Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 21 нау. 2026 23:31
- 17
«Осы тәжірибеге шүкір»: Бостандыққа шыққан Мейіржан Төребаев рухани жаңғырғанын айтты
Танымал вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударған әсерлі жазбасын бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі еркіндік пен сыртқы шектеу
Өнер иесі жазбасында өмірлік тәжірибесі мен ішкі өзгерістері туралы ой қозғап, рухани тұрғыдан үлкен сабақ алғанын жеткізді. Ол өзінің сыртқы еркіндігін жоғалтқан сәтте, керісінше, ішкі еркіндігін тапқанын айтты. «Демек, солай болуы керек болған. Өмір беретін сабақтардан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жан ұмтылған тәжірибеден өзіңді айыра алмайсың», – деп жазды Төребаев.
Өзіңді табу жолындағы күйзеліс
Төребаев өзіне тыныштықтың қажет болғанын, уақыттан тыс күйде қалып, барлық рөлдерден арылып, өзімен-өзі қалып, «мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздегенін атап өтті. Ол кейде адамның жаңарып, жаңа қырынан қалыптасуы үшін белгілі бір күйзелістен өтуі қажет екенін де жасырмады.
«Жаратқанға шүкіршілік етемін»
«Кейде жаңа өзіңді құрау үшін, алдымен күйреу қажет болады. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға шүкіршілік етемін. Оның құны өлшеусіз. Бұл – жанның жарқын сапары», – деп қорытындылады ол.
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып, кейбірі қолдау білдірсе, енді бірі оның ойларына өз көзқарасын білдірген.