Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
"Жыныс мүшесін көрсетті": Блогер Дархан Жолшыбековтің әйеліне қатысты жан түршігерлік жайт ашылды

Блогер Жұлдыз Жауынбаева журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында танымал блогер Дархан Жолшыбековтің әйелі, әнші Daricorn (Дәриға) туралы айтылмаған сырларды ашып салды. Жауынбаеваның айтуынша, Жолшыбеков оған әйелімен араласуға тыйым салған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің әйеліне қатысты айтылған сөздер

Жұлдыз Жауынбаеваның сөзінше, Дархан Жолшыбековтің әйелі Дәриға оның құрбысы болған. Алайда, кейіннен Дарханның өзі Дәриғаға Жұлдызбен араласуға болмайтынын айтқан. Бұл жайт Жұлдызды қатты таңғалдырған.

«Daricorn менің құрбым. Бір отырыста амандассам, маған сенімен араласуға болмайды, күйеуім Дархан қарсы, деді. Құрбым Дәридан мұндайды күтпеген едім, жаман болып қалдым», - дейді Жауынбаева.

Блогердің бұрынғы әрекеттері

Жұлдыз Жауынбаева Дархан Жолшыбековтің өзіне қатысты бұрынғы әрекеттері туралы да айтып берді. Оның айтуынша, Дархан оқуда жүрген кезінде түн ішінде оған хабарласып, жыныс мүшесін көрсетіп, өзіне деген сезімін білдірген.

«Алкогольдің әсері деп үндемей жүрсем, әйелін менімен араластырмайды екен ғой ол. Дәриғаға сұхбат беретінімді айтқанмын. Сол кезде Дархан туралы айта бер, оны барлығы біледі деген. Шындық осы», - деп аяқтады сөзін блогер.

Айта кетейік, Дархан Жолшыбеков үйленген, әйелі де Daricorn лақап атымен танымал блогер әрі әнші.

Жаңалықтар

Жарнама