінің жаңғыру рухы Иран халқына бейбітшілік пен гүлдену әкеліп, Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа ықпал ететінін атап өтті.