Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 38 минут бұрын)
Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құда болды: Ұлдарының жары таныс тұлға екені белгілі болды

Әнші Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасында ұлы Жанболаттың жарына сырға салғанын хабарлады. Бұл жаңалық қазақстандық жұлдыздар арасындағы жаңа құдалықты ресми түрде растады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салт-дәстүрмен атқарылған рәсім

Өнер иелері қазақы салт-дәстүрге сай, болашақ келінінің құлағына сырға тағып, ресми түрде құда атанды. Желіде тараған бейнежазбалардан Жанболат пен Жазираның Кенжебек Жанәбіловтің шаңырағына барғаны көрінеді. Видеода үй иесінің жаңа құдаларды жылы қабылдап, төрге оздырған сәті көрсетілген.

Қауесет расталды

Бұған дейін оқырман арасында Жанболат пен Жазираның келіні Кенжебектің балдызы екендігі туралы қауесет тараған болатын. Бүгінгі рәсім осы қауесеттің расталғанын көрсетті.

«Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген, ерекше бақытты күніміз. Қазақтың салт-дәстүрімен, ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайлардың отауына махаббат пен береке нәсіп етсін. Тіл-көзден сақтасын», – деп жазды Жазира Байырбекова өзінің әлеуметтік желісінде.

Жаңалықтар

Жарнама