Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Білімді тиянақтау (математика)
Семей қаласы, «№23 ЖОББМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Суйеукенова Шолпан Шакеновна

Тақырыбы: Білімді тиянақтау. (математика)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың міндеттері:
1. Есеп шығару барысында ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін тапсырмалар орындата отырып дамыту.
2. Топпен жұмыс істей білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекіліктер: Иллюс - құралдар, ұжымдық карточкалар, кестелер.

Сабақтың барысы: Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:
Сабағымыз басталды,
Қосамыз да аламыз,
Көбейтеміз, бөлеміз
Математиканы білеміз,
Сондықтан да сүйеміз.
Балалар, сендер қандай оқушыларсыңдар?
- Мен жақсы оқушымен, өйткені сабақты жақсы оқимын.
- Мен жақсы оқушымын, өйткені мұғалімді тыңдаймын, және т. б.
- Балалар, айтыңдаршы дүниедегі ең қымбат адамдар кімдер? (әке, ана, ата, іні, т. б.)
- Бәрін бір сөзбен айтқанда не дейміз? (Жанұя)
- Дұрыс, ендеше бүгінгі сабағымызды жанұя топтарына бөліп өткізелік. Балалар 3 жанұялық топтарға бөлініп өздеріне үйлерді таңдап алады.
1 - үй: «Қызыл шатыр»
2 - үй: «Жасыл шатыр»
3 - үй: «Сары шатыр».

II. Алған білімдерін диагностикасы.
Тыңдаңдар, қыздар!
Тыңдаңдар, ұлдар!
Қолдарыңды созыңдар!
Алақанды ашыңдар!
Қайсымыз «бес» алудан қашпаймыз?

Ендеше ауызша есеп бастаймыз.
I жанұя: 270: 3+2=
1200: 4+20=
9*9 - 1=
1000*1+4000=
200*2 - 100=
90: 3+300=

II жанұя: 450: 5+10=
3600: 6+30=
5*5 - 2=
150: 5+1=
2000*2+600=
2000*2+300=
III жанұя: 180: 2+10=
3500: 7+100=
4*4 - 5=
60: 3+40=
500*2 - 200=
900*1 - 900=

III. Оқушылардың танымдық іс - әрекеттеріне ұйымдастыру.
Жұмбақ жасыру
Жиын - терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман қайнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз)
- Ия, күз. Күз кезінде әрбір жанұя қысқа қызу дайындықта. Біз де бүгін сабағымызда мая үйіп, отын кесіп, жеміс - жидектер теріп еңбек етейік. «Күздің бір күні, бір айын асырайды.» - деп бекер айтылмаса керек.
- Ендеше үйдегі малымыздың қамын ойлап, шөп жинайық. Тақтаға «Мая ұю» сөзін ілінеді.

Оқулықпен жұмыс есеп №7.
1 - жанұядағы балалар есептің берілгенін оқиды және есепте не белгілі, не белгісіз анықтайды.
2 - жанұя есептің шартын түсіндіре отырып, тақтаға жазады.

Келесі кезең «Жеміс жинау» кезеңі.
Тақтаға «жеміс жинау» жазуы ілінеді.
Тақтамен жұмыс. №3.
12 сағ=... мин
1 ғасыр 25 жыл =... жыл
12 сағ 15 мин =... мин
63 дм 54 см =... см
91 м 102 см =... см
18 км 560 м =... м
Әр дұрыс шығарылған есеп бойынша жинаған жемістерін жәшікке салады. Тақтаға «Отын кесу» жазуы ілінеді.
№4. Өзіндік жұмыс.
Сергіту сәті. «Қарға жорға» биі.

IV. Алған білімдерін бекіту.
Тақтаға «Қонаққа барайық» жазуы ілінеді. «Ия, жоқ» ойыны жүргізу.
1 - үй «Қызыл шатырлы»
1) Бір жылда 12 ай бар (ия)
2) Қазақстанның астанасы – Алматы қаласы (жоқ)
3) 1 метрде 100 см (ия)
4) 480: 6=80 (ия)

2 - үй: Жасыл шатырлы.
1) Бір айда 40 күн бар (жоқ)
2) 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні (ия)
3) 540: 9=60 (ия)
4) 1 сағатта 60 минут бар (ия)

3 - үй «Сары шатырлы»
1) 1 ғасырда 100 жыл (ия)
2) 8 наурыз – Жеңіс күні (жоқ)
3) 90: 10=9 (ия)
4) 1 кг = 100 гр (жоқ)
Тапсырманы дұрыс орындағандарға сыйлық беріледі.

V. Қорытынды.
Әр «Жанұя» топтарының жинаған жемістері, алған сыйлықтары, кескен отындары деңгейлік тапсырманы қалай орындалғандары бойынша қорытындылады.

Үйге тапсырма
«Ырыс алды – ынтымақ» дегендей, береке - бірліктің арқасында біз бүгін бір жанұяның баласындай еңбек еттік.
Ендеше: Ризамыз өмірге,
Ризамыз, ризамыз бүгінге
Ризамыз, ризамыз ертеңге,
Ризамыз, ризамыз бәріне.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама