Мемлекеттік және кәсіби мерекелерде айтылатын құттықтаудың өз үлгісі бар: ол қысқа, нақты әрі ресми реңкте болғаны жөн.

Бұл бөлімде Астана күніне, 1 маусым — Балаларды қорғау күніне және әріптес-қызметтестерге арналған құттықтаулар мен тілектер жинақталған.

Астана күніне құттықтаулар

Тамаша мерекелердің бірі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны
жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.

Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының
басты байлығы, олар күнбе — күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың
қалыптасуына орасан зор үлес қосуда.

Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор
денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз.

Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі әрбір астаналықтың жүрегіне
қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған
жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.

Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып,
көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес,
соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен
сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Сайын
Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған әз Астанамыз жылдар келе, алып
Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы
ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі
боларына сенімдіміз.

Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған
мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына
мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Астана — болашағы жарқын қала.

Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі
гүлдене берсін!

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың әлеуметтік — экономикалық
өсіп — өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге,
азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен
келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті
еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт — береке тілеймін.

Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!

«XXI ғасырдың табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі
аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз. Бұл
таңдау астарында еліміздің қазіргі басшылығының айқындамасы ғана тұрған
жоқ. Бұл таңдауда Тәукенің көрегендігі мен Абылайдың ұлылығы, есімдері
аңызға айналған билердің даналығы мен 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық
қадір — қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас
жүректердің қаһармандығы тоғысып жатыр. Бұл таңдауда өз тағдырының
қожасы болу құқығы үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ерік
— жігері бар. Осы таңдауға дәйім лайық болайық»

Нұрсұлтан Назарбаев
Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің
тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын
байқағандайсың. Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой
түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл
баурайды. Сондықтан, оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен
үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде.

Қазірдің өзінде көптеген саяси және экономикалық маңызды оқиғалардың
орталығына айналып отырған оның ертеңгі болашағының да зор болары
күмәнсіз.

Астана.

Бұл сөзге қазақ түгіл, төрт — күл әлемнің еті үйренгендей.

Астана сөзі тілге оралғанда шаһар ретінде жаңа — жаңа бойын тіктеп,
еңсе көтеріп келе жатқан Елордасы көз алдымызға келе қалады.

Ол – жай қала ғана емес. Елорда. Кеше ғана Тәуелсіздігін алып, буыны
енді қатайып келе жатқан Қазақ мемлекетінің астанасы.

Астана қазіргі күні көздің жауын алады. Қарап тұрып сүйсінесің. сүйсініп
тұрып, шүкіршілік етесің.

Астана – бұл қазақтың, мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей,
Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл
тұла бойды кернейді.

Астана дүниежүзіне мәлім. Мұнда әлемнің талай мемлекеттерінің серкелері
бас қосып, пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылдап жүр.

Астана – ел мақтанышы. Мұнда қызмет ету де, білім алу да – бақыт.

Астана – жаңа қала, жаңа шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып,
көркейе беретіндігіне сенім.

Бүгінгі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келісіп, бірлігі мен
ынтымағы жарасып, көкке самғаған зәулім биік ғимараттары бар, Есілге
қонған аққудай, бұл әлемде ең жас Астанадай көркем қала бар ма? Бұл –
жеңістің кілтін достықпен тапқан нартәуекелдің қаласы. Арманы асқақ,
асуы биік жандардың салған қаласы. Елінің бір күндігін емес, халқының
100 ғасырлық бірлігін ойлап, Елбасының салған қаласы. Еуразия кіндігіне
орналасқан алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар
жаңа Астана бүгінде әлемдік саясатта ықпал жасайтын, Қазақстан жайында
түсінік қалыптастыратын, қазіргі заманның ең ірі геосаяси жобаларының
бірі.

Халықаралық дәрежедегі спорттық ойындар мен әлемдік ауқымдағы басқосулар
өтетін, сәні мен салтанаты келіскен, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ХХІ
ғасырдың көркем сәулетті қаласы – Астана арман емес, ақиқатқа айналған,
қиял емес, азғана уақыт аралығында қолымыз жеткен шынайы тарихи
жетістік. Кең болсын Қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған Құтты болсын, Астана мерекесі.

Әріптес — қызметтестерге құттықтау, тілек

Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!

Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Медальмен, орденменен еленіңіз!

Туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан
ізгі тілегімді жолдаймын!

Кең байтақ еліміздің жүрегі – Астанада көп жылдан бері................

саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп
жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіз.

Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен
адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат
ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік
шыңдарға жете беруіңізді тілеймін.

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Кемелді келешекке қарышты қадам басқан Отанымыздың бас қаласы –
Астананың жоғары талаптары әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттер
жүктейді.

Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласы
– /саланың атауы/
дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген
Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады.

Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары
біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.

Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі — ниет, ақ тілектерімді
қабыл алғайсыз.

Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар,
отбасыңызға ортаймас бақ — ырыс тілеймін!

Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз — туған күніңіз құтты болсын!

Көлік қызметкерлері қашанда халыққа барынша сапалы, жоғары деңгейдегі
қызмет көрсетуді мақсат ететіні анық.

Бұл салада Сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен, адал
еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз.

Сізге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімді білдіре отырып, бақытты да
баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр — қайрат,
талмас талап — жігер тілеймін.

Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары, отбасыңыз берекелі болсын!

Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру
ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз.

Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір,
жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін. Көңіліңіз шаттық пен
қуанышқа, жанұяңыз бақ пен берекеге толсын.

............. жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай
отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!

Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды
істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр —
сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой
— беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып
сыйлайды.

Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын
деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет — ырыстың Сыр
суындай сарқылмасын, табыс — тартулардың тау суындай таусылмасын
тілейміз.

Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос —
жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!

Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен
мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.

Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық — қуанышыңыз мол болсын!

Бүгінде Сіз көлік саласының тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары, беделі
зор мамандарының бірісіз.

Сапалы қызметіңіз бен ұтымды істеріңіз, аса қарапайым мінезіңіз бен
байыптылығыңыз,
азаматтық бітім — болмысыңыз да үлгі тұтарлық.

Сізге жүрер жолыңыздың ұзақ, асар асуларыңыздың биік, көрер
қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әріптестеріңіздің
ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз!

Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді
маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт
тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы —
мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке — бірлік,
басыңыздан бақ — дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете
беруіңізге тілектеспіз!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, кіршіксіз көңілден
шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз!

Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана,
асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні
ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз.

Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым
нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық
ұялап, босағаңыздан қызық — қуаныш арылмасын!

Туған күніңізге орай әріптестеріңіздің ақ көңілінен шыққан құттықтаулары
мен жылы лебіз — тілектерін қабыл алыңыз.

Жас та болсаңыз, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда білікті де білгір
маман ретінде танылып үлгердіңіз.

Осы айтулы сәтте Сізге келешекте мамандығыңыздың үздік шебері атанып,
алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.

Өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос — жолдастарыңа қадірле де сыйлы
боп тек биіктерден көріне бер!

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!

Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой — беделіңіз!

Тізгіні өзіңізге сеніп тапсырылған.......................... бөлімінің
жұмысын сапалы да ұтымды жүргізу ісіндегі еңбегіңізді аса жоғары
бағалаймыз.

Салаңыздың білгірісіз – санаңыз ілгері болсын, еңбектің озатысыз –
ойыңыз озық болсын деп тілейміз.

Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер,
болашағынан үлкен үміт күттіретін білімді де білікті жас маман ретінде
танимыз.

Қызыққа құштар, сұлулыққа іңкәр жастық шақтың жалауын жықпай, жылуын
мәңгі жоғалтпай,
ақ махаббат пен таза достықтың адалдығына сүйеніп, еңбектің жемісі мен
жеңісіне кенеліп,
мақсат — мұратыңызға мүдірмей, армандарыңызға адаспай жетуіңізді
тілейміз.

Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз
болсын!

Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым
мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайтынын
білдіргіміз келеді.

Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар
қызмет етуді жазсын.

Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да
парасатты мінезіңізбен үлкен абырой — беделге ие болған ұжымымыздың
тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! Әрдайым
еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп
тілейміз.

Сіз талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше
беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы
ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз.

Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына,
ел — қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.

1 маусым — Балаларды қорғау күніне құттықтау

1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан,
бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі
тілейміз.
Сендерді 1 маусым «Балаларды қорғау» күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта
аспандарын ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына
тілектеспіз!
Құрметті балалар, достар, ата — аналар! Сіздерді бүгінгі 1 — маусым
балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман
болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз
жемісті болсын!
Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас
буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз
бен балаларымыз! Сондықтан тағы да мереке құтты болсын!
1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын,
денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына
жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана күніне қандай құттықтау жарайды?

Астана күнінде елорданың өркендеуі, ел бірлігі және мемлекеттің тұрақтылығы тіленеді.

1 маусымда балаларға не тілейді?

Балаларға бақытты балалық шақ, денсаулық, білім және ата-ана мейірімі тіленеді.

Ресми құттықтау қандай болуы керек?

Ресми құттықтау қысқа (3–5 сөйлем), нақты мерекеге қатысты және артық эмоциясыз жазылады.

Ұқсас бөлімдер