Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 40 минут бұрын)
"О дүниенің бар екенін көрсетемін саған": Бағдагүл емші Динара Сәтжанды аямайтынын айтты

Тележүргізуші Динара Сәтжан мен Бағдагүл сынықшы арасындағы кикілжің шиеленісе түсті. Бағдагүл сынықшы Динара Сәтжанға қатысты өзінің ашулы пікірін видео арқылы жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бағдагүл емшінің ашулы үндеуі

Видеода Бағдагүл сынықшы Динара Сәтжанның сөздеріне қатты ашуланғанын байқауға болады. Ол тележүргізушіні «деловая колбаска» деп атап, өзін ауруға теңегені үшін жауап беретінін мәлімдеді.

«Мен саған көрсетемін. Айтып тұрған сөзіңді қара, менің кім екенімді білмей жүр екенсің. Өздеріңнің тілдеріңде деловая колбаскасың ғой сен. Мені ауруға теңейтін сен кімсің? Осы сөзіме жауап беремін, соңына дейін барамын. Ақ пен қараның айқасын көрсетейін саған. Қазақ қыздарының намысын қорғауды керек болса, өз қолыма алатын боламын. Саған ешкімді жем қылмаймын. Сендердің сөздеріңді сөйлеп жатқан өздерің сияқты жеңіл жүрісті әйелдер. Намысы жоқ! Көрсетейін мен сендерге. Мен тиіссем, Қазақстанды бұзатын адамдарға тиісемін. Сендер сияқты тойынған қатын емеспін. Намысым өз орнында. Айтатынымды айттым. Мені ауруға теңегенің үшін жауап бересің, Динара Сәтжан! Мен енді сені аямаймын. Екі дүниенің бар екенін көрсетемін. Шайтандар, жын-ойнақтар жүрген. Жатқан жыланның құйрығын баспа», - деді Бағдагүл сынықшы.

Бұған дейінгі жағдай

Айта кетейік, бұған дейін Бағдагүл сынықшы Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан туралы пікір білдіріп, олардың Қазақстанды ұстап тұрған екі әйел екенін айтқан болатын.

Жаңалықтар

Жарнама