Жаңа жыл — үміт пен жаңа бастаманың мерекесі. Қазақ дәстүрінде бұл күні отбасына береке, елге амандық, әр іске сәттілік тіленеді.

Төменде Жаңа жылға арналған қазақша құттықтаулар мен тілектердің дайын мәтіндері берілген. Мәтіндегі жыл санын өз жылыңызға ауыстырып пайдалана беріңіз.

2021 жылға арналған құттықтау, тілектер

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге келіп жеткен 2021 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай
табыс тілеймін!

Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып,
отбасыңызға баянды бақыт пен бақ — береке келсін!

Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2021 жыл бақыт, шаттық,
қуаныш, құт — береке әкелсін! Жаңа 2021 жылда ырыстарың көп болып,
табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2021 жылдағы жоспарларың іске асып,
тілектерің орындалсын!

Жаңа 2021 жылың жаңа нұр ала келсін Қуанышқа құшағың тола берсін. Ескі
жылың есіркеп көкейіңде Қимас шақтың бірі боп қала берсін! Жаңа 2021
жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!

Бұл күн болмыстағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып,
айналаға нұр болып шашады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға
шуақ болып тұрады.

Қай — қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2021 жылға
дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді
келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады.

Жаңа 2021 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік,
абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, білімділер порталы!

Жаңа 2021 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Барша
қазақстандықтарды жаңа 2021 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2021 жылда
жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын,
ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен
береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен
құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын
үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр
шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай — қайсымыз болсақ та осы мерекелік
кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді
себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады.

Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Ескі Жылдың қайғы — мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп
келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл — күймен, таза, тың ойлармен
қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған
қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе — назымызды, өкініш
— мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі
Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық,
бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа Жылда
үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз
тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа Жыл үшін
көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа Жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш,
жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, Алла тағала
Жылдан Жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық,
берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан
тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа Жыл құтты болсын!

Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой — мақсаттар
жүзеге асатын, арман — үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор
денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,
Құт — береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ — береке, мол ырыс — дәулет әкелсін!

Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын!

Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы
Жылыңызға шат — шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң
өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар
мен оң шешімдер Жылы болсын!

Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер
мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты
кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа
бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

Жаңа Жыл құтты болсын! Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа
Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз
Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш —
қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза
болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға
елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ —
дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға
толы болсын. Қағып тұр Жаңа Жыл кеп есігіңді, Болмайды той — думанның
кеші мұңды. Жаратқан түгел қылып берсін сенің Бақыт пен ырысыңды,
несібіңді! Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.

Жаңа Жыл берекелі Жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!

Сізді келе жатқан Жаңа 2021 Жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен
құттықтаймын. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен
аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті
мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап,
Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен
аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыңызға құт — береке, қызметіңізге
өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі — қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл
— күйіңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сізді тек оң өзгерістерімен,
ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ
шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша
қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін,
барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.

Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт
және бақ — береке тілеймін. Сіз үшін......... Жыл – барлық тілек пен
үміттер орындалатын қуатты Жыл болсын.

Жаңа Жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім
ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа Жыл
күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік
әкелсін. Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас
қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.

Шаңырақтарыңызда ырыс — береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім
болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік
тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз
сәтті нәтижелер берсін
Сізді Жаңа 2021 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа 2021
жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2021 жыл
Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар
ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен
шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ — береке, ашық аспан, шуақты
күндер тілейміз.

Құрметті достар!

Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2021 жылда
жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен
жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен
бақ — береке келсін! Жаңа 2021 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз
үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі
ниетпен, қандас бауырларың!

Жаңа 2021 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын
үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы
шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. Қай —
қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2021 жылға дейін
жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді
келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2021 жыл әрбір
шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Барша қазақстандықтарды жаңа 2021 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2021
жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман
болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық
болсын!

Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен
береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен
құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен әдемі тілектер

Келе жатқан 2021 жыл — Сиыр жылы. Жаңа жылға арналған әдемі тілектер
1. Жылыстаған жылдармен жылжып есен — сау жүре берейік! Көңілге
қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін
болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2021 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке
мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз
орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!

2. Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне
жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды. Сол махаббат, қуаныш пен
үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді
сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл
жарылқасын!

Бүлдіршінге:
3. Отбасымыздың ең кішкентай мүшесі — бүлдіршінім, сенің де жаңа
жылың құтты болсын! Аппақ қардай көңілі пәк балапаныма келер жыл тек
жақсылықтарын сыйласын. Жайнаған жүзінен күлкі кетпей, балдай тәтті
қылықтарына қанбай жүре берейік!

4. Осы мерекені қатты күткен былдырлаған балапаным! Алыстарды көздеп,
биік белестерді бағындыратын үлкен азамат бол! Өмір жолы сені
адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын. Көрер жаңа жылдарың
көп болсын, жүзіңнен тек қана күндей жайнаған нұрлы күлкіні көрейік.

5. Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз
көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Пейіштен шыққандай пәк
періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік
қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың
қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын
тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас
жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге
балам, сен лайықсың!

6. Балдырғандар аналарына шуақ, әкелеріне қуат болсын! Сиқырлы мерекеде
әкелер сиқыры таусылмай, өздері сенетін ертегі ғұмырды көруге жазсын!

Жаңа жыл сәбилердің жарқын күлкісінен айырмасын, дендері сау болып, бал
дәурен балалықтың бақытына тоймай жүре берсін!

Ата — анаға:
7. Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата —
анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты
ғұмыр тілейміз. Шырайлы шапағат мен шуаққа кенеліп, арамызда аман —
сау жүре беріңіздер!

8. Құрметті Әкем мен Анашым! Келіп жеткен 2021 жыл сіздерді қуантудан
жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымызда жайқалып жүре беріңіздер.

Ана, сіздің аялы алақаныңызға, Әке, сіздің жүрегіңіздің шексіз
мейіріміне тең келер ештеңе жоқ. Сіздердің амандықтарыңызды тілеп, осы
жаңа жылды бірге қарсы алу сәтіне жеткізген Аллаһқа разылық білдіремін!

Талай жылды бірге қарсы алу бақыты бұйырсын деймін! Жаңа жыл құтты жыл
болсын!

9. Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан,
тағдырдың суығына тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен
Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен
қуантсын! Деніңіз сау болып, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың
қуанышына марқайып отыра беріңіз!

10. Анашым! Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең
қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ
сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, осы
күнге есен — сау жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Әр жаңа
жыл кеші тек өзіңмен ғана көңілді. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей,
біздің ортамызда күліп — ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре
беріңіз. Жаңа жыл бар тілектеріңізді орындасын!

11. Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім
сендерсіңдер. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Дастарханымыз
әрдайым осындай мол, шаңырағымыз берекелі болсын! Сіздердің жанымызда
болғандарыңыз біз үшін үлкен бақыт! Ұзағынан болғай!

Досқа:
12. Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі
болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі
қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып,
жадырап, аман — есен жүре бер.

13. Достар! Жан — жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем
де сұлу, көркіне көз тоярдай сүйкімді қыздар мен жігіттер жиналып отыр
екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып — қызыл
қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін.

Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа
бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз
бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!

14. Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім
сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен
бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

15. Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар
жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер
тілеймін! Жылдан — жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!

16. Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір
болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар
мен өкпе — наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа
белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

17. Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын!

Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі
жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын!

Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын!

Жаңа жылға өлең шумағы
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер

Жаңа 2021 жылыңызбен!
Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң
өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар
мен оң шешімдер Жылы болсын!
Жаңа 2021 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп қала берсін!
Келді тағы жаңа 2021 жыл,
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Жұмысыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың
молшылықта болуын тілеймін. Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын,
сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт — береке болсын!
Сізді Жаңа 2021 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2021
жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2021 жыл
Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар
ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен
шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ — береке, ашық аспан, шуақты
күндер тілейміз.
Жаңа Жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және
татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!
Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа 2021 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір
игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға
баянды бақыт пен бақ — береке келсін!
Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, қандас бауырларың.
Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2021 жыл бақыт, шаттық,
қуаныш, құт — береке әкелсін! Жаңа 2021 жылда ырыстарың көп болып,
табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2021 жылдағы жоспарларың іске асып,
тілектерің орындалсын!
Жаңа 2021 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын
үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы
шашылған нұр әр біріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай —
қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2021 жылға дейін
жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді
келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2021 жыл әрбір
шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Барша қазақстандықтарды жаңа 2021 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2021
жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман
болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық
болсын!
Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен
береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен
құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
Жаңа жыл жақындаған сайын жүрегімізде ерекше толқыныс пайда болып, келер
жылға дайындық жасаймыз. Доңыз жылына аяқ басқалы тұрмыз. Әр жылдың
өзіндік ыстық естеліктері бар. Жыл жақсылығымен келсін! Жаңа жылға
арналған құттықтау тілектер топтамасына кезек берейік!
Жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Келер жаңа жыл сіздің барлық
істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтсін.
Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын! Отбасыңызға амандық, береке,
жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Келесі жаңа жылда да осындай тәтті тілек
айтып тұруды жазсын!
Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл жыл сіз үшін де, біз үшін де
табысты жыл болды деп ойлаймын. Алдағы жылы бұдан да үлкен табыстарға
жетуді нәсіп етсін! Әрдайым жақсылықтың жаршысы болып жүре беріңіз.
Бәріміз үшін ең қымбаты – өз отбасымыз. Сондықтан да отбасымызбен, төрт
көзіміз түгел келесі жаңа жылды да дәл осылай қарсы алайық! Жаңа
жылыңызбен!
Жаңа жыл бақытты болашаққа үміт, игі іс атқаруға жігер сыйлайды. Бұл
жылды жаман өткізген жоқпыз деп ойлаймын. Жаңа жылды қарсылай алмай
кеткен жандар да қаншама... Біз бақыттымыз. Осындай бейбіт, тыныш
заманда, берекелі шаңырақта шаттықтан жүзіміз бал — бұл жайнап, шат
— шадыман тілегімізді айтып тұрмыз. Осының өзі үлкен бақыт деп
есептеймін. Көңіліміз кірлемесін! Бір — бірімізге деген сеніміміз
сөнбесін! Тек жақсы үмітпен толағай табыстарға жете берейік. Жаңа жыл
құтты болсын!
Бір жыл зулап өте шықты. Жаңа жылды қарсы алар уақытта әр адам өзіне
есеп береді. Қаншама іс атқардық, қаншасын атқарып үлгермедік. Еш өкініш
жоқ. Тәңірдің бергенінен берері көп болғай! Ең бастысы – жақсы көретін
жандармен бір дастарханда шаттанып отырмыз. Айтатын тілек көп. Осы кезге
дейін бірге болып, қуанышта қасымнан табылып, қиындықта қолдау білдірген
жайсаң жандарға алғыс айтқым келеді. Лайым отбасымызда жақсылық болсын!
Ел іргесі бүтін болсын! Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл... Жаңа үміт... Жаңа бастама... Енді бәрі жаңадан басталады.
Доңыз жылына еш өкпе жоқ. Жаңа тышқан жылы табыстарға бастасын.
Жүрегіміз қарайып кетпей, сенімдерге дақ түспей, көңілдерді кір
шалмасын! Жанымыз жүдемесін! Жаңа жыл әр отбасына ырыс пен құт әкелсін!

Жаңа жылға арналған тілек

Баяғыда бір жақсы адам өмір сүріпті. Өзі жомарт, қайырымды, әрі асқан
ақылды адам екен. Жасы жүзге жеткенде әлгі адам қатты сырқаттанып
(ауырып) қалыпты. Ажалды күтіп бүк түсіп үйде жатқанда, бір күні оның
есігін біреу тақылдатып қағыпты.
«Бұл кім?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен – Махаббатпын, саған
көмектесейін деп келдім, есігіңді аш» — депті қонақ.
Жақсы адам оған: «Махаббат, сенің маған керегің жоқ, көмектесе алмайсың,
рахмет, қайта бер» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, есікті тағы біреу
тақылдатыпты. «Кімсің?» деген сұраққа ол: «Мен – Байлықпын! Сендей
жақсы адамға көмектесуге келдім.
Ауруыңды емдей алам ба?» деп жауап беріпті. Жақсы адам:«Рахмет, Байлық,
сен маған керек жоқсың енді» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, тағы
біреу ақырын ғана қағыпты. «Кім бұл?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен —
Денсаулықпын, парасатты адам!» — депті есіктің сыртындағы қонақ. Жақсы
адам сүйретіліп барып, есікті ашып жіберсе, ар жағында үш жігіт тұр
дейді.
«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы
адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде»
деп, Байлық пен Махаббат жымиып күліп, Денсаулықтың екі қолынан ұстап,
босағадан кіріп келе жатыпты.
Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағыңызға дәл осылай
Денсаулық, махаббат және байлық үшеуі бірдей қол ұстасып кіріп келсін
және ешқашан қайтып шықпасын!

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жылға қысқа тілек қалай айтылады?

«Жаңа жылыңызбен! Келер жыл денсаулық, береке және сәттілік әкелсін!» — қысқа әрі әмбебап нұсқа.

Әріптестерге қандай құттықтау жарайды?

Ресми ортада кәсіби табыс, ұжым бірлігі және жаңа жобаларға сәттілік тілеген жөн.

Жаңа жылда бата беріледі ме?

Иә, отбасылық дастарханда үлкендер жаңа жылға арнап ақ бата береді.

Ұқсас бөлімдер