Туған күн — адамның өмір жолындағы белесті саралайтын күн. Қазақта туған күнге айтылатын тілек жасқа қарай өзгереді: жасөспірімге арман мен білім, ортажасарға тұрақтылық пен береке, ақсақалға денсаулық пен ұрпақ қызығы тіленеді.

Бұл бөлімде туған күнге арналған тілектерді жас мөлшері бойынша топтастырдық: 18, 25, 40, 50, 70 жас. Сонымен қатар құрбыға, әріптеске арналған құттықтаулар және мерекеде ойнайтын ойын түрлері берілген.

25 жасқа тілек

Мұрат досым, 25 жасқа толған күнің құтты болсын.
Саған зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңа амандық пен бақыт,
шаңырағыңа шаттық пен мереке, дастарханыңа береке тілеймін!
Жасыңа жас қосылып, еңбегіңнің жемісін көріп, отбасыңның тірегі,
бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей
берсін!
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
Келгендей жаз оралып, күздер өтіп,
Келмейсің неге, жастық, жүзден өтіп?
Кім саған, о жиырма бес, наз айтпады,
«Таптың»,- деп,- не мархабат бізден өтіп?!».
Білмеймін, таптың ба сен, таппадың ба,
Көп болды жүрмегелі қапталыма.
«Қош» айтып ақырғы рет қалып едің
Бір түні бізге мәлім қақпа алдында....
Мен сені сонан соң да іздеп едім,
Әлдилеп үмітімді үзбегенмін.
Бір барып сол бір жазғы қақпа алдында...
Сезген соң, кетіп қалдым, күздің демін...
Сонда да өкінбес ем өз басыма,
Кім кепіл өзгеден де озбасыңа?
Талайға жеткізбей де кетіп жүрсің,
Жиырма бес, бір түнетпей өз қасыңа!
Неге сен кәріге де, жасқа да арман,
Болса да жолдасың жоқ тастамаған?
Әлде бір көздің ғана құрты ма едің,
өткінші өмірі бар баста жалған?
Жиырма бес, жөнің болса оралатын,
Әзірге арамызға жол да жақын.
Кәрі жар – жас жұбайын ардақтағыш,
Ойлама қадірсіз деп қолдағы алтын.
Баянсыз бала емеспін мен кешегі,
Келші, кел, мәпелейін мен де сені.
Жүрсек те жақсы өмірді бірге жасап,
Жастықтың оты мәңгі сөнбес еді.
25 жасқа тілек, 25 мүшел жасқа арналған тілек, туған күнге арналған

50 жасқа тілек

Жан аға, құтты болсын 50 жасың,
Әр уақытта домалап өрге тасың.
Бізді әрқашан бауырыңа жақын тарттың,
Әрдайым аман болсын алтын басың.
Тілек еттім алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын өмір — өзен базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ — Тәңірі көрсетпесін азабын.
Қызық — шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп өне бер.
Құтты болсын 50 жасың белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып жасыңа жас қосылсын,
Алла жазса, тағы бір 50 жас жасарсың.
50 жасқа тілек 50 жас мерей тойға арналған құттықтаулар 50 жасқа
арналған тілектер туған күнге тілектер құттықтаулар 50 жас

70 жасқа тілек

70 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі,
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған, Анашым,
Періштелер әумин деп тілегімді жебейді.
Шуылдассын айналып немерең мен шөберең,
Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырың,
Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген.
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан,
қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті
үйіп — төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін!
Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып,
Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!
Аузын ашса көрінетін жүрегі,
Бар туыстың, жанашыры тірегі.
Сенің асыл қасиетің, анашым,
Өміріме шамшырақ боп келеді.
Жүрегіммен айтар болсам бар шыным,
Бір өзіңдей ұға алмайды жан сырын.
70 жасың құтты болсын Анашым,
Білем өмірің болмағанын бал шырын.
Үлгі тұтам әрбір ісіңді
Қандай жұмсақ алақаның, жүзің сондай шуақты.
Жүз жасаңыз жан анашым, көрмей енді тауқымет,
Бәйтерексіз сая болған ұрпағыңа әрқашан
Ізгі тілекпен балалары:
70 жасқа тілек 70 жасқа арналған тілектер 70 жас мерей той 70 жасқа

Туған күнге тілектер

Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өміріңіздің мәнді де сәнді
болсын деп тілеймін. Алға қойған мақсатыңызға жету жолында еш қиындыққа
мойымаңыз. Қандай қиындық болса да қорықпай алға қарай баса беріңіз,
өмірдің өзі осы қиындықтарды жеңіп, жеңіске жетуден тұрады емес пе?
Қиындықта достарыңыз қасыңыздан табылсын, дұшпаныңыз қашық болсын.
Өмірде әрқашан сәттілік сіздің серігіңіз болсын, шаңырағыңызда шаттыққа
толы күндер көп болсын. Тағы да туылған күніңіз құтты болсын, өмірде бар
жақсылықты тілеймін!\
Туған күніңізбен құттықтаймын. Мен сізге мол табыс, зор денсаулық
айналаңызда сенімді достарыңыз көп болсын деп тілеймін. Үйіңіз әрдайым
мейірім шуағына толы болсын. Жайлы өмір сүру үшін өмірге деген
құштарлығыңыз, шабытыңыз артып, алда алар асуларыңыз көп болсын, деп
тілеймін. Айналаңызға әрдайым шуағыңызды төгіп, мейірімге бөлей беріңіз.
Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің барлық бастамаларыңызға
сәттілік, әрқашан жарқын және жақсы көңіл — күй, сенімділік тілеймін.
Сонымен қоса мықты денсаулық, әр күніңіз мерекеге толы болсын!
Қызметтестер арасында мәртебеңіз жоғарылап, шығармашылық жетістіктерге
жете беруіңізге тілектеспін.
Авторы: Жадыра
Туылған күнге арналған өлеңдер немесе түрлі құттықтаулар білсеңіз, пікір
қалдыру жолына жазып қалдыруға болады, сайтта жарияланады.
Туған күнге арналған тілектер туған күніңмен туылған күніңізбен туған

Туған күнге арналған тілектер

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса
тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік
болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын
қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі
туылған күн
иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай
қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат,
мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл —
қыздарыңның, туған — туыс, дос — жарандарыңның ортасында сыйлы
болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әңгүдік, есігіңнен кіргенмен таң
күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып, саған жолдас бола алмайды мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен, ерлік сезім бірақ сенің
табылады өзіңнен.
Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоқсызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсыз да.
Қайтсем екен, мен одан да барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!
Бүгін сенің туылған күнің — төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы
мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып —
қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді.
Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен — ақ жансын, сол бағыңнан
шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Саған айтар тілек
Таусылма ешқашан
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!
Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Туған күнге  арналған тілектер туған күтің құтты болсын құттықтау

Туған күн

Туған күн (Мұхтар Шаханов)
Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсыз да,
Ал сұлулық тілер ем,
Сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған.

Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған

Тай мініп, жабағыны ойнақтатқан.
Келген соң одан әрі – 15 жас бар,
Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.
20 — да өз жүзіңді түзейсің ғой,
Шашыңды кейін қарай күзейсің ғой,
Үлгісін ағалардың көргеннен соң,
Ой — ойлап әр нәрсені жүдейсің — ғой.
30 — да, 30 — да үй иесі боласың — ғой,
Балаңды әлди қағып аласың — ғой,
Келген соң одан әрі – 35 жас,
Жігіттік қыдырыстан қаласың — ғой.
Бір жас бар – 40 деген – қылыш екен,
Мойныңды бір жұмысқа бұрыс екен,
Келген соң одан әрі – 45 жас,
Борышты болмағаның дұрыс екен.
Елуде ебің келмес еңкейгенмен,
Қыздарға қолың жетпес көркейгенмен.
Келген соң – 55 жас, 60 жасқа,
Шал болып ойнайсың ғой кемпірлермен.
70 — те жер таянбай тұра алмайсың,
Қолыңа таяқ алмай жүре алмайсың.
Балаң мен кемпіріңе тілің өтпей,
Әңгіме көп ішінде құра алмайсың.
80 — де шал боларсың селкілдеген,
Жел соқса желмен бірге үлпілдеген,
Балаң мен келініңе тілің өтпей,
Ренжісіп отырғаның кемпірменен.
90 — да шал боларсың томыртқадай,
Тастаған шала мұжып омыртқадай,
Өмірден өтеріңе сенгің келмес,
Дұшпанға жазатайым бергің келмес.
Жеткенде жасың 100 — ге, жаның тәтті,
Қойнына қара жердің кіргің келмес.

Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар

Туған күн кештерінде ойнайтын ойын түрлері
Мен қараңғыда да көремін.

Қажетті заттар: көзді байлағыш орамал
Тәсілі: Жүргізуші бір жігітті шығарып көзін байлайды, содан соң 3 — 4
қыздарды шақырады.

Жігіт көзі байлаулы күйінде қыздардың атын дұрыс атауы керек.

Лақтыру
Қажетті заттар: ыдыс және тиындар (15 — 20) тиындар.

Тәсілі: Ойынға 2 — 3 ойыншы қатысады. Ыдыстан алысырақ тұрып тиындарды
лақтырып ыдыстың ішінде түсіру тапсырылады. Кім ыдысқа тиын түсірсе сол
жеңімпаз.

Табыс табу
Қажетті заттар: екі пластмасса стакан, 20 – ға жуық майда тиындар.

Тәсілі: Бұл ойынға екі жұп қатысады. екі жігіт, екі қыз шығады, жігіт
қолын артқа қаратып стаканды ұстап тұрады, қыз 2 метр алыс тұрып,
жігіттің ұстап тұрған ыдысына тиынды лақтырып түсіруі қажет. Мүмкіндік
болса, ыдысты жігіттің беліне бекітіп қоюға болады, ойын одан да қызық
болуы мүмкін. Қай жұп тиын көп жинаса сол жұп жеңімпаз.

Шар үрлеу
Қажетті заттар: 9 шар, байлайтын жіп қажет.

Ойынның тәсілі: шарды тез үрлеп жіппен байлау.

Жүргізуші үш ойыншыға үш шар және байлайтын жіпті ұсынады. Кім тез үрлеп
бітірсе, сол жеңімпаз.

Сүйіктім
Қажетті: екі ойыншы
Тәсілі: екеуі бір — біріне жылы сөздер айтып жарысады. Тоқтап қалған
адам жеңіліс табады.

Су тасушы
Қажетті заттар: су толтырылған екі ыдыс, 2 қасық, 2 стакан
Жүргізуші екі ойыншыны шақырады.

Тәсілі: екі үстел үстінде су толтырылған екі ыдыс тұрады, екі стол
үстінде қасық тұрады. Әріректе екі столдың үстінде стакан тұрады.

Ыдыстағы суды қасықпен тасып стаканға құю тапсырылады. Кім стаканға көп
су құйса сол жеңімпаз.

Алма жегің келе ме?

Қажетті заттар: 4 алма, 4 көз байлағыш орамал.

Жүргізуші екі жұпты шақырады, екі қыз, екі жігіт болғаны дұрыс.

Тәсілі: Төртеуінің көзін байлайды. Бір — біріне қарама қарсы тұрып,
қолындағы алманы көзі байлаулы күйінде жегізу қажет. Алманы кім тез жеп
бітірсе сол жеңімпаз. Әр ойыншы өз қолындағы алманы жеуіне болмайды.

Түрлі ойын түрлерін білсеңіз бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазба
қалдыруға болады.

Мерейтой батасы

Той дастарқаны мол болсын,
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың,
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын,
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.
Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың тойға ұласып,
Жан — жүрегің толғансын!
Күннен — күнге көбейсін,
Дос — жараның, жолдасың.
Бақытың тассын әманда,
Бергенін Тәңірі алмасын!
Өміріңді ұзартып,
Бала менен немерең,
Шөберең мен шөпшегің,
Туажаттар жалғассын!
Әумин!
Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығын,
Тере бергін етектеп,
Құт болып, мекен тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың.
Жарқырай берсін шырағың,
Жастарың жүзге жеткенше
Тарқамасын бір — біріңе құмарың.
Әумин!
Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені,
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар.
Мерейі биік елдегі,
Аруақтар қолдасын,
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да,
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп балалардың,
Ашық болсын аспаның.
Әумин!
Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарылқасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән — сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп — өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажырамай жұптарың,
Жүзге жетсін жастарың!
Әумин!

18 жасқа арналған құттықтау, тілек

Қарындасым!

Бүгін, міне, сен үшін
Аспан нұрдан әшекейін тағынды.

Күміс өзен күліп сылқ — сылқ ақты да,
Өзі құяр көк теңізін сағынды.

Бүгін, міне, сен үшін
Дала шат боп жасыл жібек жамылды.

Өйткені сен 18 — ге толған күн!!!

Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің
«Он сегіз!!!» деп қоңырауы қағылды!

Сені бүгін 18 — ге толды деп,
Ата — анамыз қуанысты, шаттанды.

Саған тілеп бақыт толы ақ таңды.

Мен де ағаң боп — бауырың боп қуандым,
Көргендей боп нұр жүзіңнен
Наурыздағы кіршіксіз бір ақ қарды.

Сенің жаның сол ақ қардай кіршіксізін білемін,
Армандарға толы сенің жүрегің.

Сондықтан да сен шыққанда 18 — дің қырына,
Сол армандар орындалса екен дедім —
Тіледім!

Қарындасым!!!

Құтты болсын туған күнің бүгінгі!

Достарың да көрер сенің шаттық толы түріңді.

Саған бәрі,
бәрі мынау адамдардың тілекші,
Әкелгендей 18 жас ең бақытты күніңді.

Сен асықтың, білем, ылғи бүгінге,
Жазылып — ақ тұратұғын ішкі алаңың түріңде.

Бүгін сен де 18 — дің құшаққа алдың шат гүлін,
Өмір — өзен,
Сол өмірде ешқашан да сүрінбе!

Аға болып, бір үйде ылғи өтсе — дағы күндерім,
Ағалықты қанша жасай алғанымды білмедім.

Маған жақсы сенің мынау тек көктемнен тұрмайтұғын өмірде
Көз жасынсыз жүргенің.

Туған күнің!!!

18 — ге толыпсың.

Достарың да бүгін сені бұрынғыдан көп ұқсын!

Сенің мынау осы шақтан басталатын албырт, арман жолыңда
Тек жақсылық жолықсын!

Бүгін, міне, 18 деп бақыт таңы атыпты,
Сенен бұрын осы жастың бал дәмін
гүл өмірде талай әпке татыпты.

Сен кішкентай қыз едің,
Тоқтата алмас деген осы уақытты.

Саған бүгін 18 боп келсін барлық шаттығың!

Аға болып тілерім:
Өмірде бол бақытты!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,

40 жасқа тілек

40 жасқа тілек – құттықтау
40 жасқа тілек
40 жасқа
Жылқыда да жылқы бар – (қазанаты бір бөлек»,
Жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек, деп – еліне елеулі, халқына
қалаулы өзіңдей азаматқа арналып айтылса керек. Қырық жас мерейтойың
құтты болсын!
Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.
Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.
Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.
40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты
болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып
дараландыңыз.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына,
ел — қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі
болсын!

Құрбыға тілек

Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын. Бүгін мынау
сенің інде, қандай тілек айтсам екен бауырым. Саған, байлық тілер ем,
бірақ ол бір әңгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп Жүргенімен шеру
тартып таң құрып, саған жолдас болмайды ол мәңгілік. Бәлкім, ерлік тілер
ем мен тамыр алған төзіммен, ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда. Ал сұлулық тілер ем мен,
сұлусың сен онсызда. Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған Барлық
адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін Зор
МАХАББАТ тілейінші мен саған!

..... сені мен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты
болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат
тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте
табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың
мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып,
сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!

Құтты болсын —— келгеніңіз,
Тілекші көп, бізде соның біріміз.

Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.

Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе
тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе
— нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа — жас, басыңа бас қосылсын!

Шаңырағыңа құт — береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле
түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз,
арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың —
гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен
тiлектеспiз!

Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай
отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта
берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық
болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп
қалсаң еңбектеп жет!

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.

Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

Қанша жұлдыз әлемде!

Қанша толқын теңізде!

Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың
аяғы талмас жолаушысы бол! Өмір қуанышын сыйлаған ата — анаң мен
жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның
қалаулысы бол! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш
бақыт сыйласын!

40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер

Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
Қырықтың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере — шөберелі шал болғайсың.
Қырық деген көнбейтін жас құрыққа,
Қырық деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.
Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.
Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.
Қырықтық қырына шығып, қамал алатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты
болсын!
Әуелгі бақыт – денсаулық, екінші бақыт – ақ жаулық, үшінші бақыт – он
саулық тілеймін. Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден
озып дараландыңыз. Бастаған істеріңіздің қашанда оңға болуына, әр
қадамыңыздың қарымды болуына, ел — қоғам алдында абыройыңыздың арта
беруіне тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі,
күндеріңіз мерекелі болсын!

Туған күнде ойнайтын ойын түрлері

Мерекелік кештерде немесе туған күн кештерінде ойналатын
ойын түрлері
Математикалық ойын
Бұл ойын музыка арқылы орындалады. Бірнеше ойыншы шығып би арқылы ауада
сан (цифр) жазады. Ал көрермендер қандай сан жазылғанын табуы керек.
Есеп жазуға да болады бірақ, оңай болуы керек мысалы: 2+5. Қалғандары
шешуін тапқанша ойыншылар биін жалғастыра береді.
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға
жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы
кең бутылкаға салады. Столдың ортасына қойып айналдырады, банкінің аузы
кімге қарап тұрса, сол адам қағазда жазылған тапсырманы орындайды.
Қағазға жазылған тапсырма қызық болуы керек. Мысалы: стриптиз билегім
келеді немесе бір бокал шампан ішкім келеді т. б.
Жемістер
Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Үлкен екі ыдысқа су құйып ішіне
алма, алмұрт, апельсин, мандарин т. б. жемістерді салуға болады. Екі
ыдыстағы жемістер саны бірдей болуы керек. Ойыншының қолын артқа байлап,
ыдыстың ішінен жемісті аузымен алып шығару тапсырылады. Ойын барысында
жақсы әуен ойнап тұруы керек.
Қимыл арқылы
Бұл ойынға отырыстағы барлық адам қатысуға болады. Қағазды бөліктерге
бөліп алып, отырыста отырған адамдардың аты жеке — жеке жазылып,
бүктеп ыдысқа салынады. Ойыншылар бір қағаздан алады. Қағазда кімнің аты
жазылған болса, сол адамды қимылы арқылы көрсетуі қажет. Қалғандары кім
екенін табуы керек.
«Өте маңызды мәлімет»
Тұтқындардың қолына маңызды құжат бар, сол құжаты діттеген жерге жеткізу
қажет. Ол үшін ойыншылар екі топқа бөлінеді. Құжат жыртылмайтындай қағаз
болғаны дұрыс. Ойыншылар екіге бөлініп қатар тұрады. Барлығының қолдары
артқа байланады, қағазды аузымен бір — біріне беру арқылы соңғы адамға
жеткізуі қажет. Мұнда жылдамдық қажет. Қағаз жерге құламауы керек. Қай
топ бірінші болып орындаса сол топ жеңімпаз.
«Қолғап пен түйме»
Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар
беріледі. Ал қыздардың киімінің үстінен көйлек немесе халат кигізіледі.
Ер адамдар серіктес әйелінің үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып
шығуы тиіс.
Тілектер сайысы
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір тілек айтуы
тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына
дейін жеткен адам жеңеді.
Туған күнде ойнайтын ойындар №2
туған күнде ойналатын ойын ойын түрлері жаңа жылға арналған ойын түрлері

Туған күнге арнау

Мінезің бар әкеңдей бір салмақты,
Жігіт болып өсе бергін жан — жақты.
Құттықтайды нағашылар әулеті,
Тараздық Мухит атты нағашы!
Көзіміздің ағы менен қарасы,
Аман жүрші Құрақбайдың баласы.
Туған күнің құтты болсын Қайсаржан,
Қамқоршы ғой әрқашан да нағашы.
Басқалардан өте жақын болады,
Жиен менен нағашының арасы.
Тиіп кетсе қол қалтырап қалатын,
Құдіреттің күштілігін қарашы!
Сырласатын, сыйласатын өзіңмен,
Ең бірінші нағашым деп санашы.
Пікір қалдыру жолына туылған күнге арналған тілектеріңіз болса қалдыруға
болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

50 жасқа қандай тілек айтқан жөн?

50 жас — мерейтой саналады. Бұл жаста денсаулық, немере қызығы, ұрпағының өркендеуі және еңбегінің жемісін көру тіленеді.

Туған күнге өлеңмен тілек айту дұрыс па?

Иә, қазақ дәстүрінде тілекті өлеңмен айту жоғары бағаланады. Өлең түріндегі тілек есте жақсы қалады және мерекеге ерекше көрік береді.

Әріптеске қандай тілек айтуға болады?

Әріптеске қызметтік ортаға сай, шектен шықпайтын тілек айтылады: мансап өсуі, ұжымдағы сыйластық, отбасы амандығы.

Ұқсас бөлімдер