Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Біз таратқан жоқпыз": Ақтаудағы асаба жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдірді

Ақтаудағы асаба мен оның жұбайы әлеуметтік желіде кең тараған даулы видеоға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ерлі-зайыптылар блогер Жан Ахмадиевке берген сұхбатында айтты.

Соңғы күндері желіде тараған бейнежазба қоғамда қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды. Видеоға қатысты әртүрлі көзқарас қалыптасқан.

Асабаның жұбайы Алма бұл жағдайдың өзіне ауыр тигенін жеткізді. Ол видеоны түсіру идеясы жолдасынан шыққанын, бірақ мұндай жағдайлар көп әйелдің басында болатынын айтты. «Әр әйел өз күйеуіне қызықты болғысы келеді», - деді ол.

Ал асаба Хан видеоны әдейі таратпағанын, оны тек өздері үшін түсіргендерін, жариялау ойларында болмағанын атап өтті. «Бұл видеоны біреу әдейі таратып жіберген», - деді ол.

Блогер Жан Ахмадиев бұл жағдайға біржақты баға беруге болмайтынын айтып, оқиғаны ерлі-зайыптылардың өз аузынан жеткізуді жөн көргенін мәлімдеді.

Жаңалықтар

Жарнама