Той — қазақ үшін екі шаңырақтың, екі рудың қосылған сәті. Сондықтан тойда айтылатын бата да ерекше салмақты: онда жас отаудың берекесі, ұрпағының көбеюі, ата-ананың ырзалығы тіленеді.

Бұл бөлімде үйлену тойына, қыз ұзатуға, келін түсіруге және жас жұбайларға арналған бата-тілектерді жинақтадық. Мәтіндер тойда микрофон алдында айтуға ыңғайлы етіп бөлек-бөлек берілген — қажеттісін таңдап, көшіріп алуға болады.

Бата (Тойда берілетін бата)

Аяңда, аяңдасаң, қаракердей,
Сөз таптық қапияда қайлалы ердей.
Той бастап жолдық енді алғаннан соң,
Біз сонда кетеміз бе бата бермей!
Әуелі бір Құдайым басын берсін,
Екі елі ұзақ ғұмыр жасын берсін.
Дұғамыз мүшәуратта қабыл болып,
Шын күміс, алтын аяқ тасын берсін!
Онан соң бір Құдайым бақыт берсін,
Дәрәжә, өзіңізге тахит берсін.
Дұғамыз мүштәрәкта қабыл болып,
Он жігіт күзетшіге сахит тұрсын!
Онан соң бір Құдайым миды берсін,
Үстіңе ақ күмбездей үйді берсін.
Үстіңде ақ күмбездей үйің болып,
Ішіне лайақаттап күйді берсін!
Жиһазын ақ ордаңда толып тұрсын,
Үйіңе қонақ-қопсың қонып тұрсын.
Терісін бес биенің саба қылып,
Қымызың жүз кісіге болып тұрсын!
Самаурын төрт-бес жерден қайнап тұрсын,
Бұлбұл құс тұғырымда сайрап тұрсын.
Үстінде түркпен кілем жабуменен,
Белдеуде төрт бедеуің ойнап тұрсын!
Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын,
Ақ жүзің алақандай нұрға толсын.
Мүстәжәп менің батам қабыл болса,
Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын!
Қара су мал жериді лайынан,
Тілей көр күнде тілек Құдайыңнан.
Мал-басың дәулетіңмен бірдей өсіп,
Бір Құдай айырмасын жұбайыңнан!
Шырағым, қадірлі екен қара басың,
Ауызға бал татиды берген асың.
Мүстәжәп менің батам қабыл болса,
Алдыңнан ақ күн туып, жарылқасын!

Құрбының ұзату тойына тілек

Тарих бетін ақтарсақ та жүз қарап,
Туған үйге үшін қашаннан да
қыз
— қонақ.
Еркелетіп, орыны оның төрде деп,
Қызымызды кие дейміз, біз қазақ.
Сен де
құрбым
таптың міне теңіңді,
Қадамыңды бас алдыға сенімді.
Бақытты бол, тастай батып, судай сің
Бақытты қыл барған жұртың, еліңді
Бастарыңа үйірілсін барша бақ.
Бір біріңді ең аяулы жан санап.
Бір әулеттің түтетпексің түтінін
Бір әулеттің аманатын арқалап.

Жас жұбайларға тілек

Құрметті Жас жұбайлар!

Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең
құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы
мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған
сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта
сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт
кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!

Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял
патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата —
ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек
қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, Бұл —
сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ
армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың
іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін,
көңіл төрлеріңіздің кеңдігіндей керегелеріңіз керілсін, мақсаттарыңыздың
нық көрінісіндей болып уықтарыңыз шаншылсын, сол отаудың үзігі бір —
бірлеріңізге деген жан жылуындай жылы да берекелі болсын,
түңіліктеріңізден құйылған нұр риясыз күлкілеріңіздің көрінісіндей
сәулесін төксін!

Бүгінгі күн — Сіздердің күндеріңіз! Жұбайлық өмірдің рауандап атқан
әрбір таңы Сіздерді бақыт болашағының таңғажайып төріне жетелейді.

Сіздердің ендігі сәтте өздеріңізді жастық өмірлеріңіздің нағыз бақытты
Ханшайымы мен Ханзадасы сезінулеріңізге толық құқыларыңыз бар. Өздеріңіз
арман еткен бақыт күндеріңізде Сіздердің ата — аналарыңыз бен туған
— туыстарыңызды сол тамаша күндеріңіздің куәсі болуға жазсын!

Сіздер — Отанның перзентісіздер. Сіздердің Отандарыңыз отбасы
құндылығының беріктігімен мықты. Ол өз перзенттерін сүйеді және Сіздерді
де сол бақытты Отандарыңызға жастыққа тән күшпен лайықты қызмет етуге
жазсын!

Сіздер өз ұлттарыңыздың ұрпағысыздар. Бұл Сіздер үшін ұдайы ұрпақ парызы
мен міндеттерін еске салады. Сіздерді өз болмыстарыңыздың боямасыз
қалпын тұғырлы қалыптарыңызда сақтаған отбасы мүшесі ретінде елестетер,
өз қоғамдарыңызға мақтаныш сезімін туғызарлық жұбай болуға жазсын!

Сіздердің өздеріңіз де болашақта жас ұрпақтың тәрбиешісі атанасыздар.

Болашақ ұрпақтың танымы мен тәлімі сіздердің бүгінгі күнде жинаған жан
сарайларыңыздағы көкірек құндылықтарыңыздан бастау алып жатады. Демек,
тәрбие тамыры әріде. Сіздерді өз қоғамдарыңыз шын мәніндегі рухани
құндылықтармен қаруланған жастар легінің өкілі ретінде таниды және
болашақтың түпқазығына жан — жақты бағыт сілтерлік ендігі ересектер
сапын толықтырарлық жұбайлар болады деп үміт етеді. Тәңірі
тілектеріңізді адал мұраттарыңызға жеткізсін!

Сіздердің қоршаған қоғамдарыңыз дәл қазіргі сәтте Сіздерге үлгілі
шаңырақтың лайықты тұрпаттағы Отағасы мен Отанасы бола алады деп сенім
артты. Алдағы жұбайлық ғұмырларыңыз Сіздерге көптің сеніміне жарықшақ
түсірместей жарқын да нық, нұрлы да мағыналы түрде өмір сүруді нәсіп
етсін!

Міне, Сіздерге де бақыт күнінің таңы атты. Сол күннің бастау сағаты
естеріңізде ұдайы сақтала отырып, алға жетелеп отырушы екі жүрекке тең,
ортақ құндылыққа айналсын! Сол бақыт таңының нұры аппақ отауларыңызды
үнемі алтын сәулеге малындырып, сіздерге ұдайы құдіретті қуат беруші
ғажайып күшке айналсын!

Махаббат — адамға зор жауапкершілік пен міндет жүктеуші қасиетті ұғым.

Ол — әдемілік пен әдептің өлшемі, жан — дүние әсемдігінің айнымас
серігі. Сіздер ендігі сәтте өз махаббаттарыңыздың ғажайып сенімінен қуат
ала отырып, екінші сыңарыңыз үшін өмір сүруге бел будыңыздар. Сіздер
осынау жолға батыл қадам басушысыздар. Сол жолда өздеріңіздің достарыңыз
бен құрбыларыңыз сіздердің осынау жүрек сезімдеріңіздің тұрақты түрде
жаңғырып отырушы қуатты қорғанға айналар күш болуын шын жүректен
тілейді.

Құрметті шаңырақ көтеруші Жас жұбайлар!

Бүгінгі құрған шаңырақтарыңыз құтты да берекелі болсын! Сіздердің алдағы
өмірлеріңіз тек бақытты күндердің тізбегінен құралсын! Сол тізбек
ешқашан да үзілмесін!

Жас жұбайларға тілек тойға арналған бата-тілек бата тілек тойға арнау

Қызының әкесін құттықтауы

Қызының әкесін
құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел,
Әке, сізді бүгін бәрі түсінер.
Құрдас десе сізді тұстастарыңыз,
Аға дейді сізді барлық кішілер.
Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із,
Әке, сіздің шаттық толы күніңіз.
Сіз толғанда мерейтойлы бұл жасқа,
Құттықтайды бүгін сізді қызыңыз.
Әрқашан да аман-есен жүріңіз,
Қуанып тұр сіз үшін де гүліңіз.
Әзіліне құрбы менен құрдастың
Туған күнде қуаныңыз, күліңіз.
Сізден әр кез тәлім атты көрер із
Бәріміз де сізді жақсы көреміз.
Әкемізге, анамызға тең келер
Табу қиын мына өмірде теңеу із.
Шаңыраққа бақ-береке айналсын,
Туған күндер жылда осылай тойлансын.
Жылда осылай қуанышқа жетіңіз,
Шаттықпенен көңіліміз жайлансын!
Әкені қызының құттықтауы әкесін қызы құттықтау айтуы өлең шумағы арнау

Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт

(Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген тілегі — Жар лебізі)
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт,
Жанымызға жуытпаймыз бір күдік.
Сен алыстан оралғанда үйіңе,
Шаңыраққа бірге енеді күн күліп.
Осы күнді шын бақыт күн екен де,
Мүлкіміз де ортақ біздің екеуге.
Мейірім де ортақ, соны сезген сәбиіміз
Еркеліктен жыламайды бекерге.
Соның салар әнін бірге ұғамыз,
Сол қыңқ етсе, құрақ ұшып тұрамыз.
Жүрек те ортақ, сезім де ортақ екеуге,
Махаббат та — ортақ бізге бір аңыз.
Жексенбіде дамыл тап та біршама,
Думан күнге қанша қалды, күн сана.
Біздерге ортақ емес пе еді туған күн,
Күнтізбеде бөлек — бөлек тұрса да.
Сан естіртіп сазын ән мен жырлардың,
Тойланады біздерге ортақ туған күн.
Кел, тағы да есімізге алайық
Мағынасын бірге өткізген жылдардың.
Бұл шаттық та жаннан әсер тапты деп,
Айтайық сосын жаз көңілмен ақ тілек.
Өткен жылдың еске алайық бір сәтін,
Сондай қызық басымыздан өтті деп.
Айта алмасақ, қуанышта бекер ғой,
Салмақты айтайық, болмаса да бөтен той.
Бірақ, жаным, тілек айту керек пе,
Біздің тілек онсыз да ортақ екен ғой.
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Ерлі зайыпты жандардың бір біріне деген тілегі Жар лебізі әйелінің

Қыз ұзату тойына тілектер

Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата — енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсана мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерін.
Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп, жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.
«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен
дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді.
Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған
жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі
жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!
Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі –
тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды.
Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ
келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы
бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар
емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын!
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі
оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта
берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей
берсін!
Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда — жекжат,
Отырмын мен де,
Сен де балалы боп.
Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.
Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге,
Көңіл көтер!
Құдалар бір — бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.
Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.
Бала — ортақ,
Жатсын, құда құрметтеп,
Құдалық — сын,
Ол да өзінше бір мектеп.
Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,
Құда — жекжат жатса егерде іздеп кеп.
Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.
Құлаққағыс,
Айттым — құда назын жай,
Күй кернесін Құрманғазы сазындай.
Екі бала ортақ бізге, сондықтан,
Мың жылдыққа
Жүрсін құшақ жазылмай!
Материал «neke. kz», «kuttybolsyn. kz» сайттарынан алынды.
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
Қыз ұзату тойына арналған тілектер
Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына
эл. поштаға жолдауға болады:
bilimdiler@yandex.kz
немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады
Қыз ұзату тойына тілектер қыз ұзату құттықтаулар қыз ұзатуға тілектер

Үйлену тойы (Жас жұбайларға жақындарының тілегі)

Өмірдің сыры махаббатпенен астасып,
Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып.
Осынау күнге куә боп отыр ағайын,
Мінеки, бүгін бақытын тапты қос ғашық!
Үйлену тойы, өмірде әлі сының бар,
Осынау жолда біріңді — бірің ұғыңдар.
Қиындық сәттен сендерді алып шығатын
Жарыңды жар боп түсіну деген ұғым бар.
Тағдырларыңда болмасыншы енді сағым күн,
Қуандың бүгін, шаттықтың гүлін тағындың.
Бақытым ұзақ болсыншы десең, жұбайлар,
Жүрегін ұқ та, көңіліне қара жарыңның.
Куәміз бүгін, махаббат таңы атыпты,
Ағайын, дос боп күткенбіз осы уақытты.
Сезім көгінде жүрегі бірге қос ғашық
Осынау жолда болсыншы енді бақытты!
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Жас жұбайларға жақындарының тілегі Жас жұбайларға арналған өлең шумағы

Қыз – келіншектерге арналған арналған тілек

Қыз – келіншектерге арналған
Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,
Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.
Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,
— Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.
Айтар ойды жарқырата неше өңдеп
Сөйледіңіз,
Шешендікті мекендеп
Сонда өзімше бағаладым ішімнен,
«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.
Тағы бірде асқақтата ән салдың,
Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.
«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,
Дүниеге келіп кетті жар салғым.
— деп бойында сан өнер тоғысқан нағыз қазақтың қызы деуге лайық осынау
жанды туған күнімен құттықтаймын!

Жас жұбайларға бата

Айналайын, құлыным!
Ғұмырымдағы тынысым!
Маңдайымдағы ырысым,
Тілегімізді ақтасаң,
Әрқашанда ірісің.
Ай мен Күндей жарасып,
Бір — біріңе қарасып,
Шалқып шықсын күлісің,
Оңалар сонда жүрісің.
Айналайын, келінім!
Құтты болсын, қосағың!
Екеуіңе бақ тілеп,
Тілегіме қосамын!
Ырыс, байлық кетпесін,
Маздап жансын ошағың.
Жарыңменен жарасып,
Мәңгі бірге жасағын.
Ата — ананың тілегі:
Сендерсіңдер жүрегі.
Намысты болсын ұлдарың,
Гүлдей өссін қыздарың.
Тәтті болыңдар мәңгілік,
Сонда мен де ырзамын.
Ұрыс — керіс болмасын
Алла тілегімді қолдасын!
Тіл — көзден Құдай сақтасын!
Келін — бала, тілегімді ақтасын!
Әумин!

Тойға арналған бата

Мұса Жанәділовтің батасы
Той күнгі ақтілек
Тойға келген ағайын,
Домбыраны алайын.
Ата — дәстүр салтымен,
Термелеп әнге салайын.
Қуанышқа ортақ боп,
Қызығына қанайын.
Өлең айтып сарнайын,
Қызмет етіп талмайын.
Той қызығын шалқытып,
Таңғы — таңға жалғайын.
Екі жасқа үй болған,
Ақ тілеуді арнайын.
Қораң толған мал болсын,
Он — он бестен жан болсын.
Татулығы жарасқан,
Өмірлерің сән болсын.
Күнде қызық, думан — той,
Үйлерінде ән болсын.
Дос пен туыс көп болсын,
Дұшпандарың жоқ болсын
Замандарың шат болсын,
Дастарқаның тоқ болсын.
Махаббат — сезім — өмірлік,
Суымайтын шоқ болсын.
Ұлдарың өсіп, бай болсын,
Құлының өсіп, тай болсын.
Қыздарың өсіп қылықты,
Жұлдыз болсын, ай болсын.
Тоқ етерін айтқанда,
Дәулетке сәулет сай болсын.
Жырдан маржан құрайын,
Шалқып тасып тұрайын.
Қуаныштан, шаттықтан,
Айырмасын Құдайым,
Ақ тілеуді ендігі,
Құда жаққа бұрайын.
Қыз өсіріп, қыз берген,
Айналайын сіздерден.
Мейірімге қандық біз,
Күлімдеген жүздерден,
Сондықтан да мың сәлем,
Той иесі біздерден.
Бүтін болып жартымыз,
Қуанды жас пен қартымыз.
«Құда болар мыңжылдық»
Деген екен халқымыз,
Баянды болсын, құдалар,
Сол бір ата салтыңыз.
Аталы сөзге иласып,
Жамандыққа қимасып.
Жас отауға қамқор боп,
Ақыл айтып, ойласып.
Өткен жақсы өмірден,
Сіз, біз десіп сыйласып.
Ендігі тілек бәріңе,
Жасыңа да кәріңе.
Қыз ұзатсаң, келін ал,
Төріңнің көркем сәні де.
Үміт — арман ақталсын,
Өмірдің сол ғой мәні де.

Жас келінге өсиет БАЗАР ЖЫРАУ

БАЗАР ЖЫРАУ
Жас келінге өсиет
Әлпештеп жастан ата — ана,
Перзентке болар пәруана,
Бөпелеп бағар баласын.

Айтайын аздап насихат,
Келінге болсын өсиет,
Серлетіп сөздің шамасын.

Сақтанбасаң сол жерден,
Аттағылса қалмайды,
Ақта болсаң, қарасың.

Орынсыз ойнап — күлем деп,
Өсек сөздің өзіңе
Жапсырып алма жаласын.

Бір ілінсең жалаға,
Оңайлықпен қалмайтын,
Бәлеге, келін, қаласың.

Айтатын әлі сөзім бар,
Алсаң, келін, тілімді,
Сақтарсың түйіп жадыңда,
Салмақты болсаң, білімді.

Ақылы кемге айтқан сөз,
Далаға кеткен шығынды.

Ата — ана менен жеңгеге,
Туған ел, төркін, өңгеге,
Қыз күніндегі еркелік,
Болмасын енді бұрынғы.

Даусыңды қатты шығарып,
Қарғап — сілеп, кейіме,
Жаман сөз айтпа балаға.

Асықпағын әлі де,
Болғаным жоқ, тағы бар,
Айтатын сөзім және де.

Сабыр қыл, келін, сыр бермей,
Аштық пенен тоғында.

Қағажу қылып ерінді,
Өзің жеп жүрме тамақтың
Дәмдісі түссе қолыңа.

Әңгімелессең біреумен,
Абайлап сөйле ақ болып.

Оңың менен солыңа.

Алдынан өтіп ордаңдап,
Келе жатқан кісінің
Кескестеп жүрме жолына.

Қабағыңтүйіп, кіржиіп,
Ауылдастан қызғанып,
Ас — суыңды қорыма.

Ерте тұруды әдет қыл,
Ерініп жатпай төсекте.

Бойкүйезденіп ұйқыны
Бойыңа үйір дос етпе.

Өзің жатып еріңе,
Тұрсайшы деп пыш етпе,
Күтінбесең сақтанып,
Жаңа түскен жас келін,
Жақын болады өсекке.

Қартайып мәні өткесін,
Кәрі әйелге журт күлмейді,
Мінсе де жайдақ есекке.

Ықыласыңмен тыңдай бер,
Артық болмас әлде де,
Айтылды біраз десек те.

Ата — енеңе құрмет қыл,
Әдеттен сақтан ерінген.

Жыл өткенше жас келін,
Сынайды сені көрінген.

Сыр бермей кетсең екі — үш жыл,
Ісі жоқ жүрттың сенімен.

Ата — енең мен еріңе,
Бұл жақта келген еліңе,
Қолайсыз мінез көрсетіп,
Айырылып жүрме сенімнен.

Ықыласыңмен қызмет қып,
Қосылған қарап еріңе.

Ерегісіп еріңмен
Келме қарсы шебіңе,
Кеуілін тапсаң кейітпей,
Ол да сыйлар сені де.

Бір нәрсе десе күйеуің,
Алыстан жауап қайтармай,
Кел жақындап шеніне.

Қағып — сүртіп киімің
Киінер кезде абай бол,
Еріңнің жаға, жеңіне.

Бір жерге барсақ бас қосып,
Өзгеден бұрын ордаңдап,
Ол үйдің шықпа төріне.

Көстеңдеп көптің көзінше,
Кірісе кетпе біреудің
Сөйлеп отырған сөзіне.

Әзірлеп сүлгі, су құйдыр,
Болғасын тамақ ішіліл,
Аларсың алғыс әр жерде — ақ,
Үлкенге қылсақ кішілік.

Жасыңнан шықпас жақсы атың,
Кеуіліңде болса кісілік.

Ретсіз бекер ыржыңдап,
Орынсыз әзіл айтам деп,
Өсекке қалма ілініп.

Сездірмесін десең де,
Жасырынбас жаманат,
Бір күні шығар білініп,
Жаманатың бір шықса,
Ерің менен еліңнің,
Кеуілі қалар түңіліп.

Жас келін жатқа түйсін деп,
Жатырмын айтып жақсы үгіт,
Құлағыңа сіңіріп.

Жаулығыңды кір қылмай,
Жинақтап тарт басыңа.

Қобырап, қоқсып тұрмасын,
Ықтият бол шашыңа.

Өбектеп өзіңе үйір қыл,
Жас бала келсе қасыңа.

Жақынның бәрін бірдей көр,
Алалап жаман, жақсы деп,
Қарамай кәрі, жасына.

Нағашы, жездем, қайным деп,
Әшейін әзіл, ойыным деп,
Мойнына кетпе асыла.

Есіткенді жатқызбай,
Біреудің сөзін біреуге,
Түрлендіріп тасыма.

Мырза келін болам деп,
Бере берме барынды,
Әркімге бір шашыла.

Береке болмайды үйіңде,
Бастаңғы, ұрлық кіргесін,
Дүние, мүлік, асыңа.

Ұрлап алма біреудің
Сабақты жібін жасырып.

Сұғанақ келін атанба,
Бетіңнің арын қашырып.

Аштан келген кісідей
Шайнама тамақ асығып.

Ақысы кеткен адамша,
Сөйлеме қатты ашынып.

Үйіңнің ішін жинап қой,
Жатпасын жайрап шашылып.

Берекесін кетірме,
Күйеуіңнің талқанын
Төркініңе асырып.

Аңдитын сені тыңшы көп,
Сынайтын сырттан сыншы көп
Жабылуы оңай жаланың,
Ақыл мен әдет, өсиет,
Аңлаттым айтып білгенше,
Қалдырмай мен де тәмамын.

Айтпадың маған демессің,
Бәрінен болды хабарың.

Зейінмен қүлақ салмасақ,
Сөзімнен тәлім алмасақ,
Өзіңнің ойда жаманың.

Білтенге сөзім бағалы,
Ықыласыменен тыңдаса.

Түсінбей босқа терлетіп,
Еңбегімді еш қылмаса.

Делебем қозды меніңде,
Жүрт жиналып тұрласа.

Ұйқысы көптің ашылар,
Айтушы дұрыстап жырласа.

Айтатын менің алғысым,
Қоса ағарып еріңмен,
Ұрпақтап, келін, мыңжаса!

Жай қольіңды жас келін,
Көптен бата алмадық.

Осымен сіз де ырза бол,
Отырған тыңдап халайық.

Өздері білер ретін
Жадына тағы салайық.

Не берсе де азсынбай,
Жайына біз де қарайық.

Біраз уақыт өтті деп,
Айтылған үгіт жетті деп,
Асығып тұр келін де,
Рұқсат болса, тарайық.

Тойда берілетін бата. Көкен Шәкеев

Көкен Шәкеевтің берген батасы
... Осы тойда отырған,
Жасың үлкен аға бар.
Ағаға берер баға бар,
Ағаға серік жеңге бар –
Жеңгесіз күн кемге пар.
Ел басқарар дана бар
Әділ болса пана бар.
Нешік түрлі маман бар,
Әкең де бар, шешең де бар.
Жездең де бар, апаң бар –
Қабағы түссе қатаң бар.
Балдызың бар, інің бар,
Інісіз қандай үнің бар.
Қарындасың, құрбың бар –
Сән — салтанат құрдыңдар.
Барлығына иіліп
Сәлем беріп тұрдыңдар.
Уа, екі жас, екі жас,
Сізге тілек ықылас:
Бақыт қонсын басыңа
Өле — өлгенше арылмас,
Мінез берсін тарынбас,
Өкпе берсін қабынбас,
Жүрек берсін жарылмас
Тыныс берсін тарылмас,
Денсаулық берсін табылмас.
Бейбітшілік күн берсін,
Ата — анаңды сағынбас!
Әумин!

Келінге бата

Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұстап ардақта,
Бұрынғы ата — бабаның.
Отша лаулап сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Бақытты бол, келінжан,
Сәбидің жуып жөргегін,
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Қосағыңмен қоса ағар,
Дұшпанның көзі өтпесін.
Адал болып жарыңа,
Қанағат қыл барыңа.
Қайғы мен мұң түспесін,
Ақ қағаздай жаныңа.
Әумин!

Жас отауға бата

Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін.
Берекелі отбасыңа
Сәбидің шатты үнін берсін,
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын...
Дау — жанжалдан сақтасын,
Асып тасқаннан сақтасын...
Өмірлерің бал болсын,
Отауларын елге сән болсын!
Әумин!
Босағаларыңа жамандық жетпесін,
Төрлеріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың он шақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын,
Шаңырақ берік болсын.
Несібесі иіп келсін,
Құт — берекесін үйіп берсін.
Дастарқаның кең болсын,
Байларменен тең болсын.
Ауылың мерекелі болсын,
Өмірің берекелі болсын.
Жолдарың ақ болсын,
Молшылықтап болсын.
Сән — сәулетің ассын,
Бақ — дәулетің тасысын!
Әумин!
Құдай қосқан қосағың,
Құтты болсын босағаң.
Қолға қонған құсыңды,
Тұғырлы қылсын Жасаған.
Үйленген мынау жастарға,
Болсын батам арнаған.
«Тәубе» дейік Аллаға,
Қабыл болмай мұндайда,
Ешбір тілек қалмаған.
Баянды болсын махаббат,
Екеуіңді таңдаған.
Жоламасын Әзәзіл,
Сан сезімді жалмаған.
Періштелер күзетсін,
Ақтөсекті ортада,
Екеуіңе арнаған.
Сенім оты сөнбесін,
Қос жүректі жалғаған.
Қабыл болсын тілектер,
Аруақтарын қолдаған.
Некелерің қиылсын,
Мешіттегі молдадан,
Қияметтік жар болу,
Бұйрықты болсын Алладан!
Әумин!

Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер

Қыз ұзату тойына – құттықтау, тілектер.

Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер
Үйлену – алдымен бірін — бірі сүйіп — ұнатқан қыз бен жігіттің ата
— ана, ағайын — туғандары танысып — білісуінен басталады.

Алғашқыда күйеу жігіттің әке — шешесі, ағайын — туыстары болашақ
келіннің үйіне келіп – қыз ата — анасының, туыстарының ризалығын
алып, құда болысып, тойдың барысы жайлы сөз байласады. Олардың келісімі
бойынша қыз ұзату, келін түсіру тойлары бөлек — бөлек өткізіледі.

Құттықтау үлгілері
Адам беру біреуге оңай емес қашанда, өмір заңы осы ғой – салт —
дәстүрден қашам ба?! Өзіміз де қыз болдық, еріп кеттік сезімге –
айналайын құрдасым, кетті қыз деп езілме! Барған жерде ашылсын бағы
қыздың деп тіле, біздің қызды әкеткен күйеу бала да епті ме? Ұзағынан
сүйіндірсін ылайым, жақсы болса күйеу бала – неге бүгін жылайын?!

Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі
оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта
берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып гүлдей
берсін!

Қадірлі қонақтар. Бүгінгі қуаныш иелері! Ағалар, аналар! Іні —
қарындастар! Осы ақ дастархан басында адал ниетпен жиналып отырған құда
— жекжаттар!

Тойға келіп отырған жаңа құдаларға «төрге шыққандарыңыз құтты болсын!»

демекпіз. Құдалықтарың мың жылға ұлассын!

Бала – артта қалған із,
Бақыт – ұзатылған қыз,
Байлық – қолға ұстаған мұз,
Дүниенің қызығы сіз бен біз!

— дегендей, «сіз — біздігіміз» еш уақытта жоғалмасын. Екі жастың
бақытын берсін, көре алмаған дұшпанкөз арамыздан кете берсін!

Бекзаттарым — ай,
Жекжаттарым — ай,
Жекжат болып ауылыма кеп жатқаның — ай!

«Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді», деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз
бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті –
сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз
де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі
құдалар!

«Жолаушы мұраты — жету, қыз мұраты – кету» екенін ұғынғанымызбен,
бауыр етінен жұлып алып қызды өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай
емесін бәріміз білеміз. Алайда, барған жерінде тастай батып, судай сіңіп
жатса – абыройларыңыздың асқақтағаны сол емес пе! Құдай қуат берсін,
құда — жекжаттарымызға сана берсін, жақсы жер болса – қызымыз
алаңдамай бара берсін! Екі жас бақытты болсын, өмірі жақұтты болсын!

Ей, уақыт — ай!

Екенсің ғой тым қысқа,
Барады ұқсап кешегі өткен жыл құсқа.

Балалықтың бір базары тарқай ма,
Досым қызы шығып жатыр тұрмысқа.

Екі балаң отау құрды, топтасты,
Екі тасқын бір айдынға тоқтасты,
Қыз ұзату тойы дейміз,
Жігіт ше?

Жігіт бүгін бостандықпен қоштасты.

Салтанатты той үстінде отырмыз,
Айдын — көлде аққу қаздай отыр қыз.

Қос періште көрінеді көзіме,
Біздер – пенде, қарапайым топырмыз.

Біледі ғой қимастықтың өлшемін –
Әке болып,
Ана болып көрсе кім?

Өз қолымен өзі үзіп бергендей,
Жүрегінің ең қажетті бөлшегін.

Кірбің басса не амал бар жүзіңді,
Баса алмайсың
Басыңдағы ызыңды,
Тап осындай той — даңзаға соңында
Әкетер ме сенің де ертең қызыңды?!

Қуан, достым, өлең сөзге болма алаң,
Қызым түгіл, ұлымды ойлап қозғалам.

Қыз ұзай ма, әлде жігіт...

Кім білсін?!

Не десең де күйеу балаң — өз балаң.

Тойдағылар,
Қане сап, сап, тыныштал,
Біз дайынбыз,
Ей, асаба, дұрыстал.

Жас жұбайлар махаббатын бекітіп
Шампан шапшып,
Қоңырау соқсын хрусталь.

Соқсын, соқсын,
Шампан толған хрусталь.

Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
Жан — жүйең қалай ғана сыздамасын.

Құдалар алақанға салып бердік
Жүректің жұлын алып бір парасын.

Жас баланың күлкісін берсін,
Жас ананың ұйқысын берсін.

Жомарттың қолын берсін,
Жортқыштың жолын берсін!

Қыздың қылығын берсін,
Судың тұнығын берсін.

Асаудың арынын берсін,
Түнгі отың жарығын берсін!

Асқар таудың паңдығын берсін,
Бұлбұл құстың таңғы үнін берсін.

Даланың жазықтығын берсін,
Гүлдің нәзіктігін берсін.

Теңіздің тереңдігін берсін,
Қыранның көрегендігін берсін!

Ердің көңілін берсін,
Бүркіттің өлімін берсін!

Лашынның жүрегін берсін,
Нағыз достың тілегін берсін!

Мәңгі — бақи ажырамас,
Шын ғашықтың білегін берсін!

Балалардың ұзақ болсын өмір — жасы,
Бірге өссін біте қайнап мал мен басы!

Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,
Қасында жүрсін оның пір — панасы!

Үйреніп өнер — білім өрге жүзсін,
Үлгі алсын қатар — құрбы замандасы!

Қондырып оң жағына отауларын,
Қызығын көрсін оның ата — анасы!

Алдынан шамшырағы қарсы жанып,
Гүлденсін жермен көктің екі арасы!

Шалынсын періштенің құлағына
Біздердей қариялардың ақ батасы!

Қуанышқа көңілдер толсын әман,
Баяғыда жоралғы — жол сұраман.

Менің жалғыз тілерім жол үстінде –
Ұл — қызымыз бақытты, болсын аман!

Көкірегі сырға толы күй — дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген.

Өзі өскен ұясынан симастан,
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.

Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.

Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!

Пери — жаным, балдызым, қызғалдағым!

Арманыңның аралап гүлзар бағын,
Барамысың алыстап арамыздан,
Жүрегіңнің орындап ізгі арманын.

Артқа тастап жастықтың дөңін асып,
Арманыңа жетуге болып асық.

Арамыздан әп — сәтте кете бардың,
Айналайын бара ғой — жолың ашық...

Тілегіңді... бара ғой, құп аламыз,
Ақ жол тілеп өзіңе тұр бажамыз.

Жиырма екі жыл сені еркелеттік,
Қарымтасын ешкімнен сұрамаңыз...

Адамзатқа ұсынған күні — бұрын,
Кім құптамас Алланың құрылымын?!

Біздің емес... Хадишаның қызы болдың –
Шын жүректен ұғыппыз мұны бүгін.

Толғаныстан есім жоқ менің тегі,
Бар, бара ғой – күтуде елің сені.

Оразбайдың қызы деп айтпайды енді,
Деп айтар жұрт: Ерқанат келіншегі...

Қимай тұрмыз, қайтейік, мұным анық,
Саған деген көңіліміз тұнық анық.

Бар, бара ғой, тапсырдық Ыстыларға,
Етімізден жүректің жұлып алып,
Етімізден жүректің жұлып алып...

Бата — тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата

Бата — тілек: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата
Алтын тойға бата беру
Алтын тойдың дастарқаны,
Дастарқаны мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың.
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын.
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.
Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығың,
Тере бергін етектеп,
Құт болып, мекен тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың.
Жарқырай берсін шырағың,
Жастарың жүзге жеткенше
Тарқамасын бір — біріңе құмарың.
Әумин.
Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені,
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар,
Мерейі биік елдегі,
Аруақтар қолдасын,
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да,
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп балалардың,
Ашық болсын аспаның.
Әумин.
Күміс тойға бата
Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарылқасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән — сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп — өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажырамай жұптарың,
Жүзге жетсін жастарың.
Әумин.

Қыз ұзатылып бара жатқанда айтар жыр — шумақтар

Қыз ұзату тойында айтылатын өлеңдер Қазақтың тойы ешқашан біткен емес.
Тойдың болғаны жақсы. Көпшілік жиналған той — томалақта той иелері,
яғни қыз берген жақ сезімге беріліп, тілек айта алмай жатады. Қобалжу
бар, қимастық та жоқ емес. Әйткенмен, жұртты аузыңызға қаратқан тұста
жүрегіңіздің айтқанын жеткізіңіз. Бәлкім, жүрегіңіз мынадай шумақтармен
шабыттанар. Ендеше, бүгін сіздерге қызыңыз ұзатылып бара жатқанда айтар
— деп мынадай (авторлары белгісіз) жыр — шумақтарын ұсынып отырмыз.
Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке — шешең арнап отыр жыр — ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым!
Менен туған жырлардың ең сұлуы,
Мен өсірген жемістің ең шырыны;
Шабытымның жаралған шұрайынан,
Тал бойынан табылмас кемшілігі;
Ет жүрегім осынау дүниеге
Еркелетіп жіберген елшілігі –
Қызым менің барады ұзатылып.
Ұзатылып барады Назым қызым,
Тіршіліктің ерітіп қалың мұзын.
Бүршік жарған көктемде, гүлін ашып,
Басқа бақта өткізбек жазын, күзін.
Ұзатылып барады Назым қызым.
Жаратылған жат жұртқа жазмыштан,
Ұясынан жаутаңдап қазым ұшқан.
Қимастық пен қуаныш тайталасып,
Күтті көңіл тылсым бір саз ұғысқан.
Ардағыңды алысқа қимағасын,
Ет кескендей етіңнен, киналасың.
Жүрегіңнің тамырын жұлғандай — ау,
Ішке сыйып, сыртыңа сыймағасын.
Жыр оқыңдар, жігіттер, ән айтыңдар,
Достарымның қатарын қарайтыңдар.
Бұл өмірде онсыз да жетіп жатыр,
Ақындарды ақымақ санайтындар.
Тілеуің тілеп тұрды аппақ,
Қимайды іштей ата – ана.
Қыз едің өскен бұлғақтап.
Аттайсың бөгде босаға.
Әлпештеп басқан бауырға,
Кем көрмей ұлдан шалқытып.
Ата – ана қалып ауылда,
Асықтың тұр деп жар күтіп.
Анаңның жолын жалғадың,
Жат жұртқа кетіп барасың.
Сүюдің татып бал дәмін,
Жарыңмен тапқын жарасым.
Бақыт бол барған жеріңе,
Жүзіңе кірбің жуымай.
Береке қонсын төріңе,
Демесін «жаман қылығы — ай».
Қылығың түзде – ержеттің,
Ие бол ақыл – тізгінге.
Гүлі бол барған әулеттің,
Тастай бат, судай сіңген де.
Тіршілік деген майдан бұл,
Өмірдің әлі сыны алда.
Жарыңмен бірге жайнағын
Ұқсағын асқақ шынарға!
Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда — жекжат,
Отырмын мен де, Сен де балалы боп.
Үмітпен ұл да өсірдік, Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.
Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге, Көңіл көтер!
Құдалар бір — бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.
Болғанмен ұл менікі, Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық – Құдалықтың бір белгісі.
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
жүрегі қалай ғана сыздамасын.
Құдалар, алақанға салып бердік,
жұлып алып жүректің бір парасын.
Көңіл де, көз де тояр да, күйеу бала,
Болмассың үш жұртыңа сүйеу ғана.
Жарыңның бақыты бол, жұлдызы бол,
Осындай қыз бұл дүниеде біреу ғана.

Ұзату тойына арналған тілектер

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Ұзату тойына айтылатын тілектер»
топтамасын ұсынамыз. Тілеген тілектеріңіз қабыл болып, қыздарыңыз барған
жерінің бағын ашып бақытты болсын! «Жол мұраты — жету, қыз мұраты –
кету» дейді. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге
жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып,
ата — анасының, туған — туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны
көңілге қуаныш ұялатады.
Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған
еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын,
қосағымен қоса ағарсын! Құда — жекжаттарымызға айтарым, бір —
бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай, сыйластығымыз жоғалмай екі
жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас
бақытты, өмірлері ұзақ болсын!
Баяғыда Төле би бабамыз жаудан қалған бір жасар баланы тауып алып, оны
бір келініне әкеліпті: «Бір жылдан кейін тексеремін, өз балаңа қалай
қарасаң, бұл балаға да солай қара» деген екен. Бір жылдан кейін қараса,
келіннің өз баласы топ — томпақ, ал атамыздың қалдырған баласы ап —
арық. Сонда келіні: «Ата, екі баланы бірдей еміздім. Сүтімді тең бөліп
бердім. Бірақ неге олай болғанын түсінбей отырмын» дейді. Сонда Төле би
атамыз: «Балаға ең алдымен сүт емес, ананың мейірімі керек. Сен
мейіріміңді өз балаңа төккенсің, ал бұл балаға сондай мейіріммен
қарамағансың» деген екен. Сол айтпақшы, сіздер де екі балаға бірдей
мейіріммен қарайды деген сенімдеміз. Қызымыздың барған жерінде бағы
ашылып, бақытты болсын дейміз.
Кез — келген әке — шеше ең алдымен ұлын емес, қызын ойлайды. Жақсы
жерге барып, барған жерінде бағы ашылса дегендей. Шын мәнінде, қыз
баланы ұзату оңай шаруа емес. Қыз деген әрқашан да отбасының берекесін,
жақындарының амандығын ойлап жүретін сондай бір жанашыр адам. Ал, қыздың
әкеге деген қандай жақын екендігі ол бәрімізге белгілі. Сондықтан
отбасында қыздың орны ерекше.
Сондай баланы бауыр етінен жұлып алып, басқа жұртқа аттандыру ол, әрине,
қиын жағдай. Дегенмен, өмірдің заңы солай, теңіз бен теңіз, адам мен
адам қосылады. Барған жерінде судай сіңіп, тастай батып жатса, нағыз
абырой сол емес пе? Сондықтан бүгінгі
ұзату
тойыңыз құтты болсын. Қытайдың ұлы философы айтқан екен «Мың шақырымдық
жол алғашқы қадамнан басталады» деп. Бүгінгі күн қызыңыздың сондай бір
бақытты, мазмұнды, ұзақ өмірінің бастауы болсын.
Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі –
тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды.
Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ
келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы
бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар
емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын! *** Адам беру
біреуге оңай емес қашанда, өмір заңы осы ғой – салт — дәстүрден
қашамыз ба?! Өзіміз де қыз болдық, еріп кеттік сезімге – айналайын
құрдасым, кетті қыз деп езілме! Барған жерде ашылсын бағы қыздың деп
тіле, біздің қызды әкеткен күйеу бала да епті ме? Ұзағынан сүйіндірсін
ылайым, жақсы болса күйеу бала – неге бүгін жылайын?!
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі
оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта
берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей
берсін!
Қадірлі қонақтар. Бүгінгі қуаныш иелері! Ағалар, аналар! Іні —
қарындастар! Осы ақ дастархан басында адал ниетпен жиналып отырған құда
— жекжаттар! Тойға келіп отырған жаңа құдаларға «төрге шыққандарыңыз
құтты болсын!» демекпіз. Құдалықтарың мың жылға ұлассын! Бала – артта
қалған із, Бақыт – ұзатылған қыз, Байлық – қолға ұстаған мұз, Дүниенің
қызығы сіз бен біз! — дегендей, «сіз — біздігіміз» еш уақытта
жоғалмасын. Екі жастың бақытын берсін, көре алмаған дұшпанкөз арамыздан
кете берсін!
«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен
дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп тапты.
Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған
жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі
жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!
Құрметті құда — құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым
келеді! Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді
тербеген жырым, ана жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші
бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады. Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан
сұлу қыз жоқ. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құда — құдағиым!
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа
тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі –
менікі, еті – сіздікі. Менен — өтті, Сізге – жетті. Қыз бала —
өзге елдің аманаты.
Өзге ел – Сіз үшін асырап — жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті
баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда —
құдағи! Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да
Сіздің босағаңызда, құрметті құда — құдағи! Менің мәпелеп өсірген
аппақ гүл — қызым! «Қыз бала – қонақ» деген осы. Маған өзіңе сөз
арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді.
Өйткені өз қалауыңмен теңіңді тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен
осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым –
күйеу балам екеуіңе бар айтар тілегім: қараған ел қызығатын, қою
көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ
желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де
құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды — бұлт, бауырларыңды мұз
Үйіміздің сәні, әкең екеуіміздің аялап өсірген қызғалдағымыз, сүйікті де
сүйкімді қызым менің! Кеше ғана «іңгәлап» өмірге келгенің де, тұлымшағың
желбіреп жүгіріп жүргенің де, шашыңа ақ бантик тағып алғаш мектеп
табалдырығын аттағаның да, жоғарғы оқу орнына түскенде «Мама, Папа! Мен
студент атандым!» деп қуаныштан жүрегің жарыла сүйінші сұрағаның да –
бәрі — бәрі де кеше ғана сияқты еді. Уақыт неткен жүйрік! Енді міне
бүгін өмірлік серік — сыңарыңды тауып, ұядан ұшқалы тұрсын. Сені жат
босағаға қанша қимасақ та табиғаттың талабы, өмірдің заңы осылай екен
— қыз бала жат жұрттыққа жаралған. Айналайын қызым! Сен арқылы
өрісіміз кеңейіп, жаңа жекжаттар тауып, құда — құдағи болып жатырмыз.
Сен енді екі елдің арасындағы елшісің.
Алдыңда жаңа өмір, жаңа орта, жаңа туыстар мен достар күтіп тұр. Сол
ортамен тіл табысып, үйренісіп, босағасын аттаған әулетіңе туған
қызындай болып сіңісіп кететініңе сенемін. Өйткені осы күнге дейін папаң
екеуіміздің берген тәрбиемізді зая кетірмей, жаман сөз келтірмей,
сенімімізді ақтап, айналаңа, қоршаған ортаңа әрқашан сүйікті, сүйкімді
болып жүрдің емес пе?! Менің тілегім — осы қалпыңнан айнымағайсың,
күнім! Құдайым басыңнан бағыңды тайдырмасын! Бастағалы отырған жаңа
өмірің бақытты, қызықты күндерден құралсын. Табалдырығын аттағалы тұрған
босағаға жаңа басқан қадамың құт әкелсін! Әкең мен шешеңді қалай
құрметтесең, атаң мен енеңді солай құрметтегін, күнім! Сыңарыңмен жұбың
жазылмай, бақытты да тату — тәтті ғұмыр кешіп, өсіп — өніңдер.
Бақытты болыңдар!

Қыз ұзату тойына арналған тілектер

Қыз – тіршіліктің тірегі.
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған.
Себебі, қыз — өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының
шырайы. Қыз — өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан — ақ бұлжымастай
етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай
ата — ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын
өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп
Жаратқаннан тілек тілеумен болады.
Міне, бүгін қызымыз ата — ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен
өмірлік серігі......(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен
өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата — анасының өрісін кеңейтті. Отбасын
құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде
бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың
үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
Шаңырақтың шырағысың шаттығы,
Текті жердің тұяғысың ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке — шешең арнап отыр жыр ағын,
Кәусар таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым.
Көкірегі сырға толы күй — дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық — ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш — қойның.
Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!
Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек
қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың
ашылсын. Тастай батып, судай сің. Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан
былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол
сенімді ақтағайсың.
Ердің бағы — жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді,
жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес,
ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі
еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен
аяқ басқайсың.
Еріңнің қияға ұшуға қамданған қанатына қарқын беріп, көкжиекті қамтыған
ой — өрісіне серпін беріп, көктегі ісін ептейтін, қатесі болса
екшейтін, тарылған жолын кең қылып, кетігі болса септейтін сұңғыла жары
болғайсың. Пейіліңді кең ұста, иманың мен ақылдың екеуін де тең ұста.
Үйіңнің берекесі, еліңнің мерекесі бол.
Жаныңда жан — жарың, айналаңда етжақын туған — туыс, дос — жаран,
бауырларың, артыңда қылықты қыз бен айбатты ұл, алдыңда жарқыраған күн
тұрсын. Осылайша, төрт құбылаң түгел боп, еліңе сыйлы келін, салиқалы
ене боп, ел анасына айналғайсың. Қосағыңмен қоса ағар. Үбірлі —
шүбірлі боп, өркенің жайылсын!
Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына
эл. поштаға жолдауға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйлену тойында батаны кім бастайды?

Тойды әдетте күйеу жақтың ең үлкен ағасы немесе арнайы шақырылған ақсақал бата берумен бастайды. Одан кейін қыз жақтың өкілі сөз алады.

Ұзату тойында қандай тілек айтылады?

Ұзату тойында қызға ырыс, шаңырақ берекесі, ата-енесінің ықыласы тіленеді. Дәстүрлі формула: «Ақ босағаңда бақытты бол, ұл-қызды бол».

Той батасы қанша уақытқа созылады?

Дәстүрлі той батасы 1–3 минут. Ұзақ бата тыңдаушыны жалықтырады, сондықтан қысқа әрі мазмұнды айтылғаны жөн.

Ұқсас бөлімдер