Бата — қазақ халқының ең қасиетті сөз дәстүрлерінің бірі. Ол жай ғана тілек емес, үлкеннің кішіге, ұстаздың шәкіртке, ата-ананың балаға беретін рухани аманаты. Халық «Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп бекер айтпаған.
Бұл бетте қазақтың бата-тілектерінің ең толық жинағын топтастырдық: той батасы, туған күнге тілек, дастархан батасы, діни баталар, балаға берілетін бата, жырау-билер мен атақты тұлғалардың баталары және жол батасы. Әр бата мәтіні түпнұсқа қалпында берілген — көшіріп алуға, тойда немесе отбасылық шараларда айтуға дайын.
Төмендегі жалпы баталар кез келген жағдайға жарайды. Нақты бір оқиғаға арналған бата іздесеңіз, мазмұндағы сілтемелер арқылы тиісті бөлімге өтіңіз.
Бата (Тозақтың отынан сақта)
Иә, Құдай, тілегімді қабыл ет,
Тозақтың отынан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта,
Парақордан, соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Көк долы қатыннан сақта,
Адамды қадірлемеген елерден сақта,
Жанды басқан перісінен сақта,
Кеудесін кергеннен сақта,
Мерзімсіз келген өлімнен
сақта!
Татымсыз тұздықтан сақта,
Қайырымсыз тілек, жоқтан сақта,
Жалқау бала, тексізден сақта,
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз шаңнан сақта!
Жастарда әдеп жоқ,
Үлкеніңде бәтуа жоқ,
Құрайғай, шақ-шәлекей даңнан сақта!
Бата (Ия, Құдай оңдай гөр)
Бісімілла, рақыман, рақыман!
Ия, Құдай оңдай гөр,
Әулиелер қолдай гөр.
Байсалды қоныс бере гөр,
Байтақ ырыс бере гөр!
Тілеген әр тілекті де дұрыс бере гөр,
Өсетін мал бере гөр,
Көп жасайтын жаннан бере гөр!
Мал берсең, құрарыменен бере гөр,
Бас берсең, тұрарымен бере гөр,
Әр нәрсенің де баяныменен бере гөр,
Екі дүнияның абыройын бере гөр!
Алхамдуллах раббіл,
Ғаламның алхамын ақ,
Берекетінен бере гөр!
Жай қолыңды, аллах акбар!
Қазақтың бата-тілектері
Ашып тастап пейілді
Дастарханың жайылды.
Қасиетті нан ұлық
Берекең тұр нақ ұйып.
Асыл сөздер шашылды,
Бар абырой бақ орнап
Ел сыйласын басыңды.
Аңыз болып отауың
Айта жүрсін асыңды.
Сүйген жарың,
Бала — шағаң аман боп,
Бүтіндесін асылды.
Ниетіңе біз тойдық.
Рахмет шәйіңе,
Риза еткен бір қойлық!
Әумин!
Бай қылсын.
Бақ қарасын!
Қыдыр дарысын!
Аруақ жебесін!
Береке берсін!
Құдай берсін,
Кем қылмасын!
Отбасы аман болсын,
Денсаулық берсін!
Кетпес дәулет,
Кең пейіл берсін!
Ардақты үй иесі,
Әуелі бердің шай,
Көңілің болсын жай!
Екінші бердің ет,
Таппасын көңілің ешбір дерт!
Үшінші бердің сорпа,
Болмасын бағың орта!
Дастарханың бай болсын,
Қазан — аяққа май толсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып ұяға,
Қызың қонсын қияға.
Келінің «бибі» атансын,
Ұлың болсын «би аға»!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың.
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қыдыр жалғасын!
Дастарханнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Үйдің әрбір бөлмесін,
Мол қуаныш кернесін.
Ұл мен қызың ер жетіп,
Білімге құлаш сермесін.
Туған — туыс, жекжатың,
Жаманшылық көрмесін.
Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа.
Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.
Жақсылыққа жақ болып,
Ас қосылсын асыңа.
Бас қосылсын басыңа,
Жас қосылсын жасыңа!
Денсаулығың зор болсын,
Дастарханың мол болсын.
Қайда барсаң алдыңда,
Жарқыраған жол болсын.
Армандарың алдыңнан,
Саған шығып қол берсін.
Дұшпаның саған құл болсын,
Үйің толған ұл болсын!
Мыңға жетсін қойыңыз!
Мыңға жетсе қойыңыз:
Сараңдықты қойыңыз
Күнде берсе сойыңыз!
Ойыңыздан кетпесін
Мереке мен тойыңыз!
Малда болсын көзіңіз,
Аллада болсын ойыңыз,
Өзінің берген дәулетін
Өз жолына жойыңыз!
Ұзақ етсін жасыңды,
Берекелі берік қылсын
Малың менен басыңды!
Таңда — Мақшар күнінде
Шарап етіп қайтарсын
Бізге берген асыңды!
Өзің жүзге келгенде,
Тоқсанға жетсін алғаның!,
Кемпір — шал болып қалғаның,
Шайых — паны болғаның.
Сол жастарға келгенде,
Құман болсын қолыңда,
Он бес ұл мен он бес қыз
Еріп жүрсін соңында!
Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз!
Әлдеріңнен келгенше,
Жығылғанды көтеріп,
Сүйенгенді сүйеңіз!
Тарығып келген адамға
Бермесек, отқа көнеміз!
Бергенді тым — ақ сүйеміз.
Жомарттық қылық қолдансаң,
Әрбір жерде жар болсын
Бір жасаған — Иеміз!
Таңда мақшар күніңде
Пырақ болсын мінгенің,
Хәллә болсын кигенің,
Қорлар болсын сүйгенің.
Сол уақытта білерсің
Бұл күнде берген асыңның
Пайдасының тигенін.
Бала менен бақ берсін,
Мұның бәрін сіздерге,
Баянды етіп хақ берсін!
Торығып түзде жүрсеңіз
Қыдыр — ата тап келсін,
Алла болсын панаңыз!
Қатар өссін, шырағым,
Малың менен балаңыз!
Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін,
Ұлыстың ұлы күнінде!
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын!
Қозыға толсын көгенің,
Тұлпар болсын құлының.
Сүтті болсын құдығың,
Өрісті болсын жайлауың,
Ырысты болсын қыстауың!
Арыстандай болсын қайратың,
Аюдай болсын айбатың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!
Бізге тартқан басыңыз,
Дәмді екен асыңыз.
Ұрпақты боп өзгеше,
Сыйлы болсын басыңыз.
Құйған қызыл шәйіңіз,
Балдай тәтті майыңыз,
Еселі боп еңбегің,
Жылдан жылға байыңыз
Бақ келіп қонсын басыңа,
Көңілің көлдей шалқысын.
Пейіліңе тойған қонағың,
Ішпей — жемей балқысын.
Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той — мереке берсін!
Басымыз аман болсын – Тыныштық заман болсын!
Абыройымыз арта берсін,
Дастарханға мәңгі таусылмайтын
Қазы менен қарта берсін!
Құдай берсін, кем қылмасын,
Кетпес дәулет, кең пейіл берсін.
Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той — мереке берсін!
Көш көлікті болсын,
Дос серікті болсын,
Жан ерікті болсын,
Жар көрікті болсын,
Жер құнарлы болсын,
Жас елеулі болсын,
Қыз шырайлы болсын,
Тау өрісті болсын,
Бау жемісті болсын,
Жыл табысты болсын!
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!
Дастарханың бай болсын,
Қазан — ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құлындаған тай болсын!
Ұлың ұяға қонсын
Қызың бақытты болсын!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал — басың.
Қыдыр болсын жолдасың.
Досыңнан көңілің қалмасын.
Жағаңнан дұшпан алмасын.
Қастық қылған оңбасын,
Әруақтар қолдасын!
Дастархан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін! Әумин!
Пышағың малдан кетпесін,
Қазаның оттан түспесін.
Маңдайға біткен ырысың
Босағадан кетпесін.
Рахмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болсын басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Дастарханыңнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін.
Әумин.
Ауылыңның қонғаны
Жылға-жылға сай болсын.
Ұл баланың мінгені
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Атаның көңілі жай болсын!
Қара ешкінің мүйізі
Ербегей де сербегей.
Саған келген пәлекет
Өзен суды өрлегей!
Менің атым – Сарыбай,
Сақалыма сары май.
Татам мезгіл болғанда,
Төсегіңнің басынан,
Жастығыңның астынан,
Бақ-дәулет келіп дарығай!
бата беру бата тілектер қазақша тілек баталар бата жаттау бата беру
Қазақтың бата — тілек өсиетері
Халық бата — тілегі
Уа, Жаратқан, жарылқа,
Бақ — дәулетін аумас қыл!
Жарылқағанмен жалғас қыл,
Ала ауызды алыс қыл,
Қорғаннан қалыс қыл!
Ниеттері ақ болсын,
Бейнеттері пәк болысын,
Мұраттарын асыл қыл!
Қолқасын шаң қаппасын
Жүрген жерін жасыл қыл!
Далақтатар даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта!
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта!
Дауылдың кәрінен сақта,
Жыланның зәрінен сақта!
Аяқ астынан кезігер –
Бәле — жаланың бәрінен сақта!
Алтыннан болсын жағаң,
Күмістен болсын тағаң.
Тасқа тары өнгенше,
Таршылық көрмеңдер!
Мұзға бидай өнгенше,
Мұңшылық көрмеңдер!
Жүздерің жайнап,
Келісті болыңдар!
Толған айдай
Өрісті болыңдар!
Қатарларыңнан озыңдар,
Қоздаған шоқтай қозыңдар!
Ең алдымен,
Берекешіл болыңдар!
Көпке бірдей
Елшіл болыңдар!
Көкорайдай желкілдеп,
Желпілдеп тұрыңдар!
Сексенге келіп,
Селкілдеп тұрыңдар!
Сұрасаң, бата берейін
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай, құлынды байласаң,
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп,
Сабақ толсын қымызға,
Шараң толсын уызға!
Өрісіңе мал толсын,
Ақ тілеуің жар болсын!
Өрендерің ер болсын,
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмай сағыңды,
Бетін басып жер болсын!
Қара ниет жауларың,
Ит пен құсқа жем болсын!
Балалардың сәні өссін!
Толған айдай бағы артсын,
Абырой тағы өссін!
Толған айдай бағы артсын,
Абырой тағы өссін!
Қорған болса халқына,
Ел сүйсінсін даңқына!
Талдырмай білегіңді,
Саздырмай жүрегіңді,
Қалаған тілеуіңді –
Қасыңдағы елден берсін,
Басып жүрген жерден берсін!
Ағайының қолдай берсін,
Дос — жараның қорғай берсін!
Көліңде балық қайраңдасын,
Ел — жұртың жараңдасын!
Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер.
Жомарттың қолын бер,
Жортқыштың жолын бер!
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер.
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жарығын бер.
Асқар таудың паңдығын бер.
Бұлбұлдың құстың таңғы үнін бер.
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер.
Теңіздің тереңдігін бер,
Қыранның көрегендігін бер.
Ердің көңілін бер,
Бүркіттің өлімін бер!
Лашынның жүрегін бер,
Нағыз достың тілегін бер!
Мәңгі — бақи ажырамас
Шын ғашықтың білегін бер!
Күнің шуақты болсын,
Келін, суатты болсын!
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті,
Еңбегің келісті болсын!
Жұлдызың ағаңда болсын,
Құндызың жағаңда болсын!
Жарың жібектей болсын,
Арың түлектей болсын!
Өнерің өрлей берсін,
Өмірің төрлей берсін!
Қайда жүрсең қанатты бол!
Сейфолла Оспанов
Тұнып жатсын төңірегің,
Төрт түлікпен дүбірлі боп,
Думандасын аспан — көгің
Үбірлі боп, шүбірлі боп,
Лебіздерің қабыл болып,
Қайда жүрсең қанатты бол.
Бар айналаң жанға толып,
Қағылезді қарақты бол.
Қонақтарың арылмасын,
Ақ ниеттер жаңылмасын.
Қара ниет қағынбасын,
Ғайбат сөздер таңылмасын.
Көкірегің күрмелмесін,
Жан жолдасың түрленбесін.
Сөзің қисық үрленбесін,
Сезім отың сүрленбесін.
Ақылды бол, нақылды бол,
Елің сыйлар татымды бол.
Әрқашанда жағымды бол,
Жаңылыстырар жауыңды мол.
Бармаймын енді әріге
Дұшпаныңның жолы тарылсын.
Осы айтқанымның бәрі де
Періштенің құлағына шалынсын!
Әумин!
Әрқашанда
Несібең арылмай,
Қазаның қаспақты болсын.
Жыл сайын жаңылмай
Сиырың баспақты болсын.
Қолыңдағы берекең –
Қой — ешкің егізден тусын!
Бақ қонып ересен,
Таршылықты
Молшылық жусын!
Түйелерің бошалап,
Жылқыларыңның
Жал — құйрығы сүзілсін.
Аңыз етіп осы алап,
Дұшпаныңның
Көк желкесі үзілсін!
Қысқасы,
Өңірің малға толсын,
Дастарқаның нанға толсын.
Таси берсін байлық,
Жиналып жатсын айлық!
Әумин!
Сақтық бата
Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап — сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Қол жайып тілегін пендеңді,
Пәле — жаланың бәрінен сақта.
Әумин!
Далақтаған даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта.
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта
Дауылдың кәрінен сақта
Жыланның зәрінен сақта
Аяқ астынан кезігер –
Бәле — жаланың бәрінен сақта!
Әумин!
Уа, жаратқан ием,
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Ынтымақсыз алауыз,
Қырқыстан сақта.
Әрі тарт, бері тарт,
Жұлқыстан сақта.
Төрінді билер жатыңнан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Руға бөлінген наданнан сақта,
Жақсылығы өзінен
арылмас адамнан сақта.
Қара жүрек есерден сақта,
Нанды аттаған кесірден сақта.
Кеуде көрген көргенсіз келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Татымсыз тұзыңнан сақта,
Көргенсіз қызыңнан сақта.
Бетіңе күлген сұмнан сақта,
Бетімен кеткен жыннан сақта.
Жалғасқан бәледен сақта,
Бас кетер жаладан сақта.
Қайырсыз малдан сақта,
Қазымыр шалдан сақта.
Адасқан елден сақта,
Ез болған ерден сақта,
Төтенше нәубеттен сақта,
Міндетшіл жекжаттан сақта!
Әумин!
Жастарға бата
Жарылқа, Тәңір, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Бере гөр, мына жастарға
Ізет — абырой, бақ — дәулет.
Береке орнап бақ қонсын,
Баянды боп нақ қонсын.
Талап қылса әрнеге,
Тек жақсылык, тап болсын.
Жастығы өтсін гүлдей боп,
Төрт құбыласы бірдей боп.
Бере көрме оларға,
Жан төзгісіз бір бейнет.
Жолдары болсын әманда,
Пайдасы тисін қоғамға.
Тәңірім өзі қолдаса,
Бақ қонады адамға!
Әумин!
Берекең ешбір қашпасын,
Беліңді ешкім баспасын,
Адал болып алғаның,
Арыңды күлдей шашпасын.
Бақыт болса бастасын,
Мейманың, сірә, таспасын,
Тірлікте түзу жол тапсаң,
Тәңірім берер басқасын!
Әумин!
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмасын сағынды,
Дұшпандарың жер болсын.
Жортқанда жолың болсын.
Жолдасың Қыдыр болсын
Отбасың басқа толсын,
Қазаның асқа толсын,
Өрісің малға толсын,
Басыңа бақыт қонсын.
Ел — жұртың аман болсын,
Бақытты заман болсын,
Үйіңе береке кіре берсін,
Бала — шағаң, туыстарың
Бақытты өмір сүре берсін!
Әумин!
Тілек сізден болсын,
Ықылас, ниет бізден болсын.
Жақсы — жаманды көріп бақ.
Бар мен жоққа көніп бақ.
Ащы — тұщыны татып көр,
Тайыз — тереңді батып көр!
Ел басына түскен сынды,
Түз кешіп, түн қатып көр.
Жиында топқа түскенде,
Жүйрігің баптаулы болсын,
Жортуыл, жорық жолықса,
Найзаң саптаулы болсын.
Нөкерің сақтаулы болсын.
Аман сақтап,
Абырой берсін!
Жорытқанда жолың болсын!
Әумин!
Мен батамды берейін,
Тілегімді төгейін.
Алладан тілеп жақсылық,
Бүлкілдесін көмейім.
Дастарқаның тарылмасын,
Құт — береке арылмасын.
Жарқылдап жүр жұрт алдында,
Аяғыңтасқа шалынбасын.
Бала — шағаң аман болсын,
Тыныш заман болсын.
Әрбір адымың,
Сәтті қадам болсын!
Әумин!
Еліңнің қамын ойла деп,
Жеріңді жаудан қорға деп,
Ғұмырың ұзақ болсын деп,
Жуадай жауың солсын деп,
Әкең берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата.
Қызығың сенің алда деп,
Қатарыңнан қалма деп,
Бетінен жанның алма деп,
Жаныңа жара салма деп,
Анаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.
Құйрық — бауыр жегізген,
Мың жылдық құда дегізген,
Астыңа жорға мінгізген,
Үстіңе шапан кигізген,
Құдаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.
Қонақсыз үйің құрысын,
Үйіңе өзің ұрысың,
Қырықтың бірі Қыдырың,
Бақ дәулетің ырысың,
Қонақ берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.
Әумин!
Ер — азаматқа бата
Жазықсыз жаладан сақтасын,
Арқаңа ауыр жүк батпасын.
Сөйлесең шешуші сәттерде,
Сөзіңе ағайын тоқтасын.
Еңбегің еленсін әрдайым,
Арайлап жайнап бер таңдайын.
Ер болып туған соң анадан,
Ойлай жүр халықтың жағдайын.
Қиын бір сәттерде жасыма,
Бар болсаң мақтанып тасыма.
Үрей боп көрініп қасыңа,
Шуақ боп төгілгін досыңа.
Анаңды аялап ардақта,
Атаңды құрметтеп салмақта.
Адал бол, әйтеуір түзу жүр,
Жағымсыз жағдаймен жан бақпа!
Әумин!
Жиі қойылатын сұрақтар
Бата деген не?
Бата — үлкен кісінің немесе ақсақалдың жақсы ниетін білдіріп, Алладан игілік тілеп айтатын өлең не қара сөз түріндегі тілегі. Қазақта бата беру — сый мен құрметтің ең жоғары көрінісі саналады.
Батаны кім береді?
Дәстүр бойынша батаны отырғандардың ішіндегі ең үлкені, беделдісі немесе арнайы шақырылған ақсақал береді. Той иесі батаны кімнен сұрайтынын алдын ала келісіп қояды.
Батаны қалай қабылдау керек?
Бата беріліп жатқанда екі алақанды жайып, үнсіз тыңдайды. Бата соңында «Әумин!» деп, екі қолмен бетті сипайды.
Ақ бата мен теріс батаның айырмашылығы неде?
Ақ бата — жақсылық, ырыс, ұзақ ғұмыр тілейтін ізгі тілек. Теріс бата — ренжіген адамның қарғысы. Қазақ дәстүрінде теріс батадан қатты сақтанған.
Ұқсас бөлімдер
- Той батасы: үйлену және ұзату тойына арналған бата-тілектер
- Туған күнге тілектер: 18, 25, 40, 50, 70 жасқа арналған бата-тілек
- Дастархан батасы: ас батасы, оның мәтіні және айтылу реті
- Діни баталар: айт, құрбан айт және дұға түріндегі баталар
- Балаға бата: шілдехана, сүндет тойы, ұл мен қызға арналған тілектер
- Атақты адамдардың баталары: жырау, би, батыр және ақындар батасы
- Наурызға арналған бата-тілектер және мерекелік құттықтаулар
- 8 наурызға арналған құттықтаулар мен тілектер
- Жаңа жылға арналған құттықтаулар мен тілектер
- Мектеп бітірушілер мен Білім күніне арналған тілектер
- Мерекелік құттықтаулар: Астана күні, әріптестерге және 1 маусымға тілек
- Жолаушыға, көшке және мал-жанға берілетін бата


