Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Астанада бірқатар көшелер жабылып, әскери ұшақтар ұшады

Астанада 25-29 мамыр аралығында Ресей президентінің мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы өтетіндіктен, қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылады. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.

Бұл шараларға арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердің ресурстарын, соның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану кіреді. Сондай-ақ, осы күндері Қорғаныс министрлігінің майдандық ұшақтарының Астана үстінен ұшуы жоспарланған.

«Ел астанасының тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.

Маңызды халықаралық кездесулер

Бұған дейін хабарланғандай, 27-29 мамыр аралығында Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Сапар барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастарын нығайтудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болады.

Жаңалықтар

Жарнама