depositphotos.com
- 22 нау. 2026 15:00
- 27
Илон Маск жаңа жобасын бастап, микросхем өндірісін қолға алмақ
Әлемге әйгілі кәсіпкер Илон Маск жаңа "Terafab" жобасын іске қосатынын мәлімдеді. Бұл жобаның басты мақсаты – жылына триллион ватт есептеу қуатына ие микросхемдер өндіру.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Масктың айтуынша, бұл ауқымды жобаға Tesla, xAI және SpaceX компаниялары бірігіп атсалысады. Ол бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Жобаның ерекшеліктері
Tesla компаниясының хабарлауынша, "Terafab" жобасы аясында әлемдегі ең ірі микрочип өндірісі салынады. Бұл зауыт жылына 1 ТВт-қа дейін (шамамен бір триллион ватт) есептеу қуатын бере алатын болады. Мұнда логикалық чиптер, жад микросхемалары және озық буындау технологиялары бір шаңырақ астына топтастырылады.
Компания мамандарының айтуынша, күн энергиясын тиімді пайдалану үшін жылына 100 миллион тоннаға дейін күн энергиясын жинау жүйелерін космосқа шығару қажет. Бұл үшін миллиондаған тонна жүктерді орбитаға шығару, күн энергиясымен жұмыс істейтін жасанды интеллекті бар спутниктер, сондай-ақ инфрақұрылымды құруға көмектесетін Tesla Optimus роботтары қажет болады. Осының бәріне микрочиптер керек. Тек Optimus роботтарына 100-200 ГВт есептеу қуаты қажет болса, жасанды интеллекті бар спутниктер үшін бұл көрсеткіш тера-ваттқа жетеді.
Әлемдік өндірістен асып түседі
Tesla компаниясының мәліметінше, "Terafab" жобасының өндірістік қуаты 2030 жылға дейінгі әлемдегі барлық микросхем өндірушілерінің жалпы қуатынан асып түспек. "Біз "TERAFAB"-ты құрып жатырмыз. Бұл – қазіргі чип өндірісі мен болашақтағы сұраныс арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған қадам. Болашақ жұлдыздар арасында", - делінген компания хабарламасында.
Forbes басылымының бұрынғы мәліметтеріне сүйенсек, жобаның құны 25 миллиард долларға бағаланған. Жылына 100-200 миллиард дана жасанды интеллект пен жадқа арналған арнайы чиптер шығару жоспарланған.