Қазақ тарихындағы жыраулар, билер, батырлар мен ақындардың баталары — халықтың сөз өнерінің шыңы. Олардың әр сөзінің астарында ғасырлар бойы сыналған өмір философиясы жатыр.
Бұл бөлімде Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Жамбыл Жабаев, Сүйінбай, Бауыржан Момышұлы және басқа да белгілі тұлғалардың баталары жинақталды. Мәтіндер тарихи дереккөздер мен халық жадында сақталған нұсқалар бойынша берілген.
Ғабит Мүсіреповтің батасы
Балаңның басы үлкен болса,
Милы болсын — жақын елдерге сыйлы болсын.
Есенейдей болмасын,
Іздегені дау болмасын, өнер болсын!
Ойынан өлеңі,
Қолынан өнері төгілген шебер болсын!
Аллауакбар.
Нағашыбек Қапалбекұлының батасы
НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ
Ұлдарыңыз айбарлы болсын,
Қыздарыңыз жайдарлы болсын!
Үйлеріңе қызыр шалып,
Әманда қыдыр қонсын!
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбайдай
Баһадұр батыр бабаларымыздың
Жүректілігін берсін!
Әз үйсін Төле би,
Қаз дауысты Қазыбек би,
Алшын Әйтеке бидей
Данагөй бабаларымыздың
Ақжарылған тілегін берсін!
Еш жамандық болмасын,
Ізгілік болсын жолдасың.
Жамбыл ата жасына жетіп,
Қарасай баба аруағы қолдасын!
Әумин!
Орысбай Әбділдаұлы батасы
Ел көңілі шалқысын,
Күн нұрына балқысын.
Перзенттері тік тұрып,
Қызмет етсін халқы үшін.
Қара жерге шаншылып,
Орман болсын талшыбық.
Егін — жайлар жайқалсын,
Ақжауынға малшынып.
Безінгендер боздасын,
Қой егізден қоздасын.
Жұмыр басты пенделер,
Ойламасын өз басын.
Бұзау үзіп бұйдасын,
Сиыр уыз сыйласын.
Көже құйып көршілер,
Бірін — бірі қинасын.
Қыл қүйрықты өсіріп,
Құлын шапсын көсіліп.
Жылқышылар құрық caп,
Шаттансын бір төс ұрып.
Отар көшін бастаған,
Ай мүйізбен жасқаған,
Ақ серкелер көбейсін,
Етке өткізіп тастаған.
Көк қауласын дүркіреп,
Жауын жаусын сіркіреп.
Жаңа дүние жаңғырсын,
Ой — сананы сілкілеп!
Әумин!
Жай қолыңды құрдасым,
Ғұмыр кешкін бір ғасыр.
Сипалап өт өмірден,
Қосағыңның сырғасын.
Ағайын — жұрт азбасын,
Ойламасын өз басын.
Бабалардан ұласқан,
Жөн — жоралғы тозбасын.
Берік болсын, бел, мықын,
Қорғаштай біл ел құтын.
Есті болса ер жігіт,
Халық аман, жер бүтін.
Тасып кетпей меймана,
Нәпсіңді тый, ей, бала!
Қалтылдаған қарттар мен
Артында бар кейуана.
Арулар көп үмітті,
Ардақ тутқан жігітті.
Арқа сүйер әрқашан,
Азаматқа білікті.
Өмір гүлі әр үйдің,
Қорғаны бол сәбидің.
Құдіретіңді хош көріп
Сонда ғана танимын.
Қайырым жаса жарлыға.
Жомарттық тән арлыға.
Айтып — айтпай не керек,
Жарық күнде қалғыма!
Әумин!
Жер қайыссын жылқысы,
Тыныш болсын ұйқысы.
Қоздап жатсын қойлары,
Тарқамасын тойлары.
Боталасын түйесі,
Қорғап жүрсін киесі.
Егіз тапсын ешкісі,
Ренжітпесін еш кісі.
Сайға сыймай сиыры,
Малға толсын қиыры.
Озып келсін қосқаны,
Алқаласын достары.
Ұзын болсын құрығы,
Ұзатпайтын ұрыны.
Ойына алған тілегі,
Орындалсын үнемі.
Құт — береке дарысын,
Уыздығы жарысын.
Жарқырасын Ай — Күні,
Асып тұрсын айбыны.
Өсіп — өнсін ұрпағы,
Шуақ шашсын нұр таңы.
Аулақ болсын, уайым,
Сақтап жүрсін Құдайым!
Әумин!
Балаларға бақ қонсын,
Періштелер жақ болсын!
Кілең бестік сыйлансын,
Имандылыққа илансын!
Биікте қалықтасын,
Оқудан жалықпасын!
Ауырып — сырқамасын,
Үлестен құр қалмасын!
Өнерге құштар болсын,
Талантын ұштар болсын!
Кітапқа құмар болсын,
Халқына ұнар болсын!
Өмірде сыйлас болсын,
Өкпеге қимас болсын!
Құдайым қуат берсін
Көңілге шуақ берсін!
Қаламы жорғаласын,
Бестікті дорбаласын!
Күндей боп күлімдесін,
Сындардан сүрінбесін!
Мұраттас болсын — дағы,
Жарқырап жансын бағы!
Құлашын кеңсермесін,
Бос жүріп теңселмесін!
Алысқа көзін тіксін,
Ақ бата сөзімді ұқсын!
Мақсаты зордан болсын,
Еліне қорған болсын!
Ақ сүтті ақтар болсын,
Отанға мақтан болсын!
Ұстазын ұлықтасын,
Осыны ұмытпасын!
Әумин!
Дәркембай ұстаның батасы
Ғажап талант берсін!
Ғаламат талап берсін!
Кеңдігің жеріңдей болсын!
Мейірімің еліңдей болсын!
Өмір — көрігің өшпесін!
Достарың жаныңнан кетпесін!
Ісіңе жұрт сүйсінсін!
Қуанбай әсте өтпесін!
Ұлдарың бай, дүбірлі болсын!
Ұрпағың үбірлі — шүбірлі болсын!
Әумин!
Жарылқасын ағаның батасы
Дастарқан батасы
Дастарқаның бай болсын,
Қазан, ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құнажындарың құлындап,
Құлындарыңтай болсын.
Ұлың қонып ұяға,
Қызың ұшып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дүшпан алмасын.
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.
Әумин!
Берек берсін асыңа,
Бақ келіп қонсын басыңа.
Балын татып өмірдің,
Жамбылдың жетіп жасына.
Қуанышпен достарың,
Жинала берсін қасыңа.
Қойың қоздап егізден,
Ешкің туып сегізден.
Майдан қолың кетпесін,
Соғымың болып семізден.
Айтып жүрсін қонағың
Таңдайдан кетпей жегізген.
Шалқып жатсын дәулетің,
Тасыған селдей теңізден.
Баянды Алла бақ берсін,
Адалын берсін ақ берсін.
Атағың кетіп Алашқа,
Астыңа алтын тақ берсін.
Әумин!
Атымтай жомарт секілді,
Тасытсын Алла ниетіңді.
Досың түгіл дұшпаның,
Қайтармасын бетінді.
Төле бидей сөздерің,
Халқыңа болсын өтімді.
Қырық жігіт, қырық қыз,
Қоршап жүрсін көшінді...
Төрт түлігің қаптасын,
Сай менен сайын төсінді.
Дариядай дәулетің,
Арнадан асып құйылсын.
Сәулелі болып сәулетің,
Тең — тең болып жиылсын.
Бақ келіп қонып басыңа,
Көңілің көлдей шалқысын
Пейіліңе қонған қонағың,
Ішпей — жемей балқысын.
Әумин!
Ер — азаматқа бата
Сөзің аталы,
Атың жоталы болсын.
Биең құлынды,
Түйең боталы болсын.
Қойың егізден,
Ешкің сегізден тапсын.
Келін аяғымен,
Қойшы таяғымен жақсын.
Көңілің дилы,
Басың сыйлы болсын.
Қызың ибалы,
Ұлың милы болсын,
Қосағың сарамжал,
Айшадай ақ адал болсын.
Кемімей парқың,
Қадірлі халқың
Басынды бағалар болсын.
Өзің сары тісті қария,
Дәулетің дария болсын.
Әумин!
Атың тұлпар,
Құсың сұңқар болсын.
Желің биелі,
Көшің түйелі болсын.
Ісің жүйелі,
Басың киелі болсын.
Қызың қияға,
Ұлың ұяға қонсын.
Сапарың сәтті,
Жегенің тәтті болсын.
Баянды болып,
Бақ, дәулет қонып,
Көңілің толсын.
Әумин!
Сыртыңнан дұшпан жүрмесін,
Көңіліңе үрей кірмесін.
Көре алмаған күншілдер,
Күшіктей шулап үрмесін.
Сыйлы етіп Алла басыңды,
Ғұмырлы қылсын жасынды.
Аруақ қолдап өр, шыңға,
Домалатсаң тасыңды.
Қадірін білген анаңның
Қызығын көргін балаңның
Күнің мен ісің түспесін,
Қолына топас сараңның
Асқақ болып арманың,
Арайлап атсын таңдарың.
Мақсатыңа жете бер,
Аман болып мал — жаның.
Әумин!
Жас жұбайларға бата
Шаңырақтарың биік,
Босағаларың берік болсын.
Бау — бақтарың,
Алма мен өрік болсын.
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзіне жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа,
Көп ұзамай жерік болсын.
Торсық шекелі ұл туып,
Ол өзіңе серік болсын.
Әумин!
Қол ұстасып өтіңдер,
Армандарыңа жетіңдер.
Жемісі мол дарақтай,
Өркендендер, өсіңдер.
Болдындар ақ некелі,
Бөлінбендер екі елі.
Аппақ келін ұл тусын,
Айдай торсық шекелі.
Жүзге келіп жастарың,
Аппақ болсын шаштарың.
Шөбереңе ұрысқанда,
Қалтылдасын бастарың.
Әумин!
Дәркембай ұстаның батасы
Ғажап талант берсін!
Ғаламат талап берсін!
Кеңдігің жеріңдей болсын!
Мейірімің еліңдей болсын!
Өмір — көрігің өшпесін!
Достарың жаныңнан кетпесін!
Ісіңе жұрт сүйсінсін!
Қуанбай әсте өтпесін!
Ұлдарың бай, дүбірлі болсын!
Ұрпағың үбірлі — шүбірлі болсын!
Әумин!
Орысбай Әбділдаұлы батасы
Ел көңілі шалқысын,
Күн нұрына балқысын.
Перзенттері тік тұрып,
Қызмет етсін халқы үшін.
Қара жерге шаншылып,
Орман болсын талшыбық.
Егін — жайлар жайқалсын,
Ақжауынға малшынып.
Безінгендер боздасын,
Қой егізден қоздасын.
Жұмыр басты пенделер,
Ойламасын өз басын.
Бұзау үзіп бұйдасын,
Сиыр уыз сыйласын.
Көже құйып көршілер,
Бірін — бірі қинасын.
Қыл қүйрықты өсіріп,
Құлын шапсын көсіліп.
Жылқышылар құрық caп,
Шаттансын бір төс ұрып.
Отар көшін бастаған,
Ай мүйізбен жасқаған,
Ақ серкелер көбейсін,
Етке өткізіп тастаған.
Көк қауласын дүркіреп,
Жауын жаусын сіркіреп.
Жаңа дүние жаңғырсын,
Ой — сананы сілкілеп!
Әумин!
Жай қолыңды құрдасым,
Ғұмыр кешкін бір ғасыр.
Сипалап өт өмірден,
Қосағыңның сырғасын.
Ағайын — жұрт азбасын,
Ойламасын өз басын.
Бабалардан ұласқан,
Жөн — жоралғы тозбасын.
Берік болсын, бел, мықын,
Қорғаштай біл ел құтын.
Есті болса ер жігіт,
Халық аман, жер бүтін.
Тасып кетпей меймана,
Нәпсіңді тый, ей, бала!
Қалтылдаған қарттар мен
Артында бар кейуана.
Арулар көп үмітті,
Ардақ тутқан жігітті.
Арқа сүйер әрқашан,
Азаматқа білікті.
Өмір гүлі әр үйдің,
Қорғаны бол сәбидің.
Құдіретіңді хош көріп
Сонда ғана танимын.
Қайырым жаса жарлыға.
Жомарттық тән арлыға.
Айтып — айтпай не керек,
Жарық күнде қалғыма!
Әумин!
Жер қайыссын жылқысы,
Тыныш болсын ұйқысы.
Қоздап жатсын қойлары,
Тарқамасын тойлары.
Боталасын түйесі,
Қорғап жүрсін киесі.
Егіз тапсын ешкісі,
Ренжітпесін еш кісі.
Сайға сыймай сиыры,
Малға толсын қиыры.
Озып келсін қосқаны,
Алқаласын достары.
Ұзын болсын құрығы,
Ұзатпайтын ұрыны.
Ойына алған тілегі,
Орындалсын үнемі.
Құт — береке дарысын,
Уыздығы жарысын.
Жарқырасын Ай — Күні,
Асып тұрсын айбыны.
Өсіп — өнсін ұрпағы,
Шуақ шашсын нұр таңы.
Аулақ болсын, уайым,
Сақтап жүрсін Құдайым!
Әумин!
Балаларға бақ қонсын,
Періштелер жақ болсын!
Кілең бестік сыйлансын,
Имандылыққа илансын!
Биікте қалықтасын,
Оқудан жалықпасын!
Ауырып — сырқамасын,
Үлестен құр қалмасын!
Өнерге құштар болсын,
Талантын ұштар болсын!
Кітапқа құмар болсын,
Халқына ұнар болсын!
Өмірде сыйлас болсын,
Өкпеге қимас болсын!
Құдайым қуат берсін
Көңілге шуақ берсін!
Қаламы жорғаласын,
Бестікті дорбаласын!
Күндей боп күлімдесін,
Сындардан сүрінбесін!
Мұраттас болсын — дағы,
Жарқырап жансын бағы!
Құлашын кеңсермесін,
Бос жүріп теңселмесін!
Алысқа көзін тіксін,
Ақ бата сөзімді ұқсын!
Мақсаты зордан болсын,
Еліне қорған болсын!
Ақ сүтті ақтар болсын,
Отанға мақтан болсын!
Ұстазын ұлықтасын,
Осыны ұмытпасын!
Әумин!
Дубай ағаның батасы
Нар артатын жүгің болсын,
Жүрегіңнің түгі болсын.
Елің үшін ерінбейтін
Табаныңның бүрі бол!
Қарасайдай батыр бол!
Жамбылдайын ақын бол!
Кеудеңе иман ұялар
Өз еліңе жақын бол!
Әумин!
Алпыс тілектен тұратын бата
Алпыс тілектен тұратын бата
Қысыр бақсаң қазылы болғай,
қара қойың қозылы болғай!
Ойсыл қараң жоталы болғай,
жыл құрғатпай боталы болғай!
Өрелі биең құлынды болғай,
Қызылмеңдең тұлымды болғай!
Інінің бәрі иықты болғай,
шетінен алып сиықты болғай!
Тау менен тасың қорықты болғай,
көл — дарияң борықты болғай,
Ақ жүгерің шашақты болғай,
арпа — бидай масақты болғай!
Мәуелі бағың жемісті болғай,
жоталы жоның егісті болғай!
Қараңның бәрі қарынды болғай,
құлаңның бәрі шалымды болғай!
Сексеуілің сіңірлі болғай,
шикі өкпең дүбірлі болғай!
Құрбыңның бәрі кеуделі болғай,
шетінен жібек жейделі болғай,
оң жақта қалған есікті болғай,
шүмегі алтын бесікті болғай!
Қамысың қуылдырықты болғай,
балығың уылдырықты болғай!
«Құраулап» құлын қайырғайсың,
табындап жылқы айырғайсың!
«Шөрелеп» қозы айдағайсың,
өрелеп Зәңгі байлағайсың!
Шеше көріп тон пішкейсің,
Еңбек еміп, сорпа ішкейсің!
Зәңгі бабаң сүтті болсын,
Шопан атаң құтты болсын!
Ай — Тәңірің іркілмесін,
Күн — Тәңірің күрсінбесін!
От — Тәңірің көз ілмесін.
Су — Тәңірің безінбесін!
Аталар рухы араша болсын,
азалы жерде тамаша болсын!
Қатерде Қызыр серігің болсын,
сапарда дүлдүл көлігің болсын!
Өткеннің бәрі иманды болсын,
фәниде жүзі дидарлы болсын!
Өзің тоқтар тәңірің болсын,
тәңірің тоқтар өмірің болсын!
Бүгінгі тұяқ аталы болсын,
аталар ақ баталы болсын!
Ертеңгі тұяқ бабалы болсын,
бабалар алтын жағалы болсын!
Ұлыс ұлы тойлы болсын,
тойдың соңы жайлы болсын!
Ұл менен қыз бақытты болсын,
кешер ғұмыр жақсы болсын!
Бірдің басы екеу болсын,
жұптың басы жетеу болсын,
Жетеу болған жетпіс болсын,
жетпіс болған көп күш болсын!
Ханталапай, барымта болмасын,
барымта бітсе қарымта болмасын!
Ағайын арасын бәлекет бөлмесін,
Елге нәубет, әлемет келмесін!
Біздің осы ақ батамызды,
әуелі, көктегі хақ Тәңір,
әулие — әмбиелер мен
ғайбірен қырық шілтен қолдасын,
Алла — тағаланың құлағына шалынсын!
Әумин!
Бас бата. Оразақын Асқар
ОРАЗАҚЫН АСҚАР
Бас бата
Елбасымыз алысты көрсін,
Ел — жұртымыз табысты болсын.
Қыздарымыз сұлу,
Ұлдарымыз намысты болсын!
Көршілеріміз тыныш болсын,
Таңдағанымыз жұмыс болсын.
Малымыз төлдеп, егініміз көктеп,
Дастарқанымызға ырыстолсын!
Қалада болсын, қырда болсын,
Келген, кеткен риза болсын.
«Жолдастан» жеріп, «мырзаны» теліп
Алғандар нағыз мырза болсын!
Нарық қалтаны қақпайтын болсын,
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.
Қазақстанның барлық азаматтары
Қазақша сөйлеп, алға аттайтын болсын!
Соғыстың беті болсыншы әрі,
Ренжімесін өміріне кәрі.
Бауыр етіміз балалар түгіл,
Сатылмасын құс балапандары!
Румен бірге ұлт өзін сыйлап,
Қастерлесін асылын жинап.
Алаштың азаматтары бір ауызды болсын,
Шығара бермей бүйректен сирақ!
Банктер де теңгені топтайтын болсын,
Сыбайлас жемқорлық тоқтайтын болсын.
Ұлтараздығы ешқашан болмағанындай
Дағдарыс та бізге соқпайтын болсын!
Адалдықты ел жақтайтын болсын,
Арамдық қолдау таппайтын болсын.
Эбола деген аты өшкір ауру,
Енді ешкімге жұқпайтын болсын!
Әйелдер пәренже жамылмайтын болсын,
Ұрпағымыз ислам дінін ғана қабылдайтын болсын.
Дәстүрлі дінімізді бұрмалаушыларға
Ортамыздан орын табылмайтын болсын!
Еркектер де темекі тартпайтын болсын,
Әйелдер иба сақтайтын болсын.
Өз үйі, өлең төсегі барлар
Кез келген жерге жатпайтын болсын!
Балаларымыздың бағы жансын,
Қалаған білімін алсын.
Тілін, дінін, дәстүрін біліп,
Он саусағынан өнері тамсын!
Мәдениетіміз мәнді болсын,
Тұрмысымыз сәнді болсын.
Бәрін айтта бірін айт,
Дербестігіміз мәңгі болсын!!!
Наурыз батасы
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шаштарыңның барлық талындай!
Санасы асып адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Қуты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қайғы — уайым жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Ырысымыз көп болсын
Бүгінгі наурыз көжедей!
Жас жұбайларға бата
Оңай да емес, қиын да емес үй болу,
Үй болу — үйге қамқорлық жасап үйрену,
Қабағын бағу, көңілін табу жарыңның,
Екеу боп өмір сүрудің жайын үйрену.
Қашан да жарға керегі жылы назарың,
Біріңе — бірің тарттырма күту азабын.
«Мен бүйтіп едім, сен неге сүйтпей жүрсің?» деп,
Сауданың үйге орнатпау керек базарын.
Жақсы үйде болар — ішкі де, сыртқы саясат,
Аяйық жарды, біреуді егер аясақ,
Отбасында да бар әскери қатаң құпия,
Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая caп.
Асығыстықтан, ашудан абзал безінген,
Дос болу керек қашан да сабыр, төзіммен,
Жар деген өзің, өзім деп тапқан жалғызың,
Кешірімді бол, келіспей жүрме өзіңмен.
Киелі затжоқжарыңның махаббатынан,
Екеуіңді де аялауға оны шақырам.
«Қосағыңменен қоса ағар!» деген тілекті
Айтамын барлық үлкен үйлердің атынан.
Екеуіңе
Қиын да емес, оңай да емес үй болу,
Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену,
Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның,
Екеу боп өмір сүрудіңжолын игеру.
Болады онда ішкі де сыртқы — «саясат»,
Аяйық жарды біреуді егер аясақ,
Жақсы үйде болмақ әскери қатаң құпия,
Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая caп.
Қашанда жарға керегі жылы назарың,
Жалғызсыратпа, тартқызба күту азабын.
«Мен сүйтіп едім, сен неге бүйтпей жүрсің», — деп,
Сауданың үйге орнатпау керек базарын.
Асығыстықтан, ашудан абзал безінген,
Дос болу керек қашан да сабыр — төзіммен.
Жар деген өзің, өзім деп тапқан жалғызың,
Кешірімді бол келіспей жүрме өзіңмен.
Киелі зат жоқ — жарыңның махаббатынан,
Екеуіңді де аялауға оны шақырам.
— Көсегелерің көгерсін! — берген ақ батам
Сендерден бүрын үй болғандардың атынан.
Сейіт Кенжеахметұлының батасы
[Редакция ескертуі: бұл мәтіннің авторы — Сейіт Кенжеахметұлы. Авторлық құқық күшінде. Жарияламас бұрын дереккөзді көрсетіңіз немесе құқық иесімен келісіңіз.]
Айналайын, аттасым,
Талантың судай қаптасын,
Атағың Абайдай болсын,
Абыройың Абылайдай болсын,
Жүректі болсаң Қабанбай жебесін,
Білекті болсаң Бөгенбай жебесін.
Наурызбайдай батыр бол,
Бауыржандай батыл бол,
„Жалғыз болсаң Алланы есіңе ал,
Жарлы болсаң пайғамбарды есіңе ал,
Азамат бол, арлы бол,
Қатарыңның алды бол,
Біліміңмен әлді бол,
Халқың болсын тірегің,
Берік болсын білегің,
Қабыл болсын тілегің,
Жүз жыл соқсын жүрегің.
Дос — жараның сүйінсін.
Дұшпаның іштей күйінсін,
Басыңа бақыт құйылсын!
Әумин!
Әбдірахман Өлмесқұлының батасы
А, Құдайым, оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа
Бақ пен Қыдыр орнасын.
Душпаның үстем болмасын.
Әулие, аруақ көтеріп,
Ғайып Ерен, Қырық шілтен қолдасын.
Маңайың үбірлі — шүбірлі болсын.
Оларға және ғұмыр берсін,
Аузындағы сөзі дуалы болсын,
Тең құрбыларының алды болсын.
Келген Қыдыр кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын қорғаушың,
Ғажайып әулиедей пірің болсын!
Үй — іші, бала — шағаң аман болсын,
Тынышты халқымызға заман болсын.
Табиғат таусылмайтын ризық берсін,
Тартылған дастарқанда тағам болсын.
Абырой, амандығың арта берсін,
Бақ — дәулет мал — жаныңа қоса берсін.
Ер жетіп, балаларың батыр болып,
Өмірлері қызықты бола берсін.
Үйіңе жақсы адамдар келе берсін.
Тауфықты, инабатты келін берсін.
Ақ көңіл, ата — анаға жақын болып,
Қызығын ел — жұрттың көре берсін!
Медетбек батырдың батасы
Батам, батам батасын
Батам жерде жатпасын!
Осы отырған шаңыраққа
Барша әлеумет, жұртшылық
Жақсылықпен аттасын!
Дәулеті артып, құт орнап
Сұқ көздерден сақтасын!
Бірінші тілек тілеңіз. БҰХАР ЖЫРАУ
БҰХАР ЖЫРАУ
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа!
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа!
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске!
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа!..
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты ақ орда
Ардақтаған аяулың
Біреуге олжа болмасқа!
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа!
Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр, шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа!
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа!
Тоқсандағы қарт бабаң,
Топқа жаяу бармасқа!
Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айланған,
Бұлтты күнде толғанған.
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір арқырап қалмасқа
Он бірінші тілек тілеңіз,
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Даусы қудай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Қылығымен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің,
Жылай да жесір қалмасқа!
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз
Көрінгенге күлкі етер,
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс салсақ,
Киген тоның түлкі етер,
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешуін адам таппас дау бар.
Жал, құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
Жаман қатын алғаның –
Төркініне бере алмай,
Төсегіне жата алмай,
Тең құрбысы келгенде,
Оңды жауап қата алмай,
Жалғанда қор болғаның.
Таудан аққан тас бұлақ,
Тасыса құяр теңізге,
Қанша малы көп болса,
Бай қуанар егізге.
Жаманнан жақсы туса да,
Жақсыдан жаман туса да,
Тартпай қоймас негізге.
Жақын жерден шөп жесе
Жердің сәнін кетірер,
Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер,
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер.
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен
Көлден көлге қоныңыз.
Байлар ұғлы шоралар
Бас қосыпты десін де,
Маң — маң басып жүріңіз,
Байсалды үйге түсіңіз.
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден
туғандай болыңыз.
Алла деген ар болмас
Ақтың жолы тар болмас
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес.
Берем деген құтылмас,
Берік байлаған шешілмес,
Қазулы жолдар көмілмес,
Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса,
Бір көруге зар болар.
Батпақты сайға су түссе,
Атың арып келгенде
Өткел бермес кешерге,
Қайырсыз итке мал бітсе,
Аңқаң құрып келгенде
Саумал бермес ішерге.
Жаман болса алғаның.
һәммәтлі туған есіл ер,
Киім пішсе ол қатын,
Жағасы кетер көнтиіп,
Етегі кетер салпиып,
Үлгі болмас пішерге.
Айды батпас демеңіз,
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз,
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз,
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке теңеліп,
Бір жапанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Қуландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон
Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие
Құлын салмас демеңіз.
Қулық туған құлаша
Құрсақтанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дәулет бітпес демеңіз.
Бауыржан Момышұлының берген батасы
Бауыржан Момышұлы
Иллаһи Құдая,
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтың отынан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта,
Пaрақор соттан сақта,
Кірлі сумей жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек батылдан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Адамды қадірлемес есерден сақта,
Нанды басқан кесірден сақта,
Татымсыз қызыңнан сақта,
Ұятсыз ұлыңнан сақта,
Қайырымсыз жекжаттан сақта,
Жалқау бала, тек жат тексізден сақта,
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз шаңнан сақта,
Жастарында әдеп жоқ,
Өлгеніне бәтуа жоқ,
Құр айғай, шат — шәлекей даңнан сақта!
Әумин!
Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы
Сардарға бата берейік.
Біріміз қалмай, бәріміз,
Батырға түгел ерейік.
Кәріміз бен жасымыз,
Патшаға қарсы аттанып,
Ер қаруы бес қару,
Бойымызға ілейік.
Бостандық үшін ту ұстап,
Батырға өміртілейік.
Қаһарман қол — сарбаздар,
Көк тілгендей жарқылдап,
Найзағайдай төнейік.
Қарсы келген дүшпанды,
Жермен — жексен көмейік.
Батыр киген ақсауыт,
Оқ дарысын демейік.
Алтын жапқан ақжебе
Көздеген жерден дәл тиіп,
Дәлдеп түйреп найзамен,
Жау қабырғасын сөгейік.
Алмас қылыш қолда ойнап,
Жауды өлімге бөгейік.
Батырға ерген ерлерге,
Батагөй болып жебейік.
Ата менен аналар,
Соңдарыңнан ереміз
Неге жүрсін демейік.
Боздақ үшін жанпида,
Көзіміздің қарасы,
Көңіліміздің санасы.
Өміріміздің мұрасы –
Жалғыз — жалғыз боздақты,
Жауға не деп береміз?
Бермейміз де ереміз,
Біз де қару қолға алып,
Атамыз тартқан сұр жебе,
Садақтан оқты себеміз.
Уа, халқым!
Көтеріңдер, қолдарыңды!
Өңшең жас ұландарым,
Жолдарыңа жан садаға,
Жараса жанды береміз.
Ботамыздан айырылып,
Бұл жерде не деп жүреміз?
Шыр айналып шырғалап,
Жандарыңда жүреміз.
Жасаған Ием жар бол деп,
Жанамыз да күйеміз!
Тілегімізді берер күн,
Алыс емес жақын тұр.
Бақыт күнін орнатар,
Ақсұңқар құс — алыбың,
Қол бастаған көсемің,
Қасыңда тұр анау батырың!
Батар күнмен батуға,
Атар күнмен атуға,
Тілектілеп, қол жайып,
Отыр мынау халқың да.
Құтты болсын бағыңыз,
Құтты болсын тағыңыз.
Ғаділдік қылып халқыңа,
Жаққан үстіне жағыңыз.
Патшадан көрдік зәбірді,
Қайғылы тұрған шағымыз.
Қайғыдан халқың арылсын.
Алтын ерлі ақ боз ат,
Астыңызда арысың.
15 мың сарбаз — қолыңа,
Қаһарман ерлік дарысын!
А, Құдайым оңдасын,
Барша әулие қолдасын!
Ғайып Ерен, Қырық шілтен,
Жан — жағыңнан қоршасын!
Күнің тусын оңыңнан,
Айың тусын солыңнан.
Ай мен күннің сәулесі,
Өмір бақи сөнбесін,
Қашанда болса жолыңнан!
Қолаң шашты қиғаш қас,
Ай мен күндей бір сұлу,
О да жүрсін соңыңнан!
Қабыл болсын бұл батам,
Пана болсын Хау Ана, Адам Атам!
Өзім өлсем артымда,
Сөзім қалсын халқыма!
Әумин!
Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Үмбетәлі ақынның батасы
Үмбетәлі ақынның батасы
Ер болсаң, ем бол!
Ел сүйсінер бел бол!
Ер жүрек екпінді,
Ел бастаушы сен бол!
Ақ батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Әрқашанда Құдайым,
Жақсылыққа жеткізсін.
Жақсылық сенен кетпесін,
Жаманшылық жетпесін.
Адал болсын жолдасың,
Аман болсын мал басың.
Қосағыңмен қоса ағар,
Қосағың жалғыз қалмасын.
Ел іргесі аман болсын,
Әділетті, тыныштықты заман болсын!
Шапырашты — әсілім,
Айқым ата — нәсілім,
Әйтек деген арғы атам.
Елім деген жігітке
Өмірінің бәрі — сын!
Құт — береке, ынтымақ
Ұрпағына дарысын!
Батыр туған жігіттің
Әркім білер шабысын.
Жетесі болса жігерлі
Жібермес кек пен намысын!
Досмайылдың батасы
Әппақ аққу, әппақ қаз,
Келер жылы болар жаз.
Әппақ көңіл, әппақ таң,
Ғұмыр деген тым — ақ аз.
Көкте ұшқан пірлерім,
Сендермен бірге бірледім
Сендермен ұшып түрлендім.
Тілегімді қабыл ет,
Алдыма келген пендемнің
Сырқауын емде, тездеп жаз!
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,
Бата алған тамам бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.
Сөздің басы бісміллә,
Бісмілләсіз іс қылма!
Бісміллә десең Құдай бар.
Жын — шайтан көрінсе,
Сыртымнан әрі қуалай бер...
Бабаларым дем берген,
Өздеріңе қол берген.
Үлкен ата ер аруақ
Талай жерден жол көрген.
Әулиеге дем берген,
Айтар сөзге ем берген,
Жеті өлікке жан берген,
Жеті пірге қол берген.
Жауланбай — ақ келіңіз,
Мына ауруды көріңіз:
Етер бұған ем бар ма?
Салар бұған дем бар ма?
Айтатұғын мал бар ма?
Шығатұғын жан бар ма?
Төңіректі болжаңыз.
Ақылменен толғаңыз,
Әуелі Құдай елді оңда,
Елді ондасаң ерді оңда,
Мұхамметтей пайғамбар,
Айналайын, сен де оңда!
Қалам шіріп мойныңда,
Дұғаларың қойныңда,
Төңірекке көзің сал,
Әлеумет отыр үйіңде,
Санап жұлдыз батырған,
Сарғайтып танды атырған.
Мың кісіге барабар,
Ақсақалды бабаңыз,
Біздер сіздің балаңыз.
Керей Тоқсан бидің батасы
Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.
Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.
Сері Ғалы арыстандай балалы бол„
Бір түнде бес жүз намаз ада қылған,
Шапатлы Батимадай аналы бол.
Шақшақта Қазыбектей аталы бол,
Ұлы жүз Сәуенедей баталы бол.
Абылайдан кем болмасын
Жұмсаған Апатауға сансыз мың қол.
Тәуфікте төрт ғиблан түгел болсын,
«Әумин» деп, қолыңды жай, айтарым сол.
Болғанда тағам сізден, ыкдас бізден,
Енді қандай тілейсіз бата бізден?!
Әумин!
Бекентайдың батасы
Әуелі Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Ғайып Ерен Қырық шілтен
Қолдаушың боп қорғасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Бақыт берсін басыңа,
Береке берсін асыңа,
Келмесін дүшпан қасыңа.
Бата беруші біздерден болсын,
Қабылдаушы Құдайдан болсын.
Ішкенің адал болсын,
Айтқаның әділ болсын.
Таразылы, берекелі бол,
Ақ жүзді кеңпейіл бол.
Қаз дауысты Қазыбек,
Қара балуан Жәнібек,
Адассаң жолға сала жүрсін,
Пәле — жаладан қаға жүрсін.
Түркебай атам аруағы қолдасын,
Баталы ата торласын.
Дастарқанға бал төксін,
Қызыл ала нар шөксін.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Берген батам қабыл боп,
Жарылқасын Құдайым.
Аллауакбар!
Қанжығалы Асаубайдың батасы
Көтер білекті,
Берсін тілекті.
Әуелі қудай оңдасын,
Әжді — әулие қолдасын.
Қызыр менен Қырық шілтен,
Пірің болсын — жолдасың.
Аса да жұртқа барғанда,
Қадірлі болсын өз басың.
Сегіз інген боталап,
Сексен саулық қоздасын.
Сегіз келін қоңдасын,
Сені көздеген душпанды
Бір Алла өзі жондасын.
Дәрежең аса берсін,
Дұшпаның саса берсін.
Сені көздеген дұшпанды
Пәлекет баса берсін!
Аллаң жар болсын!
Фатихам қабыл болсын.
Кеткенің келіп,
Кемтігің толсын!
Әумин!
Бауыржан Момышұлына әкесінің берген батасы
Ақ жүрек болып жолдасың,
Адалдық сені қолдасын.
Жақсылық үшін тірессең,
Жаныңды арың қорғасын.
Арынды болсын шабысың,
Алымды болсын табысың,
Найзадай болсын намысың.
Ер жігітке бәрі сын.
Қиындық көрсең, мұқалма,
Ауырлық көрсең жұқарма,
Қамқоршы бол кішіге
Үлкенді үлгі тұт, аға!
Әумин!
Медеудің айтқандары
Сұрасаң арғы атамды ер Пұсырман,
Жақсы болмағы адамның пиғылынан.
Ойна, күл жас күніңде деп айтамын,
Пайда жоқ өлгеннен соң жиған малдан...
Құрдасыңмен жарасып жүр,
Жоқ жігітке қарасып жүр.
Аузында Алла, көңілінде тәубесі жоқтар,
Қара тұман төсінде адасып жүр.
Төңірегіңе дұшпандық етпе,
Заманыңмен санасып жүр!
Сұраншы батырдан бата сұрағанда
Батыр ел үшін туады,
Бағлан жер үшін туады.
Ата тұрып ұл сөйлемес болар,
Ана тұрып қыз сөйлемес болар.
Аға тұрып — іні жолын алмас болар,
Өйтіп ұятқа қалмас болар.
Аға деген аспандағы — шырақ,
Ақ жайлау, алтын тұрақ.
Бұл алтьін тонды
Сұраншы ағама жабамын.
Сөйтіп, сол кісінің ақ батасын аламын!
Жамбылдың батасы
Құдайым бұл үйге дұға берсін,
Тіл — аузын дұшпаныңның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары балалар туа берсін!
Бұл екі жасқа
Денсаулық, амандық беріп,
Ұзақ өмір берсін.
Адалдан бер,
Ақтан бер,
Пәле — жаладан сақтай бер.
Ер маңайын баққа бер,
Абырой асар жаққа бер,
Батпас күндей шат көңіл,
Жаңа қосақ жасқа бер.
Зор махаббат
Өмірлік серіктері болсын.
Бақыттары баянды болып,
Жаңа өмірде
Жолдары сәтті болсын,
Үбірлі — шүбірлі болсын,
Мерейлері үстем,
Мәртебесі зор,
Адамгершілігі мол болсын!
Бір — біріне сүйікті,
Ел — жұртына сүйкімді,
Отбасына сыйымды болсын!
Осы тілек қабыл болсын!
Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Қүлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым арлы едің,
Атаңның сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман — есен жүр, балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа,
Ел қадірін біл, балам!
Ел ерлігі, бірлігі,
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен,
Сабақ алсын тыңдаған,
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған».
Қош, қош, балам, қош айттым,
Қолымды, міне, шошайттым!
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне, Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығынан сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Асарың асқар тау болсын,
Жүзерің мұхит көл болсын.
Сүйенерің ел болсын,
Дұшпаның қара жер болсын!
Есігіңнің алды ой болсын,
Ойыңтолған қой болсын.
Күнде ауылыңда той болсын!
Жақсыға елікте,
Жаманға желікпе,
Әрдайым шабытты бол!
Сарқылмас бақытты бол!
Иә, Құдайым оңдасын,
Бақ пен қыдыр орнасын.
Бала — шағаң аман боп,
Қызыр болсын жолдасың.
Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Жақсылығы жәрдем боп,
Көтеріп Алла тастасын.
Пәле менен жаладан,
Бір Алла өзі сақтасын
Өсе берсін мақсатың
Шыға берсін жақсы атың,
Көсегеңді көгертіп
Жамандықтан сақтасын.
Әумин!
Иә, Құдайым оңдасын,
Бақ пен қызыр орнасын.
Ғайып берен, қырық шілтен,
Әрқашан болсын жолдасың.
Есіркесең елді қыл,
Жарылқасаң жанды қыл.
Тепеңдесіп келгенде
Тең құрбыңның алды қыл.
Бер тілеуін, ал тұсауын
Бір Алламыз қолдасын.
Әумин!
Өтірікті сүймедім,
Дүние үшін күймедім.
Алтынына біреудің,
Жолда жатса тимедім.
Думан топты қақ жарып,
Жастық шақта жүргенім.
Ақ бөкендей желгенім,
Ақынның көріп мергенін.
Өмірменен жанасып,
Жарлыменен санасып,
Ақиқатты сөйледім.
Ақ домбыра мергенім,
Сөздің оғын кезесем,
Алыстан атып жеткіздім.
Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы
Ау, Жамбыл, бата сұрап келіп қапсың,
Қобыз тастап, қолыңа домбыра апсың
Өлеңіңнің арасынан қыл өтпесін,
Алдыңнан інжу — маржан өзен ақсын.
Жамбыл — ау, Екей елі — өлең деген,
Жел сөзге әрбір қазақ елеңдеген.
Көзінде — от, көкірегіңде жырың тұнық
Түбінде ақын шығад сенен кенен.
Екейдің аты шыққан өлеңменен,
Ірі ақын мойны озық көрем сенен,
Сүйінбайдың сөзін жалғар — алтын көмбе,
Батамды түбі саған берем деген.
Ер бол!
Елдің өзегі бол!
Ел — жұрттың жүрегі бол!
Көпті ойлар тірегі бол!
Көпшілікпен көбейесің
Арқа сүйер, білегі бол!
Жұртым десең жарылқасын
Менің берер тілегім сол!
Әсеттің батасы
Ал, батамды берейін,
Арта берсін мерейің.
Қойға толып өрісің,
Алшы түссін кенейің.
Құлын — тайың шұрқырап,
Тассын бағың, мерейің!
Басыңа бұлт қонбасын,
Өмір гүлің солмасын!
Төбеңе күн үялап,
Тірлігіңді оңдасын!
Қиындыққа қайыспа,
Арың болсын жолдасың!
Ел бастасаң батыр боп,
Ер Жәнібек қолдасын!
Дұшпандарың жер шұқып,
Сағы сынып сорласын!
Судай тасып дәулетің,
Еш жамандық болмасын!
Алтынға балар тастарың,
Алтайың бағың — асқарың.
Соның күллі қызығын
Көре берсін жастарың!
Біріңе — бірің қорған бол,
Бүлінбесін бастарың.
Темір торға түссең де,
Дос — жаранды сатпағын!
Жұлдызың жансын төбеңде,
Бірақ асып — таспағын!
Қариялар ақылмен
Елді ілгері бастағын!
Тосқауылға торықпай,
Жолдан алып тастағын!
Көк желкесі үзіліп,
Жер жастансын қастарың!
Айың тусын жарқырап,
Нұрға толсын аспаның!
Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы
О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған,
Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жапаға, риза болсын, айта барғын,
Осымен өкпелей жүрсін маған.
Ағайындар, туғандар,
Жүрген жерің Нұр болсын.
Тындағаның жыр болсын.
Жолымыз басқа болғанмен
Тілегіміз бір болсын.
Әуелі Алла оңдасын,
Оң жағынан толғасын,
Жан — жағынан қорғасын.
Бақ пен дәулет қатар кеп,
Мыңғырып өссін мал — басың.
Ұрпағымыз мол болсын,
Қайда барса жол болсын,
Қария мен қарт әже
Ақ тілегі оңболсын.
Жаппар ием, Құдірет,
Айтқан сөзім қабыл ет,
Қазынасы кең Құдайым,
Орындалар ақтілек, Ағайын,
бауыр, жақындар,
Сәл — сәл ғана сабыр ет.
Аллауакбар!
Төле бидің Қазыбек биге берген батасы
Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып — ашқан ғаріптің,
Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп, қас сыйлар.
Асу бермес дана бол!
Төлебиге Қарасай батырдың берген батасы
Қарағым Төле, айтқаның әділ болсын,
Тілегің қабыл болсын.
Дұшпаныңның қарғысы жетпесін,
Атқан оғы өтпесін.
Басыңнан бақыт кетпесін.
Бабам Бәйдібектің батасы,
Жауыңнан қорғап, септесін.
Қасыңдағы жолдасыңа берекең артып жүрсін,
Дұшпаның өзіңе қорғалап,
Досың болып, басын тартып жүрсін.
Көзіңді жақынға салма, алысқа сал,
Ниетіңді қалысқа сал.
Сиынғанға кие бол,
Халқыңа ие бол!
Әумин!
Төле би Әлібекұлы
Аллаға жағайын десең
Азанды бол, балам!
Халыққа жағайын десең,
Қазанды бол, балам!
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәйнің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші — «иманың»,
Екінші — жиғаның
Үшінші – ырысыңның тұрағы...
Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы
Қарасай Әлібекпен еді құрбы,
Сөйледі оңашада мына сырды:
Басында билігінің талай болдым,
Қақ жарды сұрауында қара қылды.
Туса да мың қой егіз — бір — ақ қошқар,
Алтынның қолындағы қадірін біл!
Төлеге қарап толғанып:
... Қарасайды ойға алып,
Бір бұрылып бата қыл.
Қойшысы ел — ананың,
Өзің болғай, қарағым! — деп сиынып
Аллаға,
Бата берді балаға.
Бұқар жыраудың Наурызбай батырға айтқаны
Ей, Наурызбай, Наурызбай!
Шапырашты Наурызбай!
Асылы едің асылдың,
Жасылы едің жасылдың.
Ей, Наурызбай, Наурызбай!
Жауға тиер беренім,
Миуа ағашта берегім,
Еңкерісген жау келсе,
Бетіме ұрар керегім.
Ағайын қызыл сөз айтса,
Өсекке тоспас құлағын,
Түк естісем кереңім.
Арандай ашып ауызын
Серен келсе сестеніп,
Аттана шабар еренім.
Өліспей тірі беріспес,
Артықша туған өренім.
Жау қыспаққа алғанда,
Қазақты қанға малғанда,
Өткел бермес тереңім!
Қарасай батырдың Есімханнан алған батасы
Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай:
Аллаға қылығың жақсын,
Таңда машһар күніңде
Алдыңнан бүлақ ақсын!
Періштелер маңдайыңнан иіскеп
Жауырыныңнан қақсын,
Көкірегің ақ болсын!
Қара босағаңнан қыдыр кетпесін,
Қара шаңырағыңнан ырыс кетпесін,
Атың алты алашқа танылсын
Дұшпаның табаныңда қырылсын!
Атың — ұран болсын,
Айтқаның құран болсын,
Жолбарыстың жүрегін берсін!
Бар әулие, әмби, аруақтар қолдай қоршап,
Бар жақсылық тілегінді берсін!
Әумин!
Қарабидің Жәнібекке берген батасы
Бедері жоқ қамқадан,
Берік тоқылған бөз артық.
Берекеті жоқ ағайыннан,
Берік сөйлескен жат артық.
Пайданы алыстан қылғайсың,
Залалды жақыннан қылғайсын.
Тышқан да інінің айналасына оттамайды,
Оны да есіңе алғайсың.
Қайтып кірер есікті,
Қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа
Қайрылмастай сөз айтпағайсың.
Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен
Кем де, қор да болмайсың.
А, Құдайым, оңдасын! Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсыновтың батасы
А, Құдайым, оңдасын!
Оңдағанның белгісі:
Мың саулығың қоздасын!
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдансын!
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!
Біткен аруақтарға тие берсін!
Аллауакбар!
Құдайым жарылқасын, бай қылсын!
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Мал — басыңа сәулет берсін!
Кең пейіл берсін!
Құрбандығың қабыл болсын!
Тілеген тілегіңді берсін!
Аллауакбар!
Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін!
Тәңірі берген несібең
Тепкілесең кетпесін!
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін!
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып, маңырасқан,
Қошақанның енесі
Саулық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың енесі
Сиыр бассын үйіңді!
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның енесі
Інген бассын үйінді!
Шіңгір — шіңгір кісінескен,
Сүйінішпен иіскесең
Құлыншақтың енесі
Бие бассын үйіңді!
Аллауакбар!
Мұзафар Әлімбаев нақыл сөздері
Нақылнама
Мұзафар Әлімбаев, Қазақстанның халық жазушысы.
Нақылнамаға сенім
Алпыс жеті жыл түзген ақын дара,
Парасаттың нәріндей «нақылнама»,
Көңіліне жағарын, көрікті асыл,
Таңдап алар талғампаз халқым дана.
Алғы сөз
Мен Ертістің Керекулік өңірінде – Маралдыда туып — өстім. Әкем –
мұғалім Айтмағамбет Әлімбайұлы мен ауыл ақыны анам Зейнеп
Тәшембайқызының тәлім арқасында, Маралды атырабының ақын — жыраулары,
ділмар — шешендері, әзілкеш — әзілқойлары мен ақылмен ұстаздарым
арқасында бала кезімнен — ақ бейнелі — бедерлі, айшықты — ақылды
сөздер тыңдап, талғап — теріп әдеттендім.
... Педучилищеде курстасым, досым Әйтіш Мәлікұлы оқыстан ауырып қалып,
ауруханаға түсті. Дұрыс диагноз қоя алмаған емдеушілер есіл досымды
өлтіріп ала жаздады. Соларға ыза болғанан: — Ебі жоқ дәрігердің емі
жоқ! – деппін...
Бұл менің өз жанымнан шығарған ең тұңғыш елеулі сөзім екен! Онда мен он
алтыға әлі толмаған тұсым.
Содан бергі 60 жылдан аса уақыт ішінде мен ен сүйгенде, не күйінгенде
ауызша айтқан сөздерімді тізіп, сұрыптап, анда — санда баспасөз
бетінде, өз кітаптарымда жариялап келемін. Ел аузына көшкендері де
бар...
Нақыл жазылмайды, ойланбаған оқыста, табан астында ауызша шығарылады.
«Нақыл сөздің төркіннамасы» атты туындыда солардың біразының туу тарихы
баяндалған...
Осы күнге дейін төл нақылдарым бір шаңырақ астында жиналып, кітап боп
жарық көрмей келді.
Соның сәті енді түсті білем!
Оқырман қауым, талғамды замандастар осы кітаптағы өрнектемелерді тіл
үйіріп, тұшынып оқыса, зердесіне пернелеп тоқыса, мен ырзамын!
Мұзафар Әлімбаев,
Қазақстанның халық жазушысы.
Алғыс айтқан қарғыс алмайды.
Ашудың ағат болмай, сауап болатын кезді де бар.
Асып төгілсе де алғыстың артығы жоқ.
Апыл — ғұпыл ішкен ас,
Асқазанға түскен тас.
Араққордың үсті бүтін болғанмен, ары жыртық.
Ақынның әкім болуы шарт емес,
Хәкім болуы шарт.
Арманнан айырсаң да,
Алламнан айырма.
Ауылдың алаяғы, ауылдан аулақта. «Әулиемін!» деп көкиді.
Абайға тоқтамайтын қазақ
Құдайға да тоқтамайды.
Адам досынан гөрі қасын терең таниды.
Аз тындырған айғайшыл.
Аз ақша санағанмен көбеймейді.
Академик мақтаса да, ақымаққа ақыл қонбас.
Ақиқаттың алтыны қоспасыз.
Ақылды кітап – атаңдай.
Айтылғанның бәрі маржан емес,
Ақындардың бәрі Мағжан емес.
Ашық қабақтың – асы дәмді.
Ақын – өлеңмен ойлайды,
Өрнекпен толғайды.
Айтушысы табылмаса, ән де өледі.
Ақсақалдың жасына жетіп ақиқатты айтпасаң, абыройлымын деме.
Адалдық өзі – әділдік.
Ақ шашты боясаң да, қара болмас,
Ақымақты хан көтерсең де, дана болмас.
Ата жауға құл болғанша,
Ата жұртта құл бол.
Асылдың сыңары – асыл.
Ардан әділ заң бар ма?
Алданған қыз, өзі де алдай бастайды.
Атаңнан пұл қалғанша,
Жыр қалсын де.
Араласпаған – ағайыннан адасады.
Аяр мінез, айыр тіл,
Талап жеуге дайын тұр.
Алыстағы арыстанның ақырғанынан,
Жақындағы есектің бақырғаны батады.
Арыстан мақтаса, ала тышқан да айбынды көрінер.
Айқайлап сөйлегеннен гөрі,
Ақырын сөйлеген сөзін жақсы ұқтырады.
Адамның ауылын ұмытқаны –
Бауырын ұмытқаны.
Балалық шағын ұмытқаны –
Ата сүтінің дәмін ұмытқаны.
Атасы бірдің,
Батасы бір.
Ақыл – Алланың бергені,
Білім – Адамның тергені.
Арыстанды қанша кемітсең де,
Арланның орнына ие болады.
Ауру шалға – арсыз, қап арқалатар.
Алаңғасар алты рет амандасар.
Ақылын көсем еткен адаспайды.
Аллаға тіл тигізсең, аузың қисаяр.
Алғыс алсаң да өзіңнен,
Қарғысқа қалсаң да өзіңнен.
Асығыс сөздің асылы аз.
Тау сыйлаймын деп сендірген суайттан,
Тарыдайды дәметпе.
Алашынан алыстағанның астынан су шығады.
Атағыңды ауыстыра алсаң да,
Отаныңды ауыстыра алмассың.
Ауру әлек салған соң,
Уайымға түсесің.
Жаның тәтті болған соң,
Ащы дәрі ішесің.
Ата жолын ұмытсаң, адасасың,
Ағарады мезгілсіз қара шашың.
Ана тіліміз анамыздай жалғыз — ақ!
Ар – адамды шолжаңдатпайды.
Айна – жетім, ақ жүздер үңілмесе,
Ине – жетім, ақ көйлек тігілмесе.
Кітап – жетім, жағалай оқылмаса,
Ту да – жетім, биікке тігілмесе.
Атасын сатқан – албасты.
Аруақтың жолын кескен азғындайды.
Абыройыңа шақтап сөйле сөзіңді,
Өз сөзіңнен биік қойма өзіңді.
Адам өз арманына оқ атпас болар.
Жау жамандығыңды көрсе – басынады,
Жақсылығыңды жасырады.
Бауыржан Момышұлының ақ батасы!
Е, Жаратушы, Жасаған!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтағы оттан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта.
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек батылдан сақта,
Дәйексіз тіл тақылдан сақта.
Адалдықты арбаған ақыннан сақта,
Ашу жеңген ақылдан сақта,
Қайырымсыз жақыннан сақта.
Адамды қадірлемес есерден сақта,
Нанды басқан кесірден сақта,
Қате ісіне қиналмас,
Көк долы қатыннан сақта.
Халықты зәбірлер бастықтан сақта,
Жақынға жала жабатын,
Қанқұйлы қастықтан сақта.
Сырты сұлу, іші кір,
Қадір білмес пасықтан сақта.
Өз пікірі татымсыз,
Кісі ақылымен күн көрер,
Татымы жоқ жастықтан сақта.
Несібе кесер кесірден сақта.
Некесіз бала табатын
Жолы лас жесірден сақта.
Әкімінде шапағат жоқ,
Әділдікте шарапат жоқ,
Молдасында шариғат жоқ,
Байларында салауат жоқ,
Кедейінде инабат жоқ,
Азаматында ар — ұят жоқ
Қариясында бата жоқ,
Сөздерінде пәтуа жоқ,
Құр айқау, шат — шәлекей, даңнан сақта.
Е, Жаратушы, Жасаған!
Өмір берсең, жайлы ғып бер,
Дәулеті мен байлығын бер!
Қарияны кемел, сыпайы ғып бер,
Ағаларды райлы ғып бер!
Апаларды мейірлі ғып бер!
Ұрпақтарды намысты ғып бер,
Тұлпарларды шабысты ғып бер!
Жиі қойылатын сұрақтар
Ең әйгілі қазақ батасы қайсы?
Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» деп басталатын батасы мен Бауыржан Момышұлына әкесінің берген батасы ең кең тарағандардың қатарында.
Жыраулар батасы неге өлеңмен айтылады?
Жыраулар поэзиясында сөз мақаммен, ырғақпен айтылған. Бұл батаның есте сақталуын жеңілдетіп, оның ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетуін қамтамасыз еткен.
Бұл баталарды бүгін де айтуға бола ма?
Әрине. Тарихи баталарды тойда, мерекеде айтқанда авторын атап өткен жөн — бұл сөзге де, оның иесіне де құрмет.
Ұқсас бөлімдер
- Қазақтың бата-тілектері: ақ бата мен тілек сөздердің толық жинағы
- Той батасы: үйлену және ұзату тойына арналған бата-тілектер
- Туған күнге тілектер: 18, 25, 40, 50, 70 жасқа арналған бата-тілек
- Дастархан батасы: ас батасы, оның мәтіні және айтылу реті
- Діни баталар: айт, құрбан айт және дұға түріндегі баталар
- Балаға бата: шілдехана, сүндет тойы, ұл мен қызға арналған тілектер
- Наурызға арналған бата-тілектер және мерекелік құттықтаулар
- 8 наурызға арналған құттықтаулар мен тілектер
- Жаңа жылға арналған құттықтаулар мен тілектер
- Мектеп бітірушілер мен Білім күніне арналған тілектер
- Мерекелік құттықтаулар: Астана күні, әріптестерге және 1 маусымға тілек
- Жолаушыға, көшке және мал-жанға берілетін бата


